Езекиел 3:1—27

  • Езекиелдің Құдай берген шиыршықты жеуі (1—15)

  • Езекиел күзетші болады (16—27)

    • Жауапсыздық адам өліміне кінәлі етеді (18—21)

3  Ол маған: “Адам ұлы, алдыңдағы шиыршықты же де, Исраил үйіне барып сөйле+”,— деді.  Аузымды ашқанда, маған шиыршықты жегізді.  Сосын: “Адам ұлы, осы шиыршықты жеп, құрсағыңды толтыр”,— деді. Жей бастағанымда, шиыршық аузымда балдай тәтті болды+.  Ол былай деді: “Адам ұлы, Исраил үйіне бар да, менің сөздерімді жеткіз.  Себебі мен сені күрделі, түсініксіз тілде сөйлейтін халыққа емес, Исраил үйіне жіберіп отырмын.  Сен тілі күрделі, сөздері түсініксіз қалың жұртқа бара жатқан жоқсың. Сені соларға жіберсем, олар айтқандарыңа құлақ асар еді+.  Ал Исраил үйі сені тыңдамайды, өйткені олар мені тыңдағылары келмейді+. Исраил үйіндегілердің бәрінің маңдайлары қатты, жүректері шемен+.  Міне, мен сенің бетіңді де, маңдайыңды да тап солардікіндей қатты қыламын+.  Маңдайыңды шақпақтастан әлдеқайда қатты алмастай етемін+. Сен олардан қорықпа, түрлеріне қарап шошыма+, себебі олар бүлікшіл халық”. 10  Бұдан кейін ол маған былай деді: “Адам ұлы, айтқан сөздерімнің бәрін жүрегіңе тоқып, құлағыңа құйып ал. 11  Жер аударылған халқыңның ұлдарына барып+, тыңдаған-тыңдамағанына қарамай+, “Әлемнің Әміршісі Ехоба мынаны айтады” деген сөздерді жеткіз”. 12  Осыдан кейін рух мені алып кетті+. Сонда арт жағымнан “Ехобаның салтанаты өз орнынан дәріптелсін!” деген екпінді желдің гуіліндей дауысты естідім. 13  Сондай-ақ тіршілік иелерінің қанаттарының ұштары бір-бірінікіне тигендегі шуылы+, олардың қасындағы дөңгелектердің+ сатыры мен екпінді желдің гуілі естілді. 14  Рух мені алып кетті. Мен ыза болып, ашуландым, ал Ехоба маған құдіретін дарытты. 15  Содан мен Тель-Авивке, Кебар өзенінің+ бойында тұрып жатқан жер аударылған халық арасына бардым. Сол жерде жеті күн бойы өз-өзіме келе алмай жүрдім+. 16  Жеті күннен кейін Ехоба маған былай деді: 17  “Адам ұлы, сені Исраил үйіне күзетші етіп тағайындадым+. Менің аузымнан шыққан сөздерді тыңдап, оларға ескертуімді жеткізуге тиіссің+. 18  Егер мен зұлым адамға “Өлім құшасың!” десем, ал сен оны зұлым жолынан қайтып, аман қалуы үшін ескертпесең+, ол зұлымдығының кесірінен өледі+, бірақ қаны сенің мойныңда болады+. 19  Алайда сен ескертсең, бірақ ол алған бетінен қайтпай, зұлымдық жасауын қоймаса, ол күнәсі үшін өледі, ал сен өз жаныңды аман алып қаласың+. 20  Егер әділ адам әділдігінен тайып, әділетсіздік жасаса, мен оның жолына кедергі тас қоямын да, ол өледі+. Сен ескертпегендіктен, ол өз күнәсі үшін өледі, әділ істері де еске алынбайды, бірақ қаны сенің мойныңда болады+. 21  Ал егер әділ адам күнә жасамау үшін оны ескертсең, сондықтан ол күнә жасамаса, сен ескерткендіктен, ол аман қалады+, өзің де жаныңды аман сақтап қаласың”. 22  Сол жерде Ехоба маған құдіретін дарытты да: “Тұрып, жазық далаға бар. Сенімен сол жерде сөйлеспекпін”,— деді. 23  Мен тұрып, жазық далаға бардым. Қарасам, сол жерде Кебар өзенінің+ бойында көргенімдей, Ехобаның салтанаты тұр екен+. Мұны көргенде, етпеттей кеттім. 24  Бірақ бойыма рух еніп, аяғыма тұрғызды+. Сосын Құдай маған былай деді: “Үйіңе барып, есікті іліп ал. 25  Адам ұлы, араларында жүре алмауың үшін, жұрт сені арқанмен шырмап, байлап тастайды. 26  Мен тіліңді таңдайыңа жабыстырып қоямын. Сен мылқау болып, оларды түзетпейтін боласың, өйткені олар бүлікшіл халық. 27  Сенімен өзім сөйлесетін кезде, тіліңнің байлауын шешемін+. Сонда сен оларға “Әлемнің Әміршісі Ехоба мынаны айтады” дейсің. Тыңдағаны тыңдасын+, ал тыңдамағандары қойсын, себебі олар бүлікшіл халық+.

Сілтемелер