Мұсаның 5-жазбасы 22:1—30

  • Өзгенің малына қамқор болу (1—4)

  • Қарсы жынысты адамның киімін кимеу (5)

  • Аң-құсқа қамқорлық (6, 7)

  • Үй төбесіне қоршау жасау (8)

  • Араластыруға болмайтындар (9—11)

  • Жамылғыға шашақ жасау (12)

  • Азғындыққа және зорлауға қатысты заңдар (13—30)

22  Егер қайсыбірің бауырыңның адасып жүрген бұқасын не қойын көріп қалсаң, көрмегенсіп өтіп кетпе+. Малды міндетті түрде иесіне апарып бер.  Егер малдың иесі алыста тұратын болса не оның кім екенін білмесең, малды үйіңе алып бар. Бауырың оны іздеп келгенше, малды үйіңде ұста. Сосын оны иесіне қайтаруың керек+.  Бауырыңның есегін, киімін не жоғалған басқа да нәрсесін тауып алсаң, осылай істейтін бол. Бұған немкетті қарама.  Егер бауырыңның есегі не бұқасы жол бойында құлап жатқанын көрсең, көрмегенсіп жанынан өтіп кетпе. Оған малын тұрғызуға міндетті түрде көмектес+.  Әйел адам еркектің киімін, ал ер адам әйелдің киімін кимесін, себебі осылай істейтін әркім Ехоба Құдайларыңа жеркенішті.  Егер жолшыбай бір құстың ағаштағы не жердегі ұясына тап болып, балапандарының қасында отырған не жұмыртқа басып отырған құсты көрсең, онда анасын балапандарымен қоса алма+.  Анасын міндетті түрде босатып жібер, ал балапандарын алуға болады. Осылай етсең, игілік көріп, ұзақ ғұмыр кешесің.  Егер жаңа үй соқсаң, онда үйдің төбесіне* қоршау жаса+. Әйтпесе үйіңнің төбесінен әлдебіреу құлап кетіп, оның қаны үй ішіңе жүктеледі.  Жүзімдігіңе басқа тұқым екпе+. Әйтпесе еккен тұқымыңның да, жүзімдігіңнің де барлық өнімі қасиетті орынға беріледі. 10  Бұқа мен есекті бірге жегіп, жер жыртпа+. 11  Жүн мен зығырды араластырып тоқыған матадан киім киме+. 12  Жамылғыңның төрт бұрышына шашақ жасап қой+. 13  Егер біреу әйел алып, жақындасқаннан кейін, оны жек көріп қалса*, 14  сөйтіп, әйелін жеңіл жүріске барды деп айыптап: “Мен мына әйелге үйленіп, жақындасқаннан кейін, пәк еместігін білдім”,— деп жаманатты етсе, 15  онда ата-анасы қыздарының пәктігінің дәлелін алып, қала қақпасының алдында отырған ақсақалдарға барсын. 16  Сосын қыздың әкесі ақсақалдарға: “Мына кісіге қызымды әйелдікке беріп едім, ол оны жақтырмай қалыпты. 17  Ал енді ол: —Қызыңыз пәктігінен айырылған екен,— деп оны айыптап отыр. Міне — қызымның пәктігінің белгісі”,— десін де, төсенішті жайып, қала ақсақалдарына көрсетсін. 18  Сонда қала ақсақалдары+ әлгі кісіні жазаласын+. 19  Оған қыздың әкесіне 100 күміс шекел* айыппұл төлетсін. Өйткені ол Исраилдің пәк қызын қаралады+. Ал қыз оның әйелі болып қала береді, күйеуінің өмір бойы онымен ажырасуына болмайды. 20  Ал егер әлгі адамның таққан айыбы расталып, қыздың пәктігіне дәлел болмаса, 21  қызды әкесінің үйінің алдына әкеліп, қаланың еркектері тас атқылап өлтірсін. Өйткені ол әкесінің үйінде жүргенде+, азғындыққа* барып, Исраил елінде масқара қылық+ жасады. Осылай араларыңнан зұлымдықты аластатыңдар+. 22  Егер әлдебіреу өзгенің әйелімен жатқан жерінде ұсталса, екеуі де — әйелмен жатқан еркек те, әйелдің өзі де — өлтірілсін+. Осылай Исраилден зұлымдықты аластатыңдар. 23  Егер ер адам қалада біреудің атастырылған қалыңдығын кездестіріп, онымен жақындасса, 24  екеуін де қала қақпасына апарып, таспен атқылап өлтіріңдер. Қызды қала ішінде айғайлап көмекке шақырмағаны үшін, ал еркекті өзгенің қалыңдығын қорлағаны үшін өлтіру керек+. Осылай араларыңнан зұлымдықты аластатуларың қажет. 25  Ал егер әлдекім ашық далада біреудің атастырылған қалыңдығын кездестіріп, күш көрсетіп, онымен жақындасса, еркектің өзін ғана өлтіріңдер. 26  Ал қызға тиіспеңдер, ол өлімге лайықты күнә жасаған жоқ. Бұл жағдай біреудің басқа адамға тап беріп, өлтіруімен парапар+. 27  Өйткені әлгі адам қызды ашық далада ұстап алғандықтан, қыз айғайласа да, көмекке келетін ешкім болмады. 28  Егер ер адам айттырылмаған қызды кездестіріп, оны ұстап алып, жақындасса және бұл жағдай мәлім болса+, 29  онда ол қыздың әкесіне 50 күміс шекел берсін де, қызды әйелдікке алсын+. Оның абыройын төккендіктен, өмір бойы ажырасуына болмайды. 30  Ешкім өз әкесінің әйеліне үйленбесін, әйтпесе әкесінің абыройын төгеді+.

Сілтемелер

Сол заманда үйлердің төбесі негізінен тегіс болған және онда отбасы демалған, қонақ күткен.
Немесе “бас тартса”.
1 шекел 11,4 г-ға тең. Ә14 қосымшасын қараңыз.
Немесе “жезөкшелікке”.