Зәбүр 112:1—10
112 Ехобаны* мадақтаңдар+!
א [Алеф]
Ехобадан қорқатын+,ב [Бет]
Бұйрықтарынан зор қуаныш табатын адам бақытты+.
ג [Гимел]
2 Жер бетінде оның ұрпақтары мықты болады.
ד [Далет]
Турашыл жанның үрім-бұтағына бата қонады+.
ה [Хе]
3 Оның үйі байлық пен дәулетке толады,ו [Вав]
Әділ істері мәңгі бақи қалады.
ז [Заин]
4 Түнектегі жарықтай, турашыл жандарға нұр шашады+,ח [Хет]
Ол жанашыр, мейірімді+ де әділ.
ט [Тет]
5 Жомарттықпен қарыз беретін адам жарылқанады+,י [Йод]
Істерін әділ атқарады.
כ [Каф]
6 Ол ешқашан шайқалмайды+.
ל [Ламед]
Әділ адам мәңгі бақи ұмытылмайды+.
מ [Мем]
7 Ол жаман хабардан қорықпайды+,נ [Нун]
Ехобаға сенетіндіктен, жүрегі еш қобалжымайды+.
ס [Самех]
8 Оның жүрегі селт етпейді; ол қорқу дегенді білмейді+.
ע [Аин]
Ақырында жауларының жеңілгенін көреді+.
פ [Пе]
9 Ол жомарттықпен өз иелігімен бөлісіп, жарлыларға береді+.
צ [Цади]
Әділ істері мәңгі бақи қалады+.
ק [Коф]
Күші ұлылықпен жоғарылатылады.
ר [Реш]
10 Зұлым адам мұны көріп, ашуланады,ש [Шин]
Тісін қайрайды, құрып жоғалады.
ת [Тав]
Зұлымның аңсағаны орындалмайды+.
Сілтемелер
^ Сөзбе-сөз “Ях”. Ях — Ехоба деген есімнің қысқа түрі.