Мұсаның 4-жазбасы 17:1—13

  • Харонның таяғының бүр жаруы (1—13)

17  Ехоба Мұсаға былай деді: 2  “Исраилдіктермен сөйлесіп, әр рудың басшысынан+ бір-бір таяқтан, барлығы 12 таяқ алып, әрқайсысына олардың есімін жазып қой. 3  Әр рудың басшысы бір таяқтан беретіндіктен, леуі руының таяғына Харонның есімін жаз. 4  Сосын таяқтарды кездесу шатырындағы куәлік сандығының+ алдына, мен саған үнемі көрінетін жерге+ апарып қой. 5  Мен кімді таңдасам+, соның таяғы бүр жарады. Осылайша исраилдіктердің сендерге наразы болып күңкілдегенін+ тоқтатамын, өйткені олар мұнысымен маған қарсы күңкілдеуде+”. 6  Мұса осыны исраилдіктерге айтып бергенде, олардың рубасылары оған бір-бір таяқтан, барлығы 12 таяқ берді. Бұлардың ішінде Харонның да таяғы болды. 7  Сосын Мұса таяқтарды Ехобаның, яғни киелі шатырдағы куәлік сандығының алдына қойды. 8  Келесі күні Мұса куәлік сандығы тұрған киелі шатырға кіріп қараса, леуі руының атынан алынған Харонның таяғы бүр жарып қана қоймай, гүлдеп, тіпті бадам жемісін де беріпті. 9  Мұса таяқтардың бәрін Ехобаның алдынан алып шығып, Исраил халқына көрсетті. Рубасылары таяқтарға қарап, әрқайсысы өзінікін қайтарып алды. 10  Бұдан соң Ехоба Мұсаға: “Харонның таяғын+ куәлік сандығының алдына апарып, бүлікшілерге+ ескерту болатын белгі+ ретінде сақтап қой. Осылай олар маған қарсы күңкілдеуін доғарып, өлім құшпайды”,— деді. 11  Мұса бірден Ехобаның бұйрығын орындады. Өзіне қалай айтылса, солай істеді. 12  Сонда исраилдіктер Мұсаға: “Енді өлетін болдық, тірі қалмаймыз, түгел қырыламыз! 13  Ехобаның киелі шатырына жақындаған әркім өлім құшады+! Бәріміз осылай өліп кетеміз бе+?”— десті.

Сілтемелер