Мұсаның 4-жазбасы 11:1—35

  • Күңкілдеген халыққа Құдайдың от жіберуі (1—3)

  • Халықтың ет сұрауы (4—9)

  • Мұсаның халықтың ауыртпалығын көтере алмауы (10—15)

  • Ехобаның 70 ақсақалға рухын беруі (16—25)

  • Елдад пен Медад; Ешуаның Мұса үшін қызғануы (26—30)

  • Бөдене ұшырып әкелу; халықтың ашкөздік үшін жазалануы (31—35)

11  Халық қатты налып, Ехобаның алдында күңкілдей бастады. Мұны естігенде Ехоба қаһарына мінді. Сөйтіп, Ехобадан от түсіп, қостың шетіндегілерді жалмай бастады.  Сонда халық көмек сұрап Мұсаға келді. Мұса Ехобаға жалбарынып еді+, от сөнді.  Ехобадан от түсіп, адамдарды жалмаған жер Табера* деп аталды+.  Олардың арасындағы басқа ұлт адамдарынан құралған+ тобыр құлқынын ойлап+, наразылық білдіре бастады. Сонда исраилдіктер де қайтадан жылап-сықтап: “Бізге кім ет береді+?  Мысырда тегін жеген балық, қияр, қарбыз, жуа, пияз, сарымсақ дегендер қайда екен, шіркін+?!  Ал енді әліміз құрып, өлетін болдық. Көз алдымызда мына маннадан басқа түк жоқ+”,— деп налыды.  Манна+ кориандр дәніне+ және хош иісті шайырға ұқсайтын.  Халық оны жинап алып, қолдиірменге тартатын не келіге салып түйетін. Сөйтіп, оны қазанға қайнататын, яки одан күлше нан пісіретін+. Оның дәмі май қосылған тәтті нанның дәміндей болатын.  Түнде қос тұрған жерге шық түскенде, манна да түсетін+. 10  Мұса жұрттың өз шатырларының аузында отбасыларымен бірге жылап отырғанын естіді. Ехоба бұған қатты қаһарланды+, олардың мұнысына Мұса да өте наразы болды. 11  Сонда ол Ехобаға былай деді: “Неге өз қызметшіңді қинайсың? Көңіліңнен шықпайтындай мен не істедім? Неге мына халықтың ауыртпалығын менің мойныма артып қойдың+? 12  Олардың бәрін құрсақта көтерген мен бе едім? Ата-бабаларына беремін деп уәде еткен жерге+ барғанша, “бала бағушыдай бауырыңа салып көтеріп жүр” дейтіндей, оларды мен туып па едім? 13  Бұлардың бәріне етті қайдан тауып беремін? Олар маған келіп: —Бізге жейтін ет тауып бер!— деп зар илеуде. 14  Мына халықтың ауыртпалығын жалғыз өзім көтеріп жүре алмаймын, бұл мен үшін тым ауыр+. 15  Егер маған осылай етпек болсаң, өтінемін, мені дәл қазір өлтіре сал+. Ал ықыласыңа ие болсам, бұдан былай мені азапқа сала көрме”. 16  Сонда Ехоба Мұсаға былай деп жауап қатты: “Исраил ақсақалдарының ішінен 70 кісіні, яғни өзің ел ақсақалдары мен басшылары+ деп білетіндерді жинап, кездесу шатырына алып кел. Олар сол жерде сенің жаныңда тұрсын. 17  Мен төмен түсіп+, сол жерде сенімен сөйлесемін+. Сендегі рухтан алып+, оларға беремін. Сонда осы халықтың ауыртпалығын жалғыз өзің көтермейсің, олар саған көмектесетін болады+. 18  Ал халыққа былай де: —Тазарып*, ертеңге дайындалыңдар+! Ертең ет жейсіңдер. Өйткені сендердің: “Бізге етті кім береді? Мысырда жүрген кезіміз жақсы еді ғой!”+— деп жылағандарың Ехобаның құлағына жетті+. Енді Ехоба сендерге ет бермек, соны жейтін боласыңдар+. 19  Етті сендер бір күн, екі күн, бес күн, он не жиырма күн емес, 20  бір ай бойы жейсіңдер. Араларыңдағы Ехобадан бас тартып, оның алдында: —Неге ғана Мысырдан кеттік екен?— деп жылағандарың үшін+, етті ауыз-мұрындарыңнан шыққанша жеп, одан жеркенетін боласыңдар+”. 21  Сонда Мұса: “Айналамда 600 000 ер адамы бар халық тұр+. Ал сен болсаң: —Оларға бір айға жететін ет беремін!— дейсің. 22  Отар-отар қой-ешкі, табын-табын ірі қара сойып берген күнде де, оларға жетер ме екен? Тіпті теңіздің бар балығын аулап берсең де, оларға жеткілікті бола ма?”— деді. 23  Ехоба Мұсаға: “Ехобаның қолы қысқа ма еді+? Айтқан сөзім орындала ма, жоқ па — мұны өз көзіңмен көресің”,— деді. 24  Мұса сыртқа шығып, Ехобаның сөзін халыққа жеткізді. Содан ол ел ақсақалдарының ішінен 70 кісіні жинап, киелі шатырды айналдыра тұрғызды+. 25  Сонда Ехоба бұлтпен төмен түсіп+, Мұсамен сөйлесті де+, оған қонған рухтан алып+, 70 ақсақалдың әрқайсысына берді. Рух қона салысымен, олар пайғамбарлар іспетті әрекет ете бастады*+. Сосын бұларын тоқтатты. 26  Қоста Елдад және Медад деген екі кісі қалып қойған еді. Олар кездесу шатырына келмесе де, тізімге алынғандардың қатарында болатын. Сондықтан оларға да рух қонып, қоста пайғамбарлар іспетті әрекет ете бастады. 27  Сонда бір жас жігіт Мұсаға жүгіріп барып: “Елдад пен Медад қоста пайғамбарлар сияқты әрекет етіп жатыр!”— деп жеткізді. 28  Жастайынан Мұсаға қызмет етіп жүрген Нұн ұлы Ешуа+ мұны естігенде, Мұсаға: “Мырзам, оларды тоқтатыңыз!”+— деді. 29  Бірақ Мұса: “Менің беделімді ойлап, қызғанып тұрсың ба? Қызғанба. Ехоба бүкіл халқына өз рухын қондырып, бәрінің де Ехобаның пайғамбары болғанын қалар едім!”— деп жауап берді. 30  Кейінірек Мұса Исраил ақсақалдарымен бірге қосқа оралды. 31  Ехоба қатты жел тұрғызды. Жел теңіз жақтан бөденелер ұшырып әкелді. Олар қостың айналасын — бір жағы бір күндік жерге, екінші жағы да бір күндік жерге дейінгі аймақты — қаптап+, екі шынтақ* биіктікте ұшып жүрді. 32  Содан халық сол күні, тіпті түні бойы және келесі күні де тынбай бөдене ұстады. Ең аз ұстады деген адамның өзінде 10 хомер* бөдене болды. Жұрт оларды қостың айналасына түгел жайып тастады. 33  Олар сол етті жеп бітпей жатып-ақ, Ехоба халыққа қаһарын төкті. Сөйтіп, Ехоба жұртты қыра бастады+. 34  Сондықтан ол жер Қиброт-Хатауа*+ деп аталып кетті. Себебі ашкөздік танытқандар сол жерге жерленген еді+. 35  Халық Қиброт-Хатауадан шығып, Хазеротқа бет алды. Сол жерге жеткенде, қостарын тікті+.

Сілтемелер

Мағынасы “жану”, яғни өрт, жалын.
Сөзбе-сөз “қасиетті ету”. Түсіндірмедегі “Қасиетті” сөзін қараңыз.
Немесе “пайғамбарлық ете бастады”.
1 шынтақ 44,5 см-ге тең. Ә14 қосымшасын қараңыз.
1 хомер 220 л-ге тең. Ә14 қосымшасын қараңыз.
Мағынасы “ашкөздіктің моласы”.