Езекиел 10:1—22

  • Дөңгелектердің арасынан алынған от (1—8)

  • Керубтер мен дөңгелектердің сипатталуы (9—17)

  • Құдайдың салтанатының киелі үйден көтерілуі (18—22)

10  Мен қарап тұрғанымда, керубтердің төбе жағында төселіп жатқан тақтаның үстінде тұрған жақұт тасы сияқты бірдеңені көрдім, ол таққа ұқсайтын+.  Құдай зығыр киім киген кісіге+: “Керубтердің астында айналып тұрған дөңгелектердің+ арасына кіріп, сондағы қызып тұрған шоқтан+ қос уысыңды толтыра алып шық та, қаланың үстіне шашып жібер+”,— деді. Мен қарап тұрғанда, ол сонда кірді.  Ол кіргенде, керубтер киелі үйдің солтүстігінде тұрған болатын, ал ішкі ауланы бұлт жайлаған еді.  Ехобаның салтанаты+ керубтердің төбе жағынан көтеріліп, киелі үйдің босағасына қарай жылжыды. Сонда киелі үйдің ішін бұлт жайлап+, аула Ехобаның нұрлы салтанатына кенелді.  Керубтердің қанаттарының шуылы сыртқы аулада естіліп тұрды, әрі ол Құдіреті шексіз Құдайдың сөйлегендегі даусына ұқсайтын+.  Сол кезде Құдай зығыр киім киген кісіге: “Керубтердің астында айналып тұрған дөңгелектердің арасындағы оттан ал!”— деді. Ол кіріп, дөңгелектің қасына барып тұрды.  Керубтердің+ бірі араларындағы отқа қарай қолын созып, одан от алды да, зығыр киім киген кісінің+ қос уысына салып берді. Ол отты алып, шығып кетті.  Керубтердің қанаттарының астынан адамдардікіндей қолдары көрініп тұрды+.  Мен қарап тұрғанымда, төрт керубті көрдім. Олардың әрқайсысының қасында бір-бір дөңгелектен бар екен. Дөңгелектер хризолиттей жалтырап тұрды+. 10  Төртеуінің де пішіні бірдей еді: бір дөңгелектің ішінде тағы бір дөңгелек орналасқандай көрінетін. 11  Қозғалғанда олар бұрылмай-ақ төрт бағыттың біріне қарай жүре беретін, өйткені олар керубтер бет алған жаққа бұрылмай-ақ жылжи алатын. 12  Керубтердің денелері, арқалары, қолдары мен қанаттары және қастарындағы төрт дөңгелек те көздерге толы еді+. 13  Мен біреудің: “Айналып тұрған дөңгелектер!”— деп дөңгелектерді шақырғанын естідім. 14  Әр керубтің төрт беті болды: біреуі керубтікіндей, екіншісі адамдікіндей, үшіншісі арыстандікіндей, ал төртіншісі бүркіттікіндей+. 15  Керубтер жоғары көтерілгенде (бұл Кебар өзенінің+ бойында өзім көрген тіршілік иелері еді) 16  не қозғалғанда, қастарындағы дөңгелектер де бірге қозғалатын. Жерден көтерілу үшін қанаттарын жайғанда, дөңгелектер қастарында тұра беретін, ешқайда бұрылмайтын да, жылжымайтын да+. 17  Керубтер бір орында тұрса, дөңгелектер де тұратын, ал жерден көтерілсе, бірге көтерілетін, себебі тіршілік иелеріндегі рух дөңгелектерде де болды. 18  Ехобаның салтанаты+ киелі үйдің босағасынан көтеріліп, керубтердің төбе жағына барып тұрды+. 19  Керубтер менің көз алдымда қанаттарын жайып, жерден көтерілді, қастарындағы дөңгелектер де бірге жылжыды. Олар Ехобаның киелі үйінің шығыс қақпасының алдына тоқтады, ал төбе жақтарында Исраил Құдайының салтанаты тұрды+. 20  Мен Кебар өзенінің бойында болғанымда, осы тіршілік иелерінің Исраил Құдайының тағының астында тұрғанын көрген едім+. Сондықтан олардың керуб екенін білетінмін. 21  Әрқайсысының төрт беті және төрт қанаты, ал қанаттарының астында адамдікіндей қолдары болды+. 22  Керубтердің бет әлпеті өзім Кебар өзенінің бойында көрген тіршілік иелерінікіндей еді+. Олардың әрқайсысы тура жүретін+.

Сілтемелер