Зәбүр 56:1—13

  • Қудаланғанда айтылған дұға

    • “Құдайыма арқа сүйеймін” (4)

    • “Көз жасымды месіңе жинап қойшы” (8)

    • “Пенде маған не істей алады?!” (4, 11)

Ән-күй жетекшісіне. “Жырақтағы үнсіз кептер” әуенімен айтуға арналған Дәуіттің жыры. Михтам*. Філістірлер Ғатта Дәуітті ұстап алғандағы оқиғаға қатысты жазылған+. 56  Маған ықыласыңды түсіре көрші, уа, Құдайым, өйткені пенде маған қарсы шықты. Олар менімен күні бойы күресіп, күні бойы қысым көрсетеді.   Жауларым мені тістеп алып, күні бойы айырылмайды;Тәкаппарланып маған қарсы шығатындар көбейді.   Бойымды үрей билегенде+, өзіңе сенім артамын+.   Құдайдың айтқан сөзін дәріптеймін,Құдайыма арқа сүйеймін, еш қорықпаймын. Жұмыр басты пенде маған не істей алады+?!   Олар мені күні бойы мазалайды,Маған қиянат жасауды ғана ойлайды+.   Тұтқиылдан тию үшін жасырынып жатады,Жанымды алу үшін+, әрбір қадамымды бағады+.   Зұлымдықтары үшін оларға теріс қарашы. Уа, Құдайым, ұлттарды қаһарлана жазалашы+.   Кезбе болған кездерімде сен мені мұқият бақыладың+. Көз жасымды месіңе жинап қойшы+,Сен олардың бірін қалдырмай кітабыңа жазып қойдың емес пе+?!   Мен өзіңнен көмек сұраған күні жауларым кері шегінеді+. Құдай менің жағымда, бұған нық сенімдімін+. 10  Құдайдың айтқан сөзін дәріптеймін,Ехобаның айтқан сөзін дәріптеймін. 11  Құдайыма арқа сүйеймін, еш қорықпаймын+. Жұмыр басты пенде маған не істей алады+?! 12  Уа, Құдайым, берген сертіммен өзіңе жіпсіз байландым+,Өзіңе арнап ризашылық құрбандығын ұсынамын+. 13  Өйткені сен жанымды өлімнен аман алып қалдың+,Аяғымды сүрінуден сақтадың+,Мұны алдыңда жүріп, өмір сүре берсін деп істедің+.

Сілтемелер