Зәбүр 75:1—10

  • Құдай адал соттайды

    • Зұлымдар Ехобаның тостағанынан ішеді (8)

Ән-күй жетекшісіне. “Құрта көрме” әуенімен айтуға арналған Асаптың+ жыры. Ән. 75  Саған алғыс айтамыз, уа, Құдай, саған алғыс айтамыз;Сен бізбен біргесің+,Жұрт керемет істеріңді жариялайды.  2  Сен былай дейсің: “Сот жүргізуді шешсем, Мен оны әділ жүргіземін.  3  Жер мен оның тұрғындарының бәрі аласапыранға түскенде,Оның тіректерін берік еткен мен едім”. (Села)  4  Мақтаншаққа: “Бөспе!”— дедім,Зұлымға мынаны айттым: “Мықтымын деп көпірме!  5  Аса мықтымын деп көпірме,Паңданып та сөйлеме.  6  Өйткені ұлылық шығыстан да, батыстан да, оңтүстіктен де келмейді.  7  Себебі Құдай — Төреші+. Ол біреуді төмендетеді, ал өзге біреуді жоғарылатады+.  8  Ехобаның қолында көбіктенген,Әбден ашыған шарап құйылған тостаған бар+. Ол оны міндетті түрде төгеді,Жердегі зұлым атаулы оны түбіне дейін сарқып ішеді+”.  9  Ал мен осы жайлы мәңгі бақи жариялаймын,Жақыптың Құдайына мадақ әнін шырқаймын. 10  Себебі Құдай былай дейді: “Зұлымдарды бар күшінен* айырамын,Ал әділдердің күшін арттырамын”.

Сілтемелер

Сөзбе-сөз “мүйіздерінен”.