Мұсаның 2-жазбасы 40:1—38

  • Киелі шатырдың құрылуы (1—33)

  • Киелі шатырдың Ехобаның ұлылығына кенелуі (34—38)

40  Бұдан соң Ехоба Мұсаға мынаны айтты:  “Бірінші айдың бірінші күні киелі шатырды*, яғни кездесу шатырын құр+.  Ішіне куәлік сандығын кіргізіп+, оны шымылдықпен көзден тасала+.  Сосын үстелді+ кіргізіп, үстіне керек-жарақтарының бәрін қой. Сондай-ақ шамдалды+ алып кіріп, шамдарын жақ+.  Хош иісті заттарды түтететін алтын үстелді+ куәлік сандығының алдына қой, ал киелі шатырдың кіреберісіне перде іл+.  Киелі шатырдың, яғни кездесу шатырының, алдыңғы жағына өртелетін құрбандық ұсынатын ошақты+ орналастыр.  Шатыр мен құрбандық ошағының ортасына үлкен қазанды қойып, ішіне су құй+.  Шатырдың ауласын+ қоршап, ауланың кіреберісіне перде іл+.  Майлау рәсіміне арналған майды+ алып, киелі шатыр мен оның ішіндегінің бәрін майла+. Осылайша шатырды және оның барлық бұйымдарын қасиетті ет, сонда ол киелі болады. 10  Сосын өртелетін құрбандық ұсынатын ошақ пен оның бар құрал-жабдықтарын майлап, қасиетті ет. Сонда ол аса киелі құрбандық ошағы болады+. 11  Сондай-ақ үлкен қазан мен оның тұғырын майлап, қасиетті ет. 12  Бұдан кейін Харон мен оның ұлдарын кездесу шатырының кіреберісіне әкел, олар сол жерде жуынсын+. 13  Харонға киелі киімді кигіз де+, оған майлау рәсімін жасап+, қасиетті ет. Осылай ол маған діни қызметкер ретінде қызмет етеді. 14  Сосын оның ұлдарын алып келіп, ұзын жеңді көйлектерді кигіз+. 15  Әкелеріне жасағандай, оларға да майлау рәсімін жаса+. Осылайша олар маған діни қызметкер ретінде қызмет етеді. Осы майлау рәсімінің арқасында олар да, олардан кейінгі ұрпақтары да діни қызметке біржола тағайындалады+”. 16  Мұса барлығын Ехоба өзіне бұйырғандай істеді+. Ол бәрін бұлжытпай орындады. 17  Сонымен, екінші жылдың бірінші айының бірінші күні киелі шатыр құрылды+. 18  Мұса киелі шатырды тұрғызу үшін ойығы бар тұғырларды+ қойып, үстіне қабырғаға арналған жақтауларды+ орнатты, сырықтарын+ кіргізіп, бағаналарын көтерді. 19  Сосын, Ехоба өзіне бұйырғандай, киелі шатырдың үстіне жабындарын+ бірінің үстіне бірін жапты. 20  Кейін куәлік тақташаларды+ алып, сандыққа+ салды. Сандықтың+ сырықтарын+ кіргізіп, бетіне қақпағын+ жапты. 21  Сосын сандықты киелі шатырға кіргізіп, алдына шымылдық іліп+, куәлік сандығын көзден тасалады+. Осылай Мұса Ехобаның бұйырғанындай істеді. 22  Мұса киелі шатырдың, яғни кездесу шатырының, солтүстік бетіне, шымылдықтың сырт жағына, үстелді+ қойып, 23  үстіне Ехобаның алдына тарту ретінде әкелінген күлше нандарды үсті-үстіне қойып жайғастырды+. Осылай Мұса Ехобаның бұйырғанындай істеді. 24  Ал шамдалды+ кездесу шатырының оңтүстік жағына, үстелдің қарсы бетіне, орналастырды. 25  Сөйтіп, Ехобаның алдында шамдарды жақты+. Осылай Мұса Ехобаның бұйырғанындай істеді. 26  Бұдан соң ол алтын үстелді+ кездесу шатырындағы шымылдықтың алдына қойды. 27  Оның үстінде хош иісті заттар+ түтетілмек еді+. Осылай Мұса Ехобаның бұйырғанындай істеді. 28  Содан кейін ол киелі шатырдың кіреберісіне пердені+ ілді. 29  Киелі шатырдың, яғни кездесу шатырының, алдыңғы жағына өртелетін құрбандықтар+ мен астық тартулар ұсынатын құрбандық ошағын қойды. Осылай Мұса Ехобаның бұйырғанындай істеді. 30  Сосын шатыр мен құрбандық ошағының ортасына үлкен қазанды қойып, ішіне жуынатын су құйды+. 31  Мұса, Харон және оның ұлдары осы сумен аяқ-қолдарын жуды. 32  Олар кездесу шатырына кірерде не құрбандық ошағына жақындарда сол сумен жуынатын+. Осылай Мұса Ехобаның бұйырғанындай істеді. 33  Ақыр соңында, Мұса киелі шатыр мен құрбандық ошағының айналасын қоршап аула істеп+, кіреберісіне перде ілді+. Сөйтіп, Мұса бүкіл жұмысты бітірді. 34  Сонда кездесу шатырын бұлт жауып, киелі шатыр Ехобаның салтанатты ұлылығына кенелді+. 35  Кездесу шатырын бұлт жауып, киелі шатыр Ехобаның салтанатты ұлылығына кенелгендіктен, Мұса шатырға кіре алмады+. 36  Бұлт киелі шатырдан жоғары көтерілгенде, исраилдіктер қостарын жинап, көштерін жалғастыратын+. 37  Ал бұлт көтерілмесе, қостарын жинамайтын+. 38  Осылайша шатыр үстінде күндіз Ехобаның бұлты, ал түнде от тұрды. Бүкіл Исраил халқы мұны көшіп-қонып жүрген уақытының бәрінде көріп отырды+.

Сілтемелер