Мұсаның 3-жазбасы 1:1—17

  • Түгел өртелетін құрбандық (1—17)

1  Ехоба* Мұсаны шақырып, оған кездесу шатырынан+ былай деп тіл қатты:  “Исраилдіктерге мынаны айт: —Кімде-кім Ехобаға арнап малынан құрбандық әкелгісі келсе, мүйізді ірі қарадан не ұсақ малдан алып келсін+.  Егер түгел өртелетін құрбандығы мүйізді ірі қарадан болса, онда кемістігі жоқ еркек мал әкелсін+. Оны кездесу шатырының кіреберісіне, Ехобаның алдына өз еркімен+ әкелсін.  Ол өртелетін малдың басына қолын қойсын. Сонда күнәсін өтеу үшін әкелген құрбандығы қабыл болады.  Содан кейін жас бұқа Ехобаның алдында бауыздалсын. Харонның діни қызметкер+ ұлдары оның қанынан алып, кездесу шатырының алдында тұрған құрбандық ошағының барлық жағына бүркісін+.  Сосын түгел өртелетін құрбандыққа әкелінген малдың терісі сылынып, еті жіліктелсін+.  Харонның діни қызметкер ұлдары ошаққа от салсын+, ал оттың үстіне ағаш қаласын.  Кейін олар малдың бөліктерін, басы мен майын* қоса, құрбандық ошағындағы тұтатылған отынның үстіне рет-ретімен жайғастырсын+.  Ішек-қарны мен сирақтары сумен жуылсын. Сосын діни қызметкер оның бәрін ошақтың үстінде түгел өртелетін құрбандық ретінде жағып жіберсін. Бұл — Ехобаға ұнамды хош иіс ретінде өртеп ұсынатын тарту+. 10  Егер әлдекім түгел өртелетін құрбандыққа отарынан+ жас қой не ешкі әкелгісі келсе, ол кемістігі жоқ еркек мал болсын+. 11  Бұл мал Ехобаның алдында, құрбандық ошағының солтүстік жағында бауыздалсын. Харонның діни қызметкер ұлдары оның қанынан алып, ошақтың барлық жағына бүркісін+. 12  Еті жіліктелген соң, діни қызметкер оны, басы мен майын* қоса, құрбандық ошағындағы тұтатылған отынның үстіне жайғастырсын. 13  Ішек-қарны мен сирақтары сумен жуылсын. Кейін діни қызметкер оның бәрін құрбандық ошағында жағып жібереді. Бұл — түгел өртелетін құрбандық, Ехобаға ұнамды хош иіс ретінде өртеп ұсынатын тарту. 14  Егер адам Ехобаға арнап түгел өртелетін құрбандыққа құстан алып келетін болса, кептер не жас көгершін әкелсін+. 15  Діни қызметкер оны құрбандық ошағына әкелсін де, мойнын үзіп, өртеп жіберсін. Ал қаны құрбандық ошағының қабырғасына ағызылсын. 16  Ол құстың жемсауы мен жүнін құрбандық ошағының жанына, шығыс бетіне, күл* төгетін жерге тастасын+. 17  Құстың денесін қанаттарының тұсынан қақ жарсын, бірақ бөліп тастамасын. Сосын діни қызметкер оны құрбандық ошағындағы тұтатылған отынның үстіне қойып, өртеп жібереді. Бұл — түгел өртелетін құрбандық, Ехобаға ұнамды хош иіс ретінде өртеп ұсынатын тарту.

Сілтемелер

Бұл — Құдайдың есімі. Түсіндірмені қараңыз.
Немесе “бүйрек майын”.
Немесе “бүйрек майын”.
Немесе “майлы күл”, яғни құрбандықтардың майы сіңген күл.