Мұсаның 2-жазбасы 36:1—38
36 Ендеше Беселиел, Ахолияп және киелі шатырдағы бүкіл істі атқару үшін Ехоба даналық пен түсінік дарытқан шебер ер кісілердің бәрі Ехобаның тапсырмасын түгел орындайтын болады+”.
2 Содан Мұса Беселиел мен Ахолияпты, сондай-ақ Ехоба даналық дарытқан шебер ер кісілердің+, яғни шын жүректен жұмыс істеуге ерік білдіргендердің бәрін+ шақырды.
3 Олар исраилдіктер киелі шатырды соғу үшін тарту еткен бар затты+ Мұсадан алды. Бірақ халық бұдан кейін де күніге таңертең ерікті сый-тартулар әкеле берді.
4 Сонда киелі шатырдағы жұмысты* атқарып жатқан шеберлердің бәрі бірінен кейін бірі
5 Мұсаға барып: “Ехоба тапсырған іске қажетті заттарды жұрт мөлшерінен әлдеқайда көп әкелуде”,— деді.
6 Сондықтан Мұса бүкіл қосқа: “Бұдан былай бірде-бір еркек не әйел киелі шатырға арнап сый-тарту әкелмесін”,— деп жариялауға бұйрық берді. Сөйтіп, халық тарту әкелуін тоқтатты.
7 Жиналған заттар барлық жұмысты атқаруға жетіп, тіпті артылып қалды.
8 Сонымен, шебер жұмысшылардың барлығы+ киелі шатыр*+ үшін жақсылап иірілген зығырдан, көк және ал қызыл жіптен, иірілген күлгін жүннен тоқып, 10 мата жасады. Ол* маталарға керубтердің бейнесін кестеледі+.
9 Әр матаның ұзындығы 28, ені 4 шынтақтан* болды. Он матаның көлемі бірдей еді.
10 Кейін ол маталарды бес-бестен біріктіріп, екі жабын жасады.
11 Екі жабынды өзара біріктіру үшін, әрқайсысының бір жақ жиегіне көк жіптен баулықтар істеді.
12 Осы жабындардың бірігетін жиектеріндегі баулықтар тұспа-тұс келетіндей етіп елу-елуден жасалды.
13 Кейін 50 алтын ілмек жасап, екі жабынды сол ілмектермен біріктірді. Осылайша киелі шатырдың жабыны біртұтас болды.
14 Бұдан кейін ол киелі шатырға ешкі түбітінен 11 мата тоқыды+.
15 Әр матаның ұзындығы 30, ені 4 шынтақ болды. Он бір матаның көлемі бірдей еді.
16 Сосын бес матаны өзара және алты матаны өзара біріктіріп, екі жабын жасады.
17 Осы жабындарды өзара біріктіретін жиектеріне елу-елуден баулықтар істеді.
18 Кейін екі жабынды біріктіріп, біртұтас жабын істеу үшін, мыстан 50 ілмек жасады.
19 Содан соң ол киелі шатырға арнап қызылға боялған қой терісінен және оның үстінен жабатын итбалық терісінен жабын жасады+.
20 Кейін киелі шатырдың қабырғасы үшін қараған ағашынан+ тік тұратын жақтаулар жасады+.
21 Әр жақтаудың ұзындығы 10, ені 1,5 шынтақ болды.
22 Олардың әрқайсысының табанына қатар тұратын екі кішкене аяқ істеді. Киелі шатырдың барлық жақтауын ол осылай жасады.
23 Шатырдың оңтүстікке қараған жағына 20 жақтау істеді.
24 Сосын 20 жақтаудың табанына қоятын ойығы бар 40 күміс тұғыр — әр жақтауға қос аяғы ойығына кіріп тұратын екі тұғырдан — дайындады+.
25 Шатырдың өзге, яғни солтүстікке қараған жағына да 20 жақтау
26 және ойығы бар 40 күміс тұғыр — әр жақтаудың табанына екі тұғырдан — істеді.
27 Ол шатырдың артқы, яғни батыс жағына 6 жақтау дайындады+.
28 Оның артқы бұрыштарына 2 тіреуіш жақтау істеді.
29 Тіреуіш жақтаудың екі бүйіріндегі тақтайлары жоғарыдағы бірінші сақина орналасқан жерде түйісіп тұрды. Шатырдың бұрышында тұратын тіреуіш жақтаудың екеуін де ол осылай жасады.
30 Сонымен, артқы жақта барлығы 8 жақтау болды. Оларға ойығы бар 16 күміс тұғыр, яғни әрбіреуіне екі тұғырдан жасалды.
31 Сосын ол қараған ағашынан сырықтар істеді: шатырдың бір жағындағы жақтаулары үшін 5 сырық+,
32 екінші жағындағы жақтаулары үшін 5 сырық және артқы, яғни батыс жағындағылары үшін 5 сырық жасады.
33 Ортаңғы сырықты қатар тұрған жақтаулардың бел ортасынан өтіп, бір басынан келесі басына жететіндей етіп істеді.
34 Жақтауларды алтынмен қаптап, оларға сырықтар өткізетін алтын сақиналар бекітті. Сырықтарды да алтынмен қаптады+.
35 Бұдан кейін ол көк және ал қызыл жіптен, иірілген күлгін жүннен және жақсылап иірілген зығырдан шымылдық+ тоқыды. Оған керубтердің+ бейнесін кестелеп түсірді+.
36 Сосын қараған ағашынан 4 бағана жасап, оларды алтынмен қаптады. Оның ілгіштерін де алтыннан жасады. Бағаналардың табанына ойығы бар 4 күміс тұғыр істеді.
37 Киелі шатырдың кіреберісіне көк және ал қызыл жіптен, иірілген күлгін жүннен, жақсылап иірілген зығырдан перде тоқыды+.
38 Сондай-ақ 5 бағана мен оның ілгіштерін жасады. Бағаналардың үстін және біріктіргіштерін алтынмен қаптады, ал ойығы бар 5 тұғырын мыстан құйды.
Сілтемелер
^ Немесе “киелі жұмысты”.
^ Ә5 қосымшасын қараңыз.
^ Беселиелді айтса керек.
^ 1 шынтақ 44,5 см-ге тең. Ә14 қосымшасын қараңыз.