Зәбүр 27:1—14

  • Ехоба — қорғаным

    • Құдайдың ғибадатханасын бағалау (4)

    • “Әке-шешем тастап кетсе де, Ехоба мені қалдырмайды” (10)

    • “Үмітіңді Ехобаға арт” (14)

Дәуіттің жыры. 27  Ехоба — менің нұрым+ әрі құтқарушым,Кімнен қорқамын+?! Ехоба — өмірімді сақтайтын қорғаным+,Кімнен үрейленемін?!   Зұлымдар мені жалмау үшін шабуылдады+,Қастастарым мен жауларымның өздері сүрініп құлады.   Маған қарсы әскер қос тіксе де,Жүрегім селт етпейді+. Маған қарсы соғыс ашса да,Сенімділігім жоғалмайды.   Мен Ехобадан бір нәрсені сұрадым,Соған ғана қол жеткізуді қалаймын: Бар ғұмырымды Ехобаның үйінде өткізсем+,Ехобаның көркіне көз тіксем,Оның ғибадатханасына тамсана көз жіберсем+.   Себебі пәлеге душар болған күні ол мені панасына саялатады+,Шатырына, құпия жерге жасырады+. Ол мені биік жартасқа тұрғызады+.   Сонда айналамдағы жауларымнан мерейім үстем болады;Шаттық үнімен оның шатырында құрбандықтар ұсынамын,Ехобаға мадақ әнін айтамын.   Уа, Ехоба, жанайқайымды ести көрші+,Ықыласыңды түсіріп, жауап берші+.   “Мені іздеңдер!” деген сөзің жүрегімде сайрап тұр. Мен өзіңді іздеймін, уа, Ехоба+.   Жүзіңді менен жасырмашы+,Қаһарланып, қызметшіңнен бас тартпашы. Көмекшім өзіңсің+,Уа, құтқарушы Құдайым, мені қалдырмашы, тастамашы. 10  Тіпті туған әке-шешем тастап кетсе де+,Ехоба мені қабылдайды+. 11  Өз жолыңа салшы мені, уа, Ехоба+. Жауларымнан қорғап, әділдік жолымен жетелеші. 12  Мені қастастарымның қолына бермеші+,Өйткені жалған куәлар маған қарсы көтерілді+,Өршелене қоқан-лоқы көрсетті. 13  Тірілер жерінде Ехобаның ізгілігін көретініме сенбесем,Мен қайда қалар ем+?!* 14  Үмітіңді Ехобаға арт+,Батыл бол, жүрегің де мығым болсын+,Иә, үмітіңді Ехобаға арт!

Сілтемелер

Мүмкін: “Тірілер жерінде Ехобаның ізгілігін көретініме мен кәміл сенемін”.