Зәбүр 90:1—17

  • Құдай мәңгілік, ал пенденің өмірі қысқа

    • Мың жыл өте шыққан кешегі күндей (4)

    • Пенденің өмірі 70—80 жыл (10)

    • “Күндерімізді санауды үйретші” (12)

Шынайы Құдайдың қызметшісі Мұсаның дұғасы+. 90  Уа, Ехоба, ұрпақтан ұрпаққа сен біздің тұрағымыз* болып келесің+.   Таулар туылмай тұрып,Өзің жер мен әлемді дүниеге келтірмей тұрып+, сен бар болғансың. Сен мәңгілік Құдайсың+;   Сен пендені қайтадан топыраққа айналдырасың,Оған: “Кері қайт, адам баласы!”— дейсің+.   Сенің көз алдыңда мың жыл өте шыққан кешегі күндей+,Бар болғаны түнгі күзеттей.   Оларды аяқастынан алып кетесің+;Олар түс сияқты ғайып болады;Таң ата көктеп шыққан шөпке ұқсайды+:   Таңертең жайнап шығады, жаңарады,Ал кешке қурап семіп қалады+.   Қаһарыңнан құрып жоқ боламыз+,Ашуыңнан дірдек қағамыз.   Күнәларымыз өзіңе аян+,Нұрлы жүзің құпияларымызды ашады+.   Қаһарыңнан өміріміз сөніп барады,Жылдарымыз күрсіністей өте шығады. 10  Ғұмырымыз жетпіс жасқа созылар,Қауқарымыз мол болса, сексенге барар+,Әйтсе де қайғы-қасірет бар көреріміз;Өмір зымырап өтеді де, ғайып боламыз+. 11  Сенің қаһарыңның құдіретін кім түсіне алады? Өзіңнен тиісті дәрежеде қорқу үшін, қаһарыңның құдіретін кім ұғады+? 12  Бізге күндерімізді санауды үйретші+,Дана жүрекке ие болайық. 13  Қайта оралшы, уа, Ехоба+! Қашанғы кешеуілдетесің+? Қызметшілеріңді аяшы+. 14  Таңертең айнымас сүйіспеншілігіңе кенелтші+,Өмір бойы шаттана дауыстап, қуанып жүрейік+. 15  Өзің қасіретке душар еткен күндерімізге сай қуанышқа бөлеші+,Бақытсыздыққа ұшыраған жылдарымызға+ сай шаттыққа кенелтші. 16  Лайым қызметшілерің сенің істеріңді,Олардың ұлдары ұлылығыңды көрсін+. 17  Лайым Құдайымыз Ехоба бізге ықыласын түсірсін. Қолымызбен жасаған ісімізді өзің оңғара көр. Иә, жасаған ісімізді оңғара көр+.

Сілтемелер

Мүмкін: “панамыз”.