Еремия 19:1—15

  • Еремияға қыш құмыраны сындыру тапсырылды (1—15)

    • Бағалға балаларды құрбандыққа шалу (5)

19  Ехоба маған тағы былай деді: “Бар да, құмырашыдан қыш құмыра сатып ал+. Сөйтіп, халықтың және діни қызметкерлердің ақсақалдарының бірнешеуін өзіңмен ертіп,  Сынық қыштар деп аталатын қақпаның алдындағы Бен-Хенном аңғарына+ бар. Сол жерде өзіңе айтқан сөздерімді оларға жариялап,  былай де: —Уа, Яһуда патшалары мен Иерусалим тұрғындары, Ехобаның сөзін тыңдаңдар. Әскербасы Ехоба, Исраилдің Құдайы мынаны айтады: “Мен осы жерге апат жібергелі жатырмын. Оны естіген әркімнің зәре-құты қалмайды*.  Себебі олар мені тастап кетті+, мына жерді танымастай етіп жіберді+. Олар осында өздері де, ата-бабалары да, Яһуда патшалары да білмеген бөтен тәңірлерге құрбандықтар шалуда. Сондай-ақ оны жазықсыздардың қанына малды+.  Олар Бағалға ғибадат ететін төбелер жасады. Сөйтіп, онда ұлдарын түгел өртелетін құрбандық ретінде Бағалға ұсынды+. Мұндайды мен оларға бұйырған да, айтқан да емеспін. Бұл тіпті ойыма* да келген емес+.  Сондықтан, міне, бұл жер Тофет не Бен-Хенном аңғары емес, Қырғын аңғары деп аталатын күндер келе жатыр,— дейді Ехоба+.—  Осы жерде Яһуда мен Иерусалимнің жоспарларын бұзамын. Оларды жауларының семсерімен, жандарын алмақ болғандардың қолымен өлтіремін. Мәйіттерін аспандағы құстар мен жердегі аңдарға жем етемін+.  Бұл қаланы адам шошитын әрі таңдана ысқыратын күйге жеткіземін. Қасынан өтіп бара жатқан әркім оған шошына қарап, басына түскен пәлелерін көріп, таңғала ысқыратын болады+.  Оларды ұл-қыздары мен жақындарының етін жеуге мәжбүр етемін+. Өйткені жандарын алғысы келген жаулары оларды қоршап, қыспаққа алады”. 10  Сен өзіңе еріп келген кісілердің көзінше әлгі құмыраны сындыр да, 11  оларға Әскербасы Ехоба мынаны айтады де: —Қыш құмыра қайта қалпына келместей етіп сындырылғанындай, мен де бұл халықты және осы қаланы күл-талқан етемін. Олар Тофетте бос орын қалмайынша, өліктерін жерлейтін болады+. 12  Бұл жерге және оның тұрғындарына осылай істеймін. Осы қаланы Тофет сияқты етемін,— дейді Ехоба.— 13  Иерусалимнің үйлері мен Яһуда патшаларының үйлері Тофет сияқты арамдалады+. Өйткені олар үйлерінің төбесінде күллі аспан денелеріне құрбандықтар шалып+, бөтен тәңірлерге арнап сұйық тартулар төкті+”. 14  Ехоба пайғамбарлық айтуға жіберген Еремия Тофеттен оралған соң, Ехобаның үйінің ауласында тұрып, күллі жұртқа былай деді: 15  “Әскербасы Ехоба, Исраилдің Құдайы былай дейді: —Міне, мына қалаға және төңірегіндегі қалашықтарға өзім айтқан апаттың бәрін жіберемін. Өйткені олар тоңмойынданып, айтқаныма мойынсұнбады+”.

Сілтемелер

Сөзбе-сөз “құлағы шыңылдайды”.
Сөзбе-сөз “жүрегіме”.