Мұсаның 4-жазбасы 19:1—22

  • Қызыл тана мен тазартатын су (1—22)

19  Ехоба Мұса мен Харонға былай деді:  “Ехоба берген заң мынау: исраилдіктер сендерге еш кемістігі жоқ+ әрі ешқашан мойынтұрық салынбаған қызыл тана әкелсін.  Малды діни қызметкер Елазарға беріңдер, ол оны қостың сыртына алып шығарсын. Сөйтіп, тана оның көз алдында бауыздалсын.  Сосын діни қызметкер Елазар саусағын оның қанына батырып, кездесу шатырының алдына қарай жеті рет бүркісін+.  Оның көз алдында малды терісі, еті, қаны және жынымен қоса өртеп жіберу керек+.  Діни қызметкер қарағай бұтағын, сайсағыз өсімдігі+ мен ал қызыл жіп алып, жанып жатқан тананың үстіне лақтырсын.  Бұдан кейін ол киімін жуып, суға шомылсын. Сосын қосқа кіруіне болады, бірақ кешке дейін таза емес болып есептеледі.  Тананы өртеген адам да киімін жуып, суға шомылсын. Ол да кешке дейін таза емес болып есептеледі.  Таза адам өртелген тананың күлін+ жинап, қос сыртындағы таза жерге апарып сақтап қойсын. Оны Исраил қауымы тазару рәсіміне арналған су+ дайындағанда қолданады. Бұл — күнә үшін әкелінетін құрбандық. 10  Тананың күлін жинаған адам киімін жусын, ол кешке дейін таза емес болып есептеледі. Исраилдіктерге және солардың арасында тұрып жатқан жатжерліктерге берілген мәңгілік нұсқау мынау+: 11  кімде-кім өлген адамның мәйітіне тисе, жеті күн бойы таза емес болады+. 12  Үшінші күні ол тазару рәсіміне арналған сумен өзін тазартсын, сонда жетінші күні таза болады. Ал егер үшінші күні өзін тазартпаса, онда жетінші күні таза болмайды. 13  Өлген адамның мәйітіне тиіп, бірақ тазару рәсімінен өтпеген әркім Ехобаның киелі шатырын арамдайды+. Исраилдің арасынан мұндай адамның көзі құртылсын+. Өйткені тазарту суы+ бүркілмегендіктен, ол таза емес, әрі таза емес күйі қала береді. 14  Ал шатырда өлген адамға қатысты заң мынадай: сол кезде шатырда болғандардың және оған кіргендердің барлығы жеті күн бойы таза емес болады. 15  Қақпағы жіппен байланып жабылмаған ыдыстар да таза емес+. 16  Сонымен қатар біреу далада жүріп, семсерден қаза тапқан кісіге немесе адам мәйітіне не сүйегіне, я қабіріне тисе, ол жеті күн бойы таза емес болады+. 17  Мұндай адамды тазару рәсімінен өткізгенде, күнә үшін өртелген құрбандықтың күлінен ыдысқа салып, үстіне ағын су құю керек. 18  Сосын таза адам+ сайсағыз өсімдігін+ алып, оны суға малып, шатырға, ондағы барлық ыдыстар мен адамдарға, сондай-ақ өлтірілген кісіге не адам мәйітіне, не оның сүйегіне, не қабіріне тиген адамға бүрку керек. 19  Таза адам әлгі суды арамдалған кісіге үшінші және жетінші күні бүркіп, жетінші күні оны күнәдан тазартады+. Сосын тазару рәсімінен өтіп жатқан кісі киімін жуып, суға шомылсын. Сол күні кешке ол таза болып есептеледі. 20  Егер арамдалған әлдебіреу тазару рәсімінен өтпесе, қауымның арасынан ондай жанның көзі құртылсын+. Өйткені ол Ехобаның қасиетті орнын арамдады. Оған тазарту суы бүркілмегендіктен таза емес. 21  Оларға берілген мәңгілік нұсқау мынау: тазарту суын бүркіген+ адам да киімін жусын. Ал кімде-кім сол суға тисе, сол кешке дейін таза емес болып есептеледі. 22  Арамдалған адам тиген нәрсенің бәрі таза емес, сондай-ақ мұндай нәрсеге тиген адам да кешке дейін таза емес болып саналады+”.

Сілтемелер