Зәбүр 2:1—12
2 Неге халықтар толқып жатыр?
Неге жұрт күбірлесіп*, іске аспайтын жоспар құрып жатыр+?
2 Жержүзінің патшалары бас көтерді,Билеушілері бір кісідей жиылып*+,Ехоба мен оның майланғанына*+ қарсы шықты.
3 Олар: “Бізге салған бұғауларын бұзып,Арқандарын лақтырып тастайық!”— дейді.
4 Бұған көктегі тағында отырған Құдай күледі,Иә, Ехоба оларды мазақ етеді.
5 Ол ашулана сөйлейді,Қаһары лаулап зәрелерін ұшыра былай дейді:
6 “Киелі тауым Сионда+
Мен өз патшамды тағайындадым+!”
7 Сендерге Ехобаның жарлығын айтайын,Ол маған былай деді: “Сен менің ұлымсың+,Бүгін мен саған әке болдым+.
8 Менен сұра, сонда иелігіңе халықтарды беремін,Бүкіл жерді қолыңа тапсырамын+.
9 Оларды темір асатаяғыңмен қиратасың+,Қыш құмыраны сындырғандай тас-талқан етесің+!”
10 Ендеше, патшалар, ақылға келіңдер,Жержүзіндегі билер, түзетуді қабылдаңдар.
11 Ехобадан қорқып, оған қызмет етіңдер,Оны қастерлеңдер, қуаныңдар.
12 Ұлына құрмет көрсетіңдер*+,Әйтпесе Құдай қаһарына мінеді де,Сендер құрып жоқ боласыңдар+.
Себебі оның ашуы лезде лап ете қалады,Ал Құдайды паналайтын әркім бақытты болады.
Сілтемелер
^ Немесе “ойласып”.
^ Немесе “кеңес құрып”.
^ Немесе “оның Мәсігіне”.
^ Сөзбе-сөз “бетінен сүйіңдер”.