Мұсаның 4-жазбасы 29:1—40

  • Түрлі құрбандықтарды әкелу ережесі (1—40)

    • Керней тартылатын күннің құрбандықтары (1—6)

    • Күнәні өтейтін күннің құрбандықтары (7—11)

    • Күркелер мейрамының құрбандықтары (12—38)

29  Жетінші айдың бірінші күні қасиетті жиын өткізіңдер. Ешқандай үлкен жұмыс істемеңдер+. Сол күні керней тартыңдар+.  Ехобаға ұнамды хош иіс ретінде түгел өртелетін құрбандыққа бір жас бұқа, бір қошқар және бір жасар жеті еркек тоқты әкеліңдер. Олардың еш кемістігі болмасын.  Бұқамен бірге ефаның оннан үш бөлігі болатын, ал қошқармен бірге ефаның оннан екі бөлігі болатын сапалы ұнға май араластырып, астық тартуын алып келіңдер.  Ал жеті тоқтының әрқайсысымен бірге ефаның оннан бір бөлігі болатын сапалы ұнға май араластырып әкеліңдер.  Сонымен қатар күнә үшін құрбандыққа бір жас теке алып келіңдер. Онымен күнәларың өтеледі.  Бұлар — белгіленген тәртіпке сай әр айдың басында әкелінетін түгел өртелетін құрбандық пен оның астық тартуына+, күнделікті түгел өртелетін құрбандық пен оның астық тартуына+, сондай-ақ олардың сұйық тартуларына қоса ұсынылатын құрбандықтар+. Бұл — Ехобаға ұнамды хош иіс ретінде түгел өртелетін құрбандық.  Осы жетінші айдың оныншы күні қасиетті жиын өткізіп+, күнәларың үшін қайғырыңдар*. Ешқандай жұмыс істемеңдер+.  Ехобаға ұнамды хош иіс ретінде түгел өртелетін құрбандыққа бір жас бұқа, бір қошқар және бір жасар жеті еркек тоқты әкеліңдер. Олардың еш кемістігі болмасын+.  Бұқамен бірге ефаның оннан үш бөлігі болатын, ал қошқармен бірге ефаның оннан екі бөлігі болатын сапалы ұнға май араластырып, астық тартуын алып келіңдер. 10  Ал жеті тоқтының әрқайсысымен бірге ефаның оннан бір бөлігі болатын сапалы ұнға май араластырып әкеліңдер. 11  Сондай-ақ күнә үшін құрбандыққа бір жас ешкі алып келіңдер. Оны күнәні өтейтін құрбандықпен+ және күнделікті түгел өртелетін құрбандықпен және оның астық тартуымен бірге, сондай-ақ олардың сұйық тартуларымен бірге әкеліңдер. 12  Жетінші айдың он бесінші күні қасиетті жиын өткізіңдер. Ешқандай үлкен жұмыс жасамаңдар. Жеті күн бойы Ехобаға арналған мейрам өткізіңдер+. 13  Ехобаға ұнамды хош иіс ретінде түгел өртелетін құрбандыққа+ 13 жас бұқа, 2 қошқар, бір жасар 14 еркек тоқты әкеліңдер. Олардың еш кемістігі болмасын+. 14  13 бұқаның әрқайсысымен ефаның оннан үш бөлігі болатын, ал 2 қошқардың әрқайсысымен ефаның оннан екі бөлігі болатын сапалы ұнға май араластырып, астық тартуын алып келіңдер. 15  Ал 14 тоқтының әрқайсысымен ефаның оннан бір бөлігі болатын сапалы ұнды май араластырып әкеліңдер. 16  Сондай-ақ күнә үшін құрбандыққа бір жас ешкі алып келіңдер. Оны күнделікті түгел өртелетін құрбандықпен, оның астық және сұйық тартуымен бірге әкеліңдер+. 17  Мейрамның екінші күні 12 жас бұқа, 2 қошқар, бір жасар 14 еркек тоқты әкеліңдер. Олардың еш кемістігі болмасын+. 18  Осы бұқалар, қошқарлар мен тоқтылардың санына қарай, белгіленген тәртіпке сай, астық пен сұйық тартуларын ұсыныңдар. 19  Сонымен қатар күнә үшін құрбандыққа бір жас ешкі алып келіңдер. Оны күнделікті түгел өртелетін құрбандықпен және оның астық тартуымен бірге, сондай-ақ олардың сұйық тартуларымен бірге әкеліңдер+. 20  Үшінші күні 11 жас бұқа, 2 қошқар, бір жасар 14 еркек тоқты әкеліңдер. Олардың еш кемістігі болмасын+. 21  Осы бұқалар, қошқарлар мен тоқтылардың санына қарай, белгіленген тәртіпке сай, астық пен сұйық тартуларын ұсыныңдар. 22  Сондай-ақ күнә үшін құрбандыққа бір ешкі алып келіңдер. Оны күнделікті түгел өртелетін құрбандықпен, оның астық және сұйық тартуымен бірге әкеліңдер+. 23  Төртінші күні 10 жас бұқа, 2 қошқар, бір жасар 14 еркек тоқты әкеліңдер. Олардың еш кемістігі болмасын+. 24  Осы бұқалар, қошқарлар мен тоқтылардың санына қарай, белгіленген тәртіпке сай, астық пен сұйық тартуларын ұсыныңдар. 25  Сондай-ақ күнә үшін құрбандыққа бір жас ешкі алып келіңдер. Оны күнделікті түгел өртелетін құрбандықпен, оның астық және сұйық тартуымен бірге әкеліңдер+. 26  Бесінші күні 9 жас бұқа, 2 қошқар, бір жасар 14 еркек тоқты әкеліңдер. Олардың еш кемістігі болмасын+. 27  Осы бұқалар, қошқарлар мен тоқтылардың санына қарай, белгіленген тәртіпке сай, астық пен сұйық тартуларын ұсыныңдар. 28  Сондай-ақ күнә үшін құрбандыққа бір ешкі алып келіңдер. Оны күнделікті түгел өртелетін құрбандықпен, оның астық және сұйық тартуымен бірге әкеліңдер+. 29  Алтыншы күні 8 жас бұқа, 2 қошқар, бір жасар 14 еркек тоқты әкеліңдер. Олардың еш кемістігі болмасын+. 30  Осы бұқалар, қошқарлар мен тоқтылардың санына қарай, белгіленген тәртіпке сай, астық пен сұйық тартуларын ұсыныңдар. 31  Сондай-ақ күнә үшін құрбандыққа бір ешкі әкеліңдер. Оны күнделікті түгел өртелетін құрбандықпен, оның астық және сұйық тартуымен бірге алып келіңдер+. 32  Жетінші күні 7 жас бұқа, 2 қошқар, бір жасар 14 еркек тоқты әкеліңдер. Олардың еш кемістігі болмасын+. 33  Осы бұқалар, қошқарлар мен тоқтылардың санына қарай, белгіленген тәртіпке сай, астық пен сұйық тартуларын ұсыныңдар. 34  Сондай-ақ күнә үшін құрбандыққа бір ешкі алып келіңдер. Оны күнделікті түгел өртелетін құрбандықпен, оның астық және сұйық тартуымен бірге әкеліңдер+. 35  Сегізінші күні салтанатты жиналыс өткізіңдер. Ешқандай үлкен жұмыс жасамаңдар+. 36  Ехобаға ұнамды хош иіс ретінде түгел өртелетін құрбандыққа бір бұқа, бір қошқар және бір жасар жеті еркек тоқты әкеліңдер. Олардың еш кемістігі болмасын+. 37  Осы бұқа, қошқар мен тоқтылардың санына қарай, белгіленген тәртіпке сай, астық пен сұйық тартуларын ұсыныңдар. 38  Сондай-ақ күнә үшін құрбандыққа бір ешкі алып келіңдер. Оны күнделікті түгел өртелетін құрбандықпен, оның астық және сұйық тартуымен бірге әкеліңдер+. 39  Белгіленген мейрамдарда+ Ехобаға арнап әкелінетін осы құрбандықтарды түгел өртеп ұсынатын+ серт және ерікті құрбандықтарыңмен+, астық және сұйық тартуларыңмен+, сондай-ақ татулық құрбандықтарыңмен+ бірге әкеліңдер”. 40  Мұса Ехобаның өзіне айтқандарының бәрін исраилдіктерге жеткізді.

Сілтемелер

Мұны олар ораза тұту және осы сияқты басқа да шектеулер қою арқылы көрсетсе керек.