Ишая 4:1—6

  • Жеті әйел бір еркекке жармасады (1)

  • Ехоба өсіріп шығарған өскін даңқты болады (2—6)

4   Сол күні жеті әйел бір еркекке жармасып+: —Біз өз нанымызды жеп, өз киімімізді киеміз. Тек есіміңмен аталуға рұқсат ете көр,Осылай масқарадан* арылайық+,— дейтін болады”. 2  Сол күні Ехоба өсіріп шығарған өскін салтанатты да даңқты болады; жердің өнімі аман қалған исраилдіктердің мақтанышы мен көркі болады+. 3  Сион мен Иерусалимде қалғандар — Иерусалимде өмір сүру үшін тізімге алынғандардың бәрі+ — қасиетті деп аталады. 4  Ехоба Сион қыздарын кірден* жуып тазартады+, Иерусалимге лаулаған қаһарын төгіп, соттайды+. Осылай ондағы қан дақтарын жуып-шаяды. 5  Бұдан кейін Ехоба бүкіл Сион тауының үстіне және сонда жиналатындардың үстіне күндіз бұлт пен түтін, ал түнде жарқырап жалындаған от жаратады+. Салтанатқа бөленген жердің үстін толығымен қорғап тұратын қалқан болады. 6  Сол жерде күндізгі аптаптан тасалайтын, дауыл мен жауыннан пана әрі қорғаныш болатын+ бастырма болады+.

Сілтемелер

Мұнда тұрмыс құрмай, баласыз қалып масқара болу жөнінде айтылып тұр.
Сөзбе-сөз “нәжістен”.