Малахи 4:1—6

  • Ехобаның күнінің алдында Ілияс келеді (1—6)

    • “Әділдіктің күні жарқырайды” (2)

4  “Міне, пештей лаулаған күн келе жатыр+, сонда менмендер мен зұлымдық жасаушылардың бәрі сабан іспетті болып қалады. Келе жатқан сол күн оларды жалмап, тамырын да, бұтағын да қалдырмайды,— дейді Әскербасы Ехоба.— 2  Ал менің есімімді қастерлейтін сендердің үстеріңнен әділдіктің күні жарқырап, сауықтыратын нұрын төгеді. Сонда қорадан шыққан семіз торпақтай ойнақтап секіресіңдер”. 3  “Мен әрекет ететін сол күні зұлымдарды таптайсыңдар, өйткені олар табандарыңның астындағы топырақтай болады,— дейді Әскербасы Ехоба. 4  —Бүкіл Исраил мойынсұнсын деп, Хорибте қызметшім Мұса арқылы берген Заңымды, ондағы нұсқауларым мен шешімдерімді есте ұстаңдар+. 5  Міне, Ехобаның ұлы да ғаламат күні+ келер алдында сендерге Ілияс пайғамбарды жіберемін+. 6  Ол әкелердің жүрегін балалардікіндей+, ал балалардың жүрегін әкелердікіндей етеді. Мен келіп, жерге соққы беріп, қиратпауым үшін, ол осылай істейді”.

Сілтемелер