Мұсаның 2-жазбасы 18:1—27

  • Етор мен Сапураның келуі (1—12)

  • Етордың төрешілер тағайындауға кеңес беруі (13—27)

18  Мадиян жерінің діни қызметкері әрі Мұсаның қайын атасы Етор+ Ехоба Құдайдың Мұсаға және Исраил халқына не істегенін, оларды Мысырдан қалай алып шыққанын естіді+.  Сонда Етор Мұсаның әйелі Сапураны (бұрынырақта Мұса оны үйіне жіберген болатын)  және оның екі ұлын+ алып, жолға шықты. “Бөтен елде жатжерлік болдым”,— деп, Мұса бір ұлының атын Гершом*+ қойған еді.  Ал екіншісін: “Әкемнің Құдайы — менің көмекшім, ол мені перғауынның семсерінен құтқарды+”,— деп, Елиезер* атаған болатын.  Содан қайын атасы Етор Мұсаның әйелі мен екі ұлын ертіп, күйеубаласы қос тіккен шөл далаға, Құдайдың тауына+, келді.  Ол Мұсаға “мен, қайын атаң Етор+, әйелің мен екі ұлыңды ертіп келе жатырмын” деген хабар жіберді.  Мұса дереу қайын атасының алдынан шығып, оған тағзым етіп, бетінен сүйді. Аман-саулық сұрасқан соң, олар шатырға кірді.  Мұса қайын атасына Ехобаның Исраил халқы үшін перғауын мен Мысыр еліне не істегенін+, жолда қандай қиындықтарға кезіккенін+, сондай-ақ Ехоба оларды қалай құтқарғанын түгел баяндап берді.  Етор Ехобаның исраилдіктерді Мысырдан азат етіп, оларға қалай жақсылық жасағанын естігенде, қуанып кетіп: 10  “Сендерді Мысырдан және перғауынның қол астынан босатқан, өз халқын Мысырдың езгісінен азат еткен Ехоба мадақталсын! 11  Мысырлықтар Исраил халқын менсінбей қарсы шыққанда, оларға не істегенінен Ехобаның өзге құдайлардың бәрінен ұлы+ екенін білдім”,— деді. 12  Кейін қайын атасы Етор Құдайға арнап өртелетін және басқа да құрбандықтар әкелді. Харон мен Исраилдің күллі ақсақалдары Мұсаның қайын атасымен Құдайдың алдында ас жеуге келді. 13  Келесі күні Мұса әдеттегідей халыққа төрелік айту үшін отырғанда, жұрт оның алдына келіп, таңертеңнен кешке дейін тұрды. 14  Мұсаның халыққа не істеп жатқанын көргенде, қайын атасы оған: “Неге бұлай істейсің? Дүйім жұртты таңертеңнен қара кешке дейін тұрғызып қойып, бұл істі жалғыз өзің атқарып жатқаның не?”— деді. 15  Бұған Мұса: “Жұрт маған Құдайдың еркін сұрау үшін келеді. 16  Қандай да бір дау көтерілсе, олар маған жүгінеді. Мен екі жақтың да уәжін тыңдап, оларға Құдайдың шешімдері мен заңдарын+ айтамын”,— деп жауап берді. 17  Сонда қайын атасы мынаны айтты: “Бұлай істегенің жөн болмас. 18  Өзіңді де, жаныңдағы халықты да қажытасың. Бұл — бір өзің көтеретін жүк емес, жалғыз өзіңе қиын ғой. 19  Бері қара, менің ақылыма құлақ ас, сонда Құдай саған жар болады+. Құдайдың алдында халықтың өкілі болып+, олардың даулы мәселелерін Құдайға айт+. 20  Оларға Құдайдың жарлықтары мен заңдарын үйрет+, сондай-ақ жүрулері керек жолды және атқарулары керек міндетті көрсет. 21  Сонымен қатар халықтың ішінен қабілетті+, Құдайдан қорқатын, арам пайданы көздеуден аулақ жүретін сенімді ер кісілерді таңдап+, халыққа мыңбасы, жүзбасы, елубасы, онбасы етіп тағайында+. 22  Олар қажет болғанда жұртқа төрелік айтсын. Күрделі мәселелерді саған жолдап+, ал жеңіл-желпілерін өздері шешіп отырсын. Осылай олар жүгіңді көтеріседі, сонда саған жеңілірек болады+. 23  Егер осылай істесең әрі Құдай қолдаса, бұл істі ойдағыдай атқарасың, жұрт та үйлеріне риза болып қайтады”. 24  Мұса қайын атасының ақылын тыңдап, бірден оның айтқанын орындады. 25  Ол бүкіл Исраилдің арасынан қабілетті ер адамдарды таңдап алып, халыққа мыңбасы, жүзбасы, елубасы, онбасы етіп тағайындады. 26  Олар қажет болғанда жұртқа төрелік айтты. Күрделі мәселелерді Мұсаға жолдап+, ал жеңіл-желпілерін өздері шешіп отырды. 27  Бұдан кейін Мұса қайын атасын+ жолға шығарып салды. Сөйтіп, қайын атасы өз еліне қайтып кетті.

Сілтемелер

Мағынасы “сондағы жатжерлік”.
Мағынасы “Құдайым — менің көмекшім”.