Еремия 27:1—22

  • Бабыл салатын мойынағаш (1—11)

  • Седекияға Бабылға мойынсұну айтылды (12—22)

27  Яһуданың патшасы Жосия ұлы Ехоякімнің билік құруының басында Ехоба Еремияға сөзін арнады.  Сонда Ехоба маған мынаны айтты: “Өзіңе қайыс таспалар мен мойынағаштар* жасап, мойныңа сал.  Сосын оларды Иерусалимге Яһуданың патшасы Седекияға келген хабаршылардың қолына ұстатып, Едомның+ патшасына, Моабтың+ патшасына, аммондықтардың+ патшасына, Тир+ патшасы мен Сидонның+ патшасына беріп жібер.  Олар қожайындарына мына бұйрықты жеткізсін. Қожайындарыңа мына сөзді жеткізіңдер, Әскербасы Ехоба, Исраилдің Құдайы былай дейді:  —Жерді, адамзатты, жер бетіндегі аңдарды зор күшіммен, құдіретті қолыммен жаратқан — менмін, әрі оны көңілім қалаған адамға бердім+.  Мына жердің бәрін өз қызметшім Бабылдың патшасы Навуходоносордың+ қолына бердім. Тіпті даладағы жабайы аңдарды да соған бағындырдым.  Барлық халықтар оған, оның ұлына және немересіне қызмет етеді. Өз елінің басына күн туып+, көптеген халықтар мен ұлы патшалар оның өзін құл етпейінше, бұл солай болады+.  Егер қандай да бір халық не патшалық Бабылдың патшасы Навуходоносорға қызмет етуден бас тартып, Бабыл патшасының мойынағашын мойнына салмаса, мен сол халықты семсердің жүзімен+, аштықпен және індетпен жазалаймын. Оның қолынан құрып кетпейінше, солай етемін,— дейді Ехоба.  Олай болса, пайғамбарларыңның, сәуегейлеріңнің, түс жорушыларыңның, сиқыршыларың мен бақсы-балгерлеріңнің “Бабыл патшасына қызмет етпейсіңдер” деген сөзін тыңдамаңдар. 10  Өйткені өз елдеріңнен алысқа әкетілулерің үшін, олар сендерге жалған пайғамбарлық айтуда. Мен сендерді бытыратып жіберемін, сөйтіп, құрисыңдар. 11  Ал Бабыл патшасының мойынағашын мойнына салып, оған қызмет ететін халықты өз жерінде қалдырамын. Олар оны өңдеп, мекен ететін болады,— дейді Ехоба”. 12  Мен Яһуданың патшасы Седекияға+ да осындай сөздерді айтып, былай дедім: “Бабылдың патшасының мойынағашын мойныңызға салып, оған және оның халқына қызмет етіңіз, сонда тірі қаласыз+. 13  Өзіңіз де, халқыңыз да Бабылдың патшасына қызмет етпейтін халықтарға қатысты айтқан Ехобаның жазасына ұшырап, семсердің жүзінен+, аштықтан+, індеттен+ қырылып қайтесіздер? 14  Пайғамбарлардың “Бабыл патшасына қызмет етпейсіңдер” дегенін тыңдамаңыздар+, өйткені олар сіздерге жалған пайғамбарлық айтуда+. 15  —Мен оларды жіберген жоқпын. Бірақ олар менің атымнан жалған пайғамбарлық айтуда. Егер оларды тыңдасаңдар, мен сендерді бытыратып жіберемін. Сендер де, жалған пайғамбарлық айтып жүрген пайғамбарларың да құрып кетесіңдер+,— дейді Ехоба”. 16  Діни қызметкерлерге және күллі жұртқа мен мынаны айттым: “Ехоба былай дейді: —Пайғамбарларыңның сендерге “міне, Ехобаның үйінің бұйымдары Бабылдан жақында қайта әкелінеді+” деген пайғамбарлықтарын тыңдамаңдар. Өйткені олар жалған пайғамбарлық айтуда+. 17  Оларға құлақ аспаңдар. Бабыл патшасына қызмет етіңдер, сонда аман қаласыңдар+. Мына қала не үшін жермен-жексен болуға тиіс? 18  Егер олар пайғамбар болса әрі айтып жүргендері Ехобаның сөзі болса, онда Ехобаның үйінде қалған, Яһуда патшасының сарайындағы және Иерусалимде қалған бұйымдардың Бабылға әкетілмеуін сұрап, Әскербасы Ехобаға жалбарынсыншы. 19  Әскербасы Ехоба ғибадатханадағы бағаналарға+, Теңізге+, кебеже арбаларға+ және осы қалада қалған басқа да бұйымдарға қатысты мынаны айтады, 20  (Бабыл патшасы Навуходоносор Яһуда патшасы Ехоякімнің ұлы Ехонияны Яһуда мен Иерусалимнің беделділерімен қоса тұтқындап+, Бабылға әкеткенде, бұларды қалдырып кеткен болатын) 21  иә, Ехобаның үйінде, Яһуда патшасының сарайында және Иерусалимде қалған бұйымдарға қатысты Әскербасы Ехоба, Исраилдің Құдайы мынаны айтады: 22  —Олар Бабылға әкетіліп+, мен оларға қайтадан назарымды аудармайынша, сол жерде қала береді. Сосын мен оларды қайтадан әкеліп, орындарына қойғызамын+,— дейді Ехоба”.

Сілтемелер