Ишая 18:1—7

  • Эфиопия туралы ауыр хабар (1—7)

18  Эфиопия өзендерінің бойындағыЫзыңдайтын қанатты жәндіктер елі қасіретке қалады+!  2  Ол теңіз арқылы папирус қайықтармен өкілдерін жіберіп: “Ей, жүйрік хабаршылар! Өздері бойшаң, терілері жылтырап тұратын,Барлық жерде үрей тудыратын+,Мықты да зорлықшыл халыққа,Елдерін өзендер шайып кеткен халыққа барыңдар”,— дейді.  3  Ей, жержүзінің тұрғындары,Сендер көрген нәрсе тау басына қойылған белгідей,Сендер естіген дауыс тартылған керней үніндей болады.  4  Өйткені Ехоба маған мынаны айтты: “Мен еш абыржымай, өз орныма* қараймын;Менің қарағаным аптап ыстықтағы күн нұрындай,Науқан кезіндегі ыстықта түсетін мол шықтай болады.  5  Науқан басталмай тұрып,Жүзім гүлін тастап, түйіні толысып піскенде,Өскіндері пышақпен кесіледі,Мұртшалары қырқылып тасталады.  6  Олар тау құзғындарына,Дала аңдарына қалдырылады. Жаз бойы олар құзғындарға,Науқан кезінде күллі дала аңдарына жем болады.  7  Сол уақытта Әскербасы Ехобаға сый әкелінеді,Өздері бойшаң, терілері жылтырап тұратын,Барлық жерде үрей тудыратын,Мықты да зорлықшыл халықтан,Елдерін өзендер шайып кеткен халықтан,Әскербасы Ехобаның есімімен аталатын жерге, Сион тауына+, сый әкелінеді”.

Сілтемелер

Мүмкін: “өз орнымнан”.