Ишая 63:1—19
63 Едомнан+ келе жатқан,Ашық түсті* киім киіп, Босрадан+ келе жатқан бұл кім?
Салтанатты киім киіп,Құдіретпен келе жатқан кім болды екен?
“Бұл — мен. Мен әділдікке сай сөйлеймін,Әрі құтқаратын зор құдіретім бар”.
2 Киімің неге қызыл?
Неге жүзім таптап жатқан адамның киіміндей қып-қызыл+?
3 “Мен жүзімді жалғыз таптадым,Қасымда тірі жан болмады.
Қатты ашумен таптадым,Қаһарыма мініп, жанши бердім+.
Олардың қаны киіміме шашырап,Киімімнің бәрін былғадым.
4 Мен кек алатын күнді белгіледім+,Құны өтелгендердің жылы келіп жетті деп шештім.
5 Қарап едім, маған жәрдем берер ешкім болмады.
Қолдау көрсетер ешкімнің болмағанына мен қайран қалдым.
Сондықтан құдіретті қолыммен жеңіске жеттім+,Мені өз қаһарым қолдады.
6 Мен халықтарды ашумен таптадым,Оларды қаһарыма мас қылып+, қандарын жерге төктім”.
7 Мен Ехобаның айнымас сүйіспеншілікпен жасаған істерін,Ехобаның мадаққа лайық істерін айтатын боламын.
Мейірімділігі мен зор айнымас сүйіспеншілігіне сай,Ехобаның біз үшін істеген бар істері үшін+,Исраил үйіне жасаған көптеген игілігі үшін солай етемін.
8 Ол: “Иә, олар менің халқым, опасыздық жасамайтын ұлдарым”,— деген еді+.
Сондықтан ол халқының Құтқарушысы болды+.
9 Олар азап шеккенде, бұл оның жанына батты+.
Өз хабаршысын жіберіп, оларды құтқарды+.
Ол сүйіспеншілік танытты, жаны ашып құндарын өтеп алды+,Ежелгі күндердің бәрінде оларды көтеріп, қолына алып жүрді+.
10 Бірақ олар бүлік шығарып+, оның киелі рухын ренжітті+.
Сонда Құдай олардың жауына айналып+, оларға қарсы шайқасты+.
11 Сол кезде олар ежелгі күндерді,Құдайдың қызметшісі Мұсаның заманын естеріне алып былай деді:
“Отарын бағушыларымен қоса+, теңізден өткізген Құдай+ қайда?
Оған киелі рухын қондырған Құдай+ қайда?
12 Құдіретті қолы Мұсаның оң қолымен бірге жүрген+,Мәңгіге өз есімінің даңқын арттыру үшін+
Халқының алдынан теңізді қақ айырған Құдай+ қайда?
13 Олар кең далада шапқан тұлпардай сүрінбей өту үшін,Буырқанған су арасынан жол ашқан Құдай қайда?
14 Ехобаның рухы халқына тыныштық сыйлады,Олар сайға түсіп тыныққан отарға ұқсады+”.
Есіміңнің ұлылығын арттыру үшін,Сен халқыңды осылай бастап жүрдің+.
15 Көктен назарыңды салшы,Биіктегі киелі де салтанатты тұрағыңнан қарашы.
Сенің құлшынысың мен құдіретің,Жанашырлығың+ мен мейірімің+ қайда?
Неге бұларды менен аяйсың?
16 Сен Әкемізсің ғой+.
Ыбырайым бізді танымай, Исраил мойындамай қойса да,Уа, Ехоба, сен біздің Әкемізсің.
Сенің есімің — ежелден бері Құнымызды өтеуші+.
17 Уа, Ехоба, неге өз жолыңнан тайып кетуімізге жол бердің?*
Жүрегіміз қатуланып, сенен қорқудан қалуымызға неге жол бердің+?
Қызметшілеріңнің игілігі үшін,Меншігіңе алған рулардың игілігі үшін қайта орала көр+.
18 Қасиетті халқың бұл елді аз уақыт қана иеленді.
Жауларымыз ғибадатханаңды таптап, аяқасты етті+.
19 Біз көп уақыттан бері өзің билік құрмаған,Өзіңнің есіміңмен аталмаған халыққа ұқсаймыз.