Зәбүр 98:1—9
-
Ехоба — Құтқарушы әрі әділ Төреші
-
Ехоба құтқарғанын паш етті (2, 3)
-
Жыр.
98 Ехобаға жаңа ән шырқаңдар+,Өйткені ол керемет істер жасады+.
Оң қолы, киелі білегі, оған жеңіс сыйлады+.
2 Ехоба құтқарғанын паш етті+.
Ұлттар алдында әділдігін көрсетті+.
3 Ол Исраил үйіне деген айнымас сүйіспеншілігі мен адалдығын есіне алды+.
Жержүзінің бәрі Құдайымыздың жеңісіне куә болды+.
4 Жержүзі, Ехобаға шаттана дауыстаңдар,Масаттаныңдар, қуана ән айтыңдар, мадақ әнін шырқаңдар+.
5 Ехобаға арфамен мадақ әнін шырқаңдар,Иә, оны арфамен, сазды әнмен мадақтаңдар.
6 Патшамыз Ехобаның алдындаСырнай, керней үнімен+ шаттана дауыстаңдар.
7 Лайым теңіз бен ондағының бәрі шуласын,Жер мен ондағының бәрі дауыстасын.
8 Лайым өзендер қол шапалақтасын,Таулар да бірігіп қуана ән салсын+.
9 Бұның бәрі Ехобаның алдында жасалсын,Өйткені ол соттауға келе жатыр.
Ол жер тұрғындарын әділдікпен соттайды+,Адамдарға адалдықпен үкім айтады+.