Еремия 25:1—38
25 Яһуданың патшасы Жосия ұлы Ехоякімнің+ билік құруының төртінші жылы, Бабыл патшасы Навуходоносордың билігінің бірінші жылы, Құдай Еремияға Яһуда халқына қатысты сөзін жолдады.
2 Еремия пайғамбар күллі Яһуда халқы мен Иерусалим тұрғындары жайлы* мына сөздерді айтты:
3 “Яһуда патшасы Амон ұлы Жосияның билік құрған он үшінші жылынан+ бастап осы күнге дейін, 23 жыл бойы, сендерге Ехобадан алған сөзді қайта-қайта* айтудамын, бірақ сендер құлақ аспай келесіңдер+.
4 Ехоба өзінің бар қызметшілері — пайғамбарларды сендерге жіберді, тіпті қайта-қайта жіберумен болды. Бірақ сендер тыңдамай, құлақ түрмей келесіңдер+.
5 Олар: —Өтінемін, әрқайсысың жаман жолдарыңнан қайтып, зұлымдық жасауды қойыңдар+. Сонда Ехоба көп жыл бұрын өздеріңе және ата-бабаларыңа берген осы жерде ұзақ мекендейтін боласыңдар.
6 Өзге құдайларға ермеңдер, оларға құлшылық етіп, бас имеңдер, пұт жасап, мені қорламаңдар. Әйтпесе бастарыңа апат жіберемін,— деумен болды.
7 Бірақ сендер мені тыңдамадыңдар. Қайта, өздерің жасап алған пұттарыңмен мені қорлап, бастарыңа пәле тілеп алдыңдар+,— дейді Ехоба.
8 Сондықтан Әскербасы Ехоба мынаны айтады: —Менің айтқаныма мойынсұнбағандарың үшін,
9 солтүстіктің барлық тайпасын шақыртамын+. Бабылдың патшасы — менің қызметшім Навуходоносорды шақыртамын+. Мен оларды осы елге+, оның тұрғындарына және айналадағы барлық халықтарға қарсы шығарамын+. Сендерді де, айналадағы осы халықтарды да жоямын, адам шошитын әрі таңғалып ысқыратын күйге түсіріп, біржола талқандаймын,— дейді Ехоба.—
10 Олардың арасынан қуаныш пен шаттықтың, күйеужігіт пен қалыңдықтың үнін+, қолдиірменнің дыбысы мен шамның жарығын өшіремін+.
11 Бүкіл елді күл-талқан етіп, адам шошитын күйге түсіремін. Бұл халықтар Бабыл патшасына 70 жыл қызмет ететін болады+.
12 Ал 70 жыл біткенде+, мен Бабыл патшасы мен оның халқын жасаған қылмысы үшін жауапқа тартамын+. Халдейлердің елін біржолата қаңыратып бос қалдырамын,— дейді Ехоба+.—
13 Мен сол елге қарсы айтқан сөздерімді, барлық халықтарға қарсы пайғамбарлық еткен Еремияның осы кітапта жазып кеткен сөздерін, түгелімен орындаймын.
14 Көптеген халықтар мен ұлы патшалар+ менің халқымды қанап, құл ететін болады+. Сосын мен олардың іс-әрекеттерінің және өз қолдарымен жасағандарының есесін қайтарамын+”.
15 Исраилдің Құдайы Ехоба маған былай деді: “Қаһарымның шарабына толы мына тостағанды қолымнан алып, мен өзіңді жіберген халықтардың бәріне ішкіз.
16 Олар ішіп алып, тәлтіректейді, араларына жіберген семсерден есі ауысқан адамдай әрекет етеді+”.
17 Сөйтіп, мен Ехобаның қолынан тостағанды алдым да, Ехоба айтқан халықтардың бәріне барып, одан ішкіздім+.
18 Күйретіп, адам шошитын әрі таңғалып ысқыратын, қарғыс атқан күйге түсіру үшін+ (бүгінде бұл солай), алдымен, оны Иерусалим мен Яһуданың қалаларына+, патшалары мен әміршілеріне ішкіздім.
19 Сосын, Мысырдың патшасы перғауынға, оның қызметшілеріне, әміршілеріне, күллі халқына+
20 және сондағы жатжұрттықтарға; Ұз елінің барлық патшасына; Філістір елінің+, Ашкелонның+, Газаның, Екронның барлық патшасына және Азоттың аман қалғандарына;
21 Едомға+, Моабқа+ және аммондықтарға+;
22 Тир мен Сидонның барлық патшасына+, теңіздегі аралдың патшаларына;
23 Дедан+, Тема, Буз және самай шаштарын қыратындардың бәріне+;
24 Арабия патшаларының барлығына+ және шөлді мекендейтін түрлі халықтың патшаларына;
25 Зимри, Елам+ мен Мидияның+ барлық патшасына;
26 солтүстіктегі алыс-жақын патшалардың бәріне, бірінен кейін біріне, жер бетіндегі басқа патшалықтардың бәріне ішкіздім. Ақыр соңында, одан Шешақтың*+ патшасы ішеді.
27 “Оларға Исраилдің Құдайы, Әскербасы Ехоба: —Ішіңдер, мас болыңдар, құсыңдар, тұрмастай болып құлаңдар+, өйткені мен араларыңа семсер жіберемін,— деп жатыр де.
28 Егер олар қолыңдағы тостағаннан ішуден бас тартса, Әскербасы Ехоба мынаны айтады де: —Бұдан ішуге тиіссіңдер!
29 Себебі мен алдымен өз есіміммен аталатын қалаға+ апат жіберсем, сендер жазадан қашып құтыламыз деп тұрсыңдар ма+?
Сендер жазадан қашып құтылмайсыңдар, өйткені мен жер беті тұрғындарының бәріне қарсы семсер шақырудамын,— дейді Әскербасы Ехоба.
30 Сен оларға мына пайғамбарлық сөздердің бәрін айтып, былай де:
—Ехоба биіктен арыстандай ақырады,Киелі мекенінен оның даусы естіледі.
Ол өзінің жердегі тұрағына қатты ақырады.
Даусы жүзім таптап жатқандардың даусындай,Ол жер тұрғындарының үстінен жеңіс әнін айтады.
31 Жердің түкпір-түкпірінен айғай-шу шығады,Өйткені Ехоба халықтардың ісін қарастыруда.
Ол барлық адамды өзі соттайды+.
Зұлымдарды семсердің жүзімен құртады,— дейді Ехоба.
32 Міне, апат бір халықтан екінші халыққа өтуде+,Жердің қиыр шеттерінен сұрапыл дауыл тұрады,— дейді Әскербасы Ехоба+.
33 Сол күні Ехобаның қолынан өлгендер жердің бір шетінен екінші шетіне дейін болады. Оларды жоқтайтын, мәйіттерін жинайтын, жерлейтін ешкім болмайды. Олар жер бетінде қи сияқты жатады.
34 Бағушылар, зар еңіреп, айғайлаңдар!
Отардағы беделділер, топыраққа аунаңдар.
Өйткені сойылатын, бытырап кететін уақыттарың келді.
Сендер жерге түсіп қираған бағалы ыдыстай боласыңдар!
35 Бағушылардың қашып баратын жері,Отардағы беделділердің құтылатын амалы болмайды.
36 Бағушылардың жылағанын,Отардағы беделділердің еңірегенін тыңдаңдар.
Өйткені Ехоба олардың жайылымын жайпап жатыр.
37 Ехобаның лаулаған ашуынанБейбіт жатқан елді мекендер тіршіліксіз қалды.
38 Ол жас арыстандай+ апанынан шықты.
Жалаңдаған семсерден,Оның лаулаған қаһарынанОлардың елі адам шошырлық күйге түсті”.