Мұсаның 4-жазбасы 12:1—16
12 Мұса құштық әйелге үйленген болатын+. Сол әйел үшін Мәриям мен Харон Мұсаның сыртынан күңкілдей бастады.
2 Олар: “Немене, Ехоба тек Мұса арқылы ғана сөйлей ме? Ол біз арқылы да сөйлейді емес пе?”+— деумен болды. Бұл сөздердің бәрі Ехобаның құлағына жетті+.
3 Мұса жер бетіндегі ең момын*+ адам болатын.
4 Ехоба кенеттен Мұсаға, Харон мен Мәриямға: “Үшеуің де кездесу шатырына келіңдер”,— деді. Үшеуі сол жерге барды.
5 Ехоба бұлт бағанасымен төмен түсті де+, шатырдың кіреберісінде тұрып, Харон мен Мәриямды шақырды. Олар алға шықты.
6 Сонда ол былай деді: “Менің сөздеріме құлақ түріңдерші. Егер араларыңнан Ехобаның пайғамбары шықса, мен оған өзімнің кім екенімді аян арқылы ашып+, онымен түсінде сөйлесер едім+.
7 Ал қызметшім Мұсамен бұлай емес. Оған бүкіл халқымды сеніп тапсырдым*+.
8 Мен онымен жүзбе-жүз, жұмбақтамай, ашық сөйлесемін+. Ол Ехобаның бейнесін көрді. Олай болса, қызметшім Мұсаға қарсы сөйлеуге қалайша дәттерің барды?”
9 Ехобаның қатты ашуы келіп, олардың қасынан кетіп қалды.
10 Бұлт киелі шатырдан жоғары көтеріліп кеткенде, Мәриямның денесін аппақ қардай алапес басып кетті+. Харон Мәриямға бұрылып қарап, оның алапеске ұшырағанын көрді+.
11 Ол дереу Мұсаға: “Мырзам, жалынамын! Ақымақтықпен жасаған күнәміз үшін бізді айыптай көрме!
12 Мәриямның ана құрсағынан жартылай шіріп, өлі туылған баладай болуына жол берме!”— деп өтінді.
13 Сонда Мұса Ехобаға жалбарынып: “Уа, Құдай, өтінем, оны сауықтыра көр!”— деді+.
14 Ехоба Мұсаға: “Егер әкесі оның бетіне түкірсе, масқара болып, жеті күн бойы ұялып жүрмес пе еді?! Ендеше, Мәриям жеті күн қостың сыртында бөлек тұрсын+. Сосын қайта оралуына болады”,— деп жауап берді.
15 Осылайша Мәриям жеті күн бойы қостың сыртында бөлек тұрды+. Ол қайтып келгенше, халық жолға шыққан жоқ.
16 Содан кейін олар Хазероттан+ шығып, Паран шөліне+ барды да, қостарын сол жерге тікті.
Сілтемелер
^ Немесе “бәрінен де кішіпейіл (жұмсақ)”.
^ Сөзбе-сөз “менің бүкіл үйімдегі ең адалы — сол”.