Зәбүр 95:1—11

  • Шынайы ғибадат пен мойынсұнушылық ажырағысыз

    • “Бүгін оның даусын естісеңдер” (7)

    • “Жүректеріңді қасарыстырмаңдар” (8)

    • “Олар менің демалу үшін дайындаған жеріме кірмейді!” (11)

95  Келіңдер, Ехобаға қуана ән салайық! Құтқарушы Жартасымызға шаттана шырқайық+!  2  Алдына барып алғыс айтайық+,Ән салайық, шаттана шырқайық.  3  Өйткені Ехоба — ұлы Құдай,Ол — құдай атаулыдан жоғары тұрған ұлы Патша+.  4  Жердің тұңғиығы соның қолында,Тау шыңдары да соған тиесілі+.  5  Өзі жаратқан теңіз де сонікі+,Құрлық та соның қолынан шықты+.  6  Келіңдер, оған ғибадат етейік, бас иейік,Жаратушымыз Ехобаның алдында тізе бүгейік+.  7  Өйткені ол — біздің Құдайымыз,Ал біз оның жайылымындағы халықпыз,Соның қолындағы қойлармыз+. Бүгін сендер оның даусын естісеңдер+,  8  Мерибадағыдай*, Массада* жүрген кездегідей+,Жүректеріңді қасарыстырмаңдар+,  9  Сол кезде мені сынаған бабаларың сияқты болмаңдар+. Істерімді көрсе де, олар мені сынады+. 10  Сол ұрпаққа мен қырық жыл жирене қарадым, сосын былай дедім: “Бұл — әрқашан жүрек қалауларының жетегінде жүретін халық,Олар менің жолдарымды танып-білмеді”. 11  Сондықтан мен ашуланып: “Олар менің демалу үшін дайындаған жеріме кірмейді!”— деп ант еттім+.

Сілтемелер

Мағынасы “ұрыс-жанжал”.
Мағынасы “сынау; сынақ”.