Зәбүр 35:1—28

  • Жауларынан құтқаруын сұрап дұға айту

    • Жауларын қуып жібереді (5)

    • Жамағат арасында Құдайды мадақтау (18)

    • Себепсіз жеккөрінішті болу (19)

Дәуіттің жыры. 35  Уа, Ехоба, қарсыластарыма қарсы шығып, мүддемді қорғашы+,Маған қарсы күресіп жатқандармен өзің күресші+.   Кіші қалқаныңды, үлкенін де алып+,Мені қорғауға шықшы+.   Найзаң мен айбалтаңды мені қудалаушыларға+ қарсы көтерші. Маған: “Мен сенің құтқарушыңмын!”— дей көрші+.   Жанымды аңдып жүргендер ұятқа қалып, жер болсыншы+. Мені құртуға әрекеттеніп жүргендер масқара болып кері шегінсінші.   Олар жел ұшырған қауыздай болса екен,Ехобаның періштесі оларды қуып жіберсе екен+.   Ехобаның періштесі соңдарына түскенде,Жолдары қараңғы әрі тайғақ болсын.   Өйткені олар еш себепсіз маған тор құрды,Еш себепсіз ор қазды.   Олар күтпеген жерден пәлеге ұшырасын,Маған құрған торға өздері түссін,Соған құлап, құрып жоқ болсын+.   Ал менің жаным Ехобаны ойлап қуанады,Оның құтқарғанына шаттанады. 10  Мен бар жүрегіммен былай деймін: “Уа, Ехоба, саған тең келер кім бар?! Сен қорғансыз бейшараны күштіден құтқардың+,Дәрменсіз әрі жарлы адамды тонаушысынан арашаладың+”. 11  Қатыгез куәгерлер алға шығады+,Мен білмейтін жайттарды сұрастырады. 12  Жақсылығыма жамандықпен қайтарады+,Мені жақынынан айырылған адамдай күйде қалдырады. 13  Ал олар науқастанып жатқанда, мен азалы киім киіп жүріп ем,Жанымды қинап ораза тұтып ем;Сонда айтқан дұғаларым жауапсыз қайтатын. 14  Досымды, туған бауырымды жоқтағандай, қабырғам қайысушы еді,Анасын жоқтаған адамдай қайғыдан бүгілуші ем. 15  Ал мен сүрінгенде, олар қуанды, бірге бас қосты,Тұтқиылдан мені сұлатып салуға жиналды;Олар мені жұлып жеді, үнсіз қалмады. 16  Құдайсыздар тілдерін безеп, мазақ етті*,Маған тістерін қайрады+. 17  Уа, Ехоба, қашанғы қарап отыра бересің+? Олардың шабуылынан жанымды құтқаршы+,Баға жетпес өмірімді абдан арыстандардан сақташы+. 18  Сонда мен үлкен қауымда саған алғыс айтамын+,Ұлы жамағат арасында мадақтаймын. 19  Себепсіз жауласып жүргендерге мені табалатып қоймашы,Себепсіз жек көретіндердің+ көздерін қысып, зымияндық ойлауына+ жол бермеші. 20  Өйткені олар татулық сөзін айтпайды,Қайта, елдегі тату жұртқа қарсы зымияндық ойлайды+. 21  Мені айыптау үшін ауыздарын арандай ашып: “Ә, бәлем, біз мұны көрдік!”— дейді. 22  Бұны өзің көріп тұрсың ғой, уа, Ехоба! Үнсіз қалмашы+. Уа, Ехоба, менен алшақ тұрмашы+. 23  Ояншы, мені қорғауға түрегелші,Уа, Құдайым Ехоба, сот ісінде мүддемді қорғашы. 24  Мені өз әділдігіңе сай сотташы+, уа, Құдайым Ехоба! Оларға мені табалатып қоймашы. 25  Олар ешқашан: “Құп болды, дегенімізге жеттік!”— демесін. Ешқашан: “Біз оны тірідей жұттық!”— деп жүрмесін+. 26  Басыма түскен қасіретім үшін мені табалағандардыңБәрі де ұятқа қалсын, масқара болсын. Мені менсінбегендер ұятқа қалып, сақтары сынсын. 27  Ал әділдігіме қуанатындар шаттана дауыстасын,Әрқашан былай дейтін болсын: “Лайым қызметшісінің татулықта өмір сүргеніне қуанатын Ехоба марапатталсын!”+ 28  Сонда сенің әділдігіңді айтып қызыл тілім сайрасын*+,Күнұзаққа өзіңді мадақтасын+.

Сілтемелер

Мүмкін: “Бірүзім нан үшін мені мазақ еткен құдайсыздар”.
Мұнда күбірлеп сөйлеу не ой жүгірту жөнінде айтылып тұр.