Зәбүр 74:1—23
Маскил*. Асаптың+ жыры.
74 Уа, Құдай, неге бізден біржола бас тарттың+?
Неге өз жайылымыңдағы отарға қаһарыңды лаулаттың+?
2 Ежелде өзің иемденген халықты+,Меншігің ету үшін құнын өтеген руды+ ұмыт қалдырмашы.
Өзің мекендеген Сион тауын ұмытпашы+.
3 Ежелден жатқан үйінділерге қадамыңды бағытташы+.
Жау қасиетті орныңдағының бәрін қиратып тастады+.
4 Бас қосатын жеріңде дұшпандарыңның айғайы естілді+.
Сол жерге олар белгі ретінде туларын тікті.
5 Олар ну орманды шабу үшін балтасын оңды-солды сермейтіндерге ұқсады.
6 Жау ғибадатхана өрнектерін+ балтамен, сүйменмен түгін қалдырмай талқандады.
7 Ғибадатханаңа от қойып өртеп жіберді+,Өз атыңмен аталатын киелі шатырды жермен-жексен етті, арамдады.
8 Өздері де, ұрпақтары да іштей мынаны айтты:
“Мына елде Құдайға ғибадат ететін жер қалмасын, бәрін өрт жалмасын!”
9 Біз көретін белгілер қалмады;Пайғамбар атаулы да жоқ болды,Мұның қаншаға созыларын арамызда ешкім білмейді.
10 Уа, Құдай, қашанғы қастастарымызға мазақ боламыз+?
Жау есіміңді мәңгі бақи аяқасты ете бере ме+?
11 Неге қолыңмен, оң қолыңмен, әрекет етпейсің+?
Оны қойныңнан шығарып, оларды құртып жіберші.
12 Сөйтсе де ежелден бері Құдай — менің Патшам,Ол — жер бетіндегілерді құтқаратын Құдай+.
13 Сен күшіңмен теңізді буырқандырдың+,Теңіз құбыжықтарының бастарын мылжаладың.
14 Левиафанның* бастарын мыжып,Шөл дала тұрғындарына азық етіп бердің.
15 Су қайнарлары мен бұлақтардың көзін аштың+;Еш құрғамайтын өзендерді суалттың+.
16 Күн де, түн де сенікі.
Жарық пен Күнді өзің жараттың+.
17 Жердің барлық шегарасын сен межеледің+,Жаз бен қыс мезгілдерін де белгіледің+.
18 Уа, Ехоба, жаудың сені мазақ қылғанын,Ақымақтардың есіміңді аяқасты еткенін ұмытпашы+.
19 Өз кептеріңнің жанын жыртқыш аңдарға бермеші.
Бейшара халқыңды мәңгіге ұмыт қалдырмашы.
20 Келісіміңді есіңе алшы,Өйткені елдің қараңғы жерлерінде зорлық-зомбылық ордалары көбейді.
21 Лайым қорлық көргендер ұятқа қалмасын+.
Бейшара мен жарлы есіміңді даңқтасын+.
22 Уа, Құдай, түрегеліп, сот ісіңді жүргізші.
Ақымақ адамның күні бойы сені мазақ еткенін есіңе түсірші+.
23 Жауларыңның айтқандарын ұмытпашы.
Саған қарсы шыққандардың шуы күшейіп барады.