Зәбүр 78:1—72
Маскил*. Асаптың+ жыры.
78 Ей, халқым, менің заңыма* құлақ түр,Аузымнан шыққан сөздерге құлақ сал.
2 Аузымды ашып, нақыл сөз айтамын,Байырғы заманның жұмбақтарын жасырамын+.
3 Бұл жайттарды біз естігенбіз әрі білеміз,Бізге оларды әкелеріміз айтып берген+.
4 Біз де олардың ұрпағынан ештеңе жасырмаймыз,Келер буынға бәрін айтып жеткіземіз+.
Ехобаның мадаққа лайық істері мен күш-қуаты+,Керемет істер жасағаны жайлы жария етеміз+.
5 Ол Жақып ұлдарының арасында ескертуін бекітті,Исраил елінде заңын орнатты.
Осыларды балаларына білдіруді бабаларымызға бұйрық етті+.
6 Осылай келер буын,Әлі дүниеге келмеген ұрпақ, соларды білсе екен деді+.
Ал олар болса бұларды өз балаларына айтып берер еді+.
7 Бұл олардың Құдайға деген сенімділігін арттырар еді.
Құдайдың істерін ұмытпай+,Бұйрықтарын орындап жүрер еді+.
8 Сонда олар бабалары іспетті болмас еді.
Себебі бабалары қыңыр, бүлікшіл ұрпақ еді+,Жүректері тұрақсыз+ әрі Құдайға адал болмаған ұрпақ еді.
9 Ефремдіктер садақпен қаруланған еді,Бірақ шайқас күні кері шегінді.
10 Олар Құдайдың келісімін ұстанбады+,Оның заңымен жүруді де қаламады+.
11 Құдайдың не істегенін естен шығарды+,Өздеріне көрсеткен керемет істерін еске алмады+.
12 Құдай бабаларының көз алдында,Мысыр елінде, Зоған жерінде+, керемет істер жасап еді+.
13 Ол теңізді қақ жарып, оларды су ортасымен өткізді,Суды дуал іспетті тік тұрғызып қойып еді+.
14 Күндіз бұлтты бағанамен,Түнде отты бағананың жарығымен жетелеп жүрді+.
15 Шөл далада жартасты жарып,Терең судан ішкізгендей, шөлдерін қандырды+.
16 Жартастан бұлақ ағызып,Суды өзендей сарқыратты+.
17 Бірақ олар шөл далада Құдай Тағалаға қарсы бүлік шығарып,Оған қарсы күнә жасауларын қоймады+.
18 Жандары көксеген тамақты талап етіп,Жүректерінде Құдайды сынады+.
19 Құдайға қарсы сөйлеп:
“Құдай шөл далада дастарқан жая ала ма?”— деді+.
20 Міне, ол жартасты ұрды да,Су ағызды, бұлақтарды тасқындатты+.
Сөйтсе де олар: “Ол бізге нан да бере ала ма?
Халқына ет жегізе ала ма?”— деді+.
21 Ехоба мұны естігенде, қаһарына мінді+;Жақыпқа қарсы от+ жалындады,Исраилге ол қатты қаһарланды+.
22 Өйткені олар Құдайға сенбеді+,Құтқара алатынына сенім артпады.
23 Сондықтан ол бұлтты аспанға бұйрық етті де,Көк қақпаларын ашты.
24 Солар жесін деп манна жаудырды,Көктен тамақ беріп отырды+.
25 Адамдар мықтылардың*+ нанын жеді;Құдай оларға тойғандарынша мол берді+.
26 Ол көкте шығыстан жел тұрғызды,Құдіретімен оңтүстіктен жел соқтырды+.
27 Тозаң іспетті мол етіп үстеріне ет жаудырды,Жағадағы құм қиыршықтарындай сансыз құстар түсірді.
28 Оларды қостарының ортасына әкеліп,Шатырларының айналасына құлатты.
29 Халық жеп, тояттанды,Құдай оларға қалағандарын берді+.
30 Бірақ олар құмарларынан шықпай тұрғанда,Тамақтары әлі ауыздарында болғанда,
31 Оларға Құдайдың қаһары лаулады+.
Ең мықты жігіттерін өлімге ұшыратты+,Исраилдің жас жігіттерін жер жастандырды.
32 Бірақ олар одан бетер күнәға батып+,Оның керемет істеріне сенбеді+.
33 Сондықтан Құдай олардың күндерін дем іспетті жоқ қылды+,Күтпеген жерден үрей билетіп, жылдарын ада қылды.
34 Ал қырғынға ұшыратқан сайын, олар Құдайды керек ететін+,Қайта бет бұрып, оны іздейтін.
35 Сонда Құдай өздерінің Жартасы екені+,Алла Тағала Құндарын өтеуші* екені естеріне түсетін+.
36 Бірақ оны ауыздарымен алдауға тырысатын,Тілдерімен оған өтірік айтатын.
37 Жүректері оған адал болмады+,Келісімін де берік ұстанбады+.
38 Бірақ ол мейірімділік танытатын+,Күнәларын кешіретін, оларды құртып жібермейтін+.
Бар қаһарын төкпей+, әдетте ашуын басатын.
39 Өйткені олардың пенде екенін+,Есіп өтіп, қайта оралмайтын жел екенін* есінде тұтты.
40 Қуаң далада олар талай рет Құдайға қарсы бүлік шығарды+,Шөл далада оның жүрегін ауыртты+!
41 Құдайды қайта-қайта сынады+,Исраилдің Киелі Құдайын қайғыртты.
42 Оның құдіретін естен шығарды,Жауларынан құндарын өтеп алған күнді ұмытты+,
43 Мысыр елінде көрсеткен белгілерін+,Зоған жерінде жасаған мына кереметтерін естен шығарды:
44 Құдай мысырлықтар өз суларын іше алмайтындай етіп,Ніл салаларын қанға айналдырды+.
45 Оларды шағып қинасын деп, құжынаған сона жіберді+,Жерлерін құртсын деп, бақалар қаптатты+.
46 Егіндерін обыр шегірткелерге,Еңбектерінің жемісін көшпелі шегірткелерге берді+.
47 Жүзімдіктері мен інжір ағаштарын бұршақпен жойды+.
48 Жүк таситын малдарын бұршақтың астында қалдырды+,Үй жануарларына найзағай түсірді.
49 Оларға лаулаған қаһарын төкті,Ашуын жалындатты, наразы болды, қасіретке қалдырды,Апатқа ұшырататын періштелерін жіберді.
50 Ол қаһарына даңғыл жол дайындады.
Оларды өлімнен қақпайламады,Өмірлерін індетке табыстады.
51 Ақыр соңында Мысырдың күллі тұңғыштарын,Хам шатырларында туған тұңғыштарын қырып тастады+.
52 Сосын өз халқын қойлардай алып шықты+,Шөл далада отарындай бастап жүрді.
53 Жетелеп жүргенінде, оларға еш қауіп төнбеді,Олар ештеңеден үрейленбеді+.
Ал жауларын теңіз жауып қалып, жібермеді+.
54 Құдай өз халқын қасиетті жеріне+ —Оң қолымен иемденген осы таулы аймаққа әкелді+.
55 Олардың алдынан халықтарды қуып тастады+,Өлшеуіш жіппен межелеп, мұралы иелік берді+,Исраил руларына үй-жай сыйлады+.
56 Бірақ олар Құдай Тағаланы сынауларын да,Оған қарсы бүлік шығаруларын да доғармады+.
Оның ескертулеріне ден қоймады+.
57 Олар кері бұрылып кетті, бабалары сияқты опасыз+,Қисық садақ іспетті сенімсіз болды+.
58 Олар ғибадат төбелерін жасап, оны қорлауын қоймады+,Тәңір мүсіндерін жасап алып, ашуын* тудырды+.
59 Құдай мұны көріп, ашуы жалындады+,Сондықтан Исраилден мүлдем бас тартты.
60 Ақырында ол Шилодағы киелі шатырынан+,Адамдар арасындағы тұрағынан бас тартты+.
61 Ол күші мен салтанатының бейнесі болған келісім сандығының тұтқынға алынуына,Жау қолына түсуіне жол берді+.
62 Халқын семсер жүзіне табыстады+,Меншікті иелігіне қаһары қайнады.
63 Олардың жас жігіттерін от жалмады,Бойжеткендеріне арнап той жыры айтылмады.
64 Діни қызметкерлері семсерден сұлады+,Жесірлері оларды жоқтамады+.
65 Сонда Ехоба ұйқысынан оянды+,Шарап ішіп масайған мықты сарбаздай+ оянды.
66 Ол дұшпандарын кері қуып тастады+,Мәңгіге масқарасын шығарды.
67 Ол Жүсіптің ұрпақтарынан бас тартты,Ефрем руын да таңдамады.
68 Оның таңдағаны Яһуда руы+,Өзі сүйген Сион тауы болды+.
69 Ол өзінің қасиетті орнын көк іспетті берік қылды+,Мәңгі тұратын жер іспетті етіп орнықтырды+.
70 Қызметшісі етіп Дәуітті таңдады+,Оны қой қорадан алдыртты+.
71 Саулықтарды қамқорлап жүрген жерінен алып,Өз халқы Жақыпқа, меншікті иелігі Исраилге,Бағушы етіп қойды+.
72 Ол болса халықты мінсіз жүрекпен бақты+,Епті қолымен бастап жүрді+.
Сілтемелер
^ Түсіндірмені қараңыз.
^ Немесе “нұсқауыма”.
^ Немесе “періштелердің”.
^ Немесе “Кек алушылары”.
^ Мүмкін: “Рухтың шыққан соң, қайта оралмайтынын”.
^ Немесе “бойында қызғаныш”.