Еремия 10:1—25
10 Уа, Исраил үйі, Ехобаның өзіңе қарсы айтқан сөзін тыңда.
2 Ехоба мынаны айтады:
“Басқа халықтардың жолын үйренбеңдер+,Олардың аспан белгілерінен зәре-құты қалмайды+,Ал сендер үрейге бой алдырмаңдар.
3 Халықтардың салт-жоралары — бос нәрсе.
Ұста орманнан ағаш кесіп әкеліп,Құрал-сайманымен пұт жасайды+.
4 Олар оны алтын-күміспен әшекейлейді де+,Құлап қалмасын деп, балғамен шегелеп қояды+.
5 Мұндай пұттар қияр бақшасындағы қарақшы сияқты, олар сөйлей алмайды+.
Оларды көтеріп жүру керек, өйткені жүре алмайды+.
Олардан қорықпаңдар, себебі еш зиян келтіре алмайды,Еш жақсылық та жасай алмайды+”.
6 Уа, Ехоба, саған тең келер ешкім жоқ+.
Сен ұлысың, әрі есімің ұлы да құдіретті.
7 Сенен қорықпауға ешкімнің дәті бармас,Уа, халықтардың Патшасы+, сен бұған лайықсың.
Күллі халықтардың данышпандарының арасында,Бүкіл патшалықтарында саған тең келер ешкім жоқ+.
8 Олардың бәрі парасатсыз әрі ақымақ+.
Ағаш пұттар жұртты бос нәрсеге талпындырады+.
9 Тарсистен+ жұқа күміс, ал Уфаздан алтын әкелінеді.
Шебер мен темір ұстасы солармен ағаштарды қаптайды.
Адамдар оларға көк жіптен және күлгін жүннен тоқылған киімдер кигізеді.
Бұлардың бәрі шеберлердің қолымен жасалады.
10 Ал Ехоба болса шынайы Құдай.
Ол — тірі Құдай+ әрі мәңгі Патша+.
Оның қаһарынан жер сілкінеді+,Үкіміне ешбір халық төтеп бере алмайды.
11 * Сендер оларға: “Аспанды да, жерді де жаратпаған тәңірлерЖер бетінен де, аспан астынан да құрып жоқ болады”+,— деулерің керек.
12 Ол — Жаратушы, құдіретімен жерді жаратқан,Даналығымен құнарлы жерді берік етіп орнатқан+,Ақыл-парасатымен аспан кеңістігін жайған+.
13 Оның даусы естілгенде,Аспандағы сулар буырқанады+.
Ол жердің шет-шетінен бұлттарды* көтереді+.
Жаңбыр жауғызу үшін найзағай ойнатады*,Қоймаларынан желді алып шығады+.
14 Бәрі парасатсыз, білімсіз әрекет етеді.
Темір ұстасы балқытып жасаған мүсіні үшін масқараға қалады+.
Мұндай мүсін жалған, онда тіршілік лебі* жоқ+.
15 Пұттар — бос нәрсе, әжуа-мазаққа қалатындар+.
Жауапқа тартылатын күні олар құрып жоқ болады.
16 Жақыптың Құдайы* сол нәрселердей емес.
Ол — бәрінің Жаратушысы.
Исраил — оның меншігінің асатаяғы+.
Есімі оның — Әскербасы Ехоба+.
17 Уа, қоршауда тұрып жатқан әйел,Түйіншегіңді жерден жинап ал.
18 Себебі Ехоба былай дейді:
“Міне, енді мен осы елдің тұрғындарын бұл жерден лақтырып тастаймын+,Оларға қайғы-қасірет шеккіземін”.
19 Сорлы басым, күйредім-ау+!
Жарақатым еш жазылмайды.
Сонда мен былай дедім: “Бұл — менің сырқатым, оған шыдауым керек.
20 Шатырым қирап, арқандарының бәрі үзілді+.
Ұлдарым тастап кетті, қасымда біреуі де жоқ+.
Шатырымды тігіп, жабындарын көтеретін ешкім қалмады.
21 Бағушылар ақылсыз әрекет етті+,Олар Ехобаға жүгінбеді+.
Сондықтан түсінікпен әрекет етпеді,Отарларының бәрі жан-жаққа бытырап кетті+”.
22 Тыңдаңдар! Бір хабар жетті!
Солтүстіктегі елден қатты дүрсіл шығады+,Ол Яһуданың қалаларын қаңыратып, шибөрілердің мекеніне айналдырады+.
23 Уа, Ехоба, пенденің өмір жолы өз билігінде емес екенін білемін.
Адам тіпті өз қадамына бағыт бере алмайды+.
24 Уа, Ехоба, мені әділдікпен түзете көр,Бірақ ашу үстінде емес+, әйтпесе түгім қалмайды+.
25 Қаһарыңды төк өзіңді елемеген халықтарға+,Есіміңмен шақырмайтын руларға.
Өйткені олар Жақыпты жалмады+.
Иә, оны біржола құртып жіберіп+,Отанын қаңыратып бос қалдырды+.
Сілтемелер
^ Бұл тармақ түпнұсқада арамей тілінде жазылған.
^ Мүмкін: “қақпалар жасайды”.
^ Немесе “буды”.
^ Немесе “рух”.
^ Сөзбе-сөз “Үлесі”.