Зәбүр 69:1—36

  • Құтқаруын сұрап дұға ету

    • “Бойымды сенің үйіңе деген құлшыныс кернейді” (9)

    • “Тездетіп жауап берші” (17)

    • “Олар шөлдегенімде сіркесу берді” (21)

Ән-күй жетекшісіне. “Лалагүлдер” әуенімен айтуға арналған Дәуіттің жыры. 69  Құтқара көр, уа, Құдайым, өйткені судың көтерілгені сонша — жанымды жұтып қоюға шақ тұр+.  2  Мен аяқ тірер жері жоқ батпаққа терең баттым+,Тұңғиық суға түстім,Екпінді су мені ағызып әкетті+.  3  Көмекке шақыра-шақыра өзегім талды+;Даусым да қарлығып қалды. Құдайымды күтуден көзім талды+.  4  Мені себепсіз жек көретіндер+ Басымдағы шашымнан да көп болып кетті. Көзімді құртқысы келетіндердің,Зымиян дұшпандарымның*, саны көбейді. Ұрламаған затымды беруге мәжбүр етті.  5  Уа, Құдайым, ақымақтық жасағаным өзіңе аян,Кінәлі екенім де саған құпия емес.  6  Уа, Әлемнің Әміршісі Әскербасы Ехоба,Саған үміт артатындар маған бола ұятқа қалмаса екен. Уа, Исраил Құдайы,Сені іздейтіндер маған бола масқара болмаса екен.  7  Мен сен үшін мазаққа төзудемін+,Мен әбден қарабет болдым+.  8  Туған бауырларым үшін бөтен адамға,Бір анадан туған бауырларым үшін жатжерлікке айналдым+.  9  Бойымды сенің үйіңе деген құлшыныс кернейді+,Сені қорлағандардың ғайбат сөздері маған тиеді+. 10  Ораза ұстап өзімді кіші тұтқанымда*,Сол үшін мазақ болдым. 11  Үстіме азалы киім кигенімде,Олар мені аяусыз мысқылдады*. 12  Қақпа алдында отыратындар мені әңгіме қылады,Ішкіштер мен жайлы ән айтады. 13  Бірақ өзіңе айтқан дұғам ықыласыңды түсіретін кезде жетсе екен, уа, Ехоба+. Айнымас сүйіспеншілігің мол болғандықтан, уа, Құдай, жауап берші,Нағыз құтқарушы екеніңді паш етші+. 14  Мибатпақтан құтқаршы,Батып кетуіме жол бермеші. Мені жек көретін адамдардан құтқаршы,Терең судан сақташы+. 15  Екпінді тасқын су мені ағызып әкетпесінші+,Тұңғиық жұтып қоймасыншы,Ордың аузы үстімнен жабылып қалмасыншы+. 16  Жауап берші, уа, Ехоба, өйткені сенің айнымас сүйіспеншілігің ізгі+. Көл-көсір мейіріміңмен маған бет бұршы+, 17  Қызметшіңнен жүзіңді жасырмашы+. Тездетіп жауап берші, өйткені мен бақытсыздыққа ұшырадым+. 18  Жақындап келіп, мені құтқаршы,Жауларым үшін құнымды өтеп алшы. 19  Сен менің қорлық көргенімді, абыройым төгіліп, масқара болғанымды білесің+. Жауларымның бәрі көз алдыңда. 20  Қорлық сөздер жүрегімді күйретті, жаныма айықпас жара түсірді. Біреу аяй ма деп ем, бірақ ондайлар болмады+;Жұбатушылар бола ма деп ем, бірақ ешкім табылмады+. 21  Олар тамақ орнына у берді+,Шөлдегенімде сіркесу берді+. 22  Олардың дастарқандары өздеріне тұзақ,Ал молшылықтары тор болсын+. 23  Көздері тұманданып, көрмей қалсын,Тұла бойлары қалшылдап тұратын болсын. 24  Оларға қаһарыңды төкші,Олар сенің ызғарлы ашуыңа іліксінші+. 25  Дуалмен қоршаған қостары бос қалсын,Шатырлары қаңырап жатсын+. 26  Өйткені олар сенен соққы алған адамды қудалап жатыр,Өзің жаралағандардың қасіретін сөз етуді қоймай жатыр. 27  Кінәларына кінә қосшы,Оларды әділетсіз деп санашы. 28  Аттары өмір кітабынан өшіріліп тасталсын+,Есімдері әділдердің тізіміне жазылмасын+. 29  Ал мен бейшарамын, азап шегудемін+;Уа, Құдайым, құтқарушы қолыңмен мені қорғашы. 30  Мен Құдайдың есімін дәріптеп ән саламын,Алғысымды білдіріп, оны мадақтаймын. 31  Ехобаға бұл құрбандыққа шалынған бұқалардан да ұнамды,Мүйізі мен тұяғы бар жас бұқадан да жағымды+. 32  Момындар мұны көріп, қуанады. Құдайға қызмет ететіндер, лайым жүректерің нығайсын! 33  Өйткені Ехоба жарлыларды тыңдайды+,Тұтқындағы халқын елеусіз қалдырмайды+. 34  Көк пен жер оны мадақтасын+,Теңіздер мен ондағылардың бәрі де қарап қалмасын! 35  Құдай Сионды аман сақтайды+,Яһуданың қалаларын қайта тұрғызады. Халқы сол жерге орнығып, оған ие болады. 36  Құдайға қызмет ететіндердің ұрпағы оны мұра етеді+,Құдайдың есімін сүйетіндер+ сол жерді мекен етеді.

Сілтемелер

Немесе “Себепсіз жауласып жүргендердің”.
Мүмкін: “Көз жасымды көл етіп, ораза тұтқанымда”.
Немесе “мәтелге айналдырды”.