Ишая 34:1—17
34 Ей, ұлттар, жақын келіп тыңдаңдар,Халықтар, ден қойыңдар!
Жер мен ондағының бәрі құлақ түрсін,Жержүзі және ондағы тіршілік атаулы тыңдасын!
2 Өйткені Ехоба халықтарға қаһарланды+,Олардың күллі әскеріне қаһары лаулады+.
Құдай олардың көзін құртуды шешті;Құдай олардың бәрін сұлатып салады+.
3 Олардың мәйіттері көмусіз қалады,Өлекселері шіріп, сасып жатады+,Олардың төгілген қанынан таулар ылғалданады+.
4 Көк әскері түгелдей шіріп жоқ болады,Көк болса шиыршық іспетті шиырылып қалады.
Олардың әскерлері әбден әлсіреп,Қурап түскен жүзім бұтасының жапырағы сияқты,Інжірдің солған жемісі іспетті, жерге құлайды.
5 “Менің семсерім көкте қанға боялады+.
Мен оны әділдігіме сай, Едомның,Жоямын деп шешкен халықтың, төбесінен шүйіремін+.
6 Мен, Ехоба, семсерімді қанға маламын.
Оны майлаймын+,Ісек қошқарлар мен текелердің қанына бөктіремін,Қошқарлардың бүйрек майымен майлаймын.
Себебі мен, Ехоба, Босрада құрбандық дайындап қойдым;Мен Едом елінде қанды судай ағызамын+.
7 Олармен бірге жабайы бұқаларды сұлатамын,Мықты бұқалармен бірге дөнен бұқаларды қырамын.
Елдері қанға боялады, топырағына май сіңеді”.
8 Өйткені Ехоба кек алатын күнді+,Сион үшін есесін қайтаратын жылды белгілеп қойды+.
9 Оның* өзендері қарамайға,Топырағы күкіртке айналады.
Оның жері қарамай іспетті өртенеді.
10 Оты күндіз-түні өшпейді,Түтіні мәңгілік бойы будақтай береді.
Ұрпақтан ұрпаққа қаңырап бос жатады,Ол арқылы енді қайтып ешкім өтпейтін болады+.
11 Оны бірқазан мен жайра иемденеді,Онда құлақты жапалақтар мен қарғалар мекен етеді.
Құдай оны өлшеуіш жіппен және тіктегішпен өлшейді,Қаңыратып бос қалдыратынын көрсетеді.
12 Онда патша болатын бірде-бір беделді адам қалмайды,Бекзадаларының бәрі құрып жоғалады.
13 Оның бекініс мұнараларын тікен басады,Қамалдарын қалақай мен тікенді бұталар қаптайды.
Ол шибөрілердің ініне,Түйеқұстардың мекеніне айналады+.
14 Сол жерде түз жануарлары қасқырлармен ұшырасады,Жабайы ешкілер* маңырап бір-бірін шақырады.
Иә, сол жерде тентекқұс мекендеп, тынығатын орын табады.
15 Сол жерде оқжылан ін қазып, жұмыртқа салады,Жұмыртқаларын басып жатады, оларды қорғайды*.
Иә, кезқұйрықтар* да жұп-жұбымен сонда жиналады.
16 Мұны Ехобаның кітабынан тауып алып, дауыстап оқыңдар.
Олардың әрқайсысы өз орнында болады,Әрқайсысы өз жұбын табады.
Себебі бұл — Ехобаның берген нұсқауы,Олардың басын қосқан — соның рухы.
17 Ол солар үшін жеребе тастады,Соларға арналған жерді өз қолымен өлшеп берді.
Олар мәңгі бақи сол жерді иемденеді,Ұрпақтан ұрпаққа оны мекен етеді.
Сілтемелер
^ Едомның астанасы Босра жайлы айтылып тұрса керек.
^ Мүмкін: “Ешкіге ұқсас жындар”.
^ Сөзбе-сөз “саясына жинайды”.
^ Немесе “жыртқыш құстар”.