Аян 7:1—17
7 Бұдан кейін мен жердің төрт бұрышында тұрған төрт періштені көрдім. Олар жер бетіне, теңізге және ешбір ағашқа жел соқпас үшін, жердің төрт желін мықтап ұстап тұрды.
2 Содан кейін күншығыстан көтеріліп келе жатқан және қолында тірі Құдайдың мөрі бар басқа бір періштені көрдім. Ол жер беті мен теңізді бүлдіру тапсырылған төрт періштеге қатты дауыстап:
3 “Біз Құдайымыздың құлдарының маңдайына белгі салып болмайынша+, жер бетіне де, теңіз бен ағаштарға да зақым келтірмеңдер”+,— деді.
4 Сосын мен белгі салынғандардың саны 144 000+ екенін естідім, олар Исраил ұлдарының әр руынан шыққан екен+:
5 Яһуда руынан белгі салынғандардың саны 12 000,Рубен руынан 12 000,Ғад руынан 12 000,
6 Ашир руынан 12 000,Нафталим руынан 12 000,Манаса+ руынан 12 000,
7 Шимон руынан 12 000,Леуі руынан 12 000,Исахар руынан 12 000,
8 Забулон руынан 12 000,Жүсіп руынан 12 000,Бениямин руынан 12 000.
9 Содан соң қарадым да, әрбір ұлттан, рудан, халықтан және тілден шыққан+, ешбір адам баласы санай алмайтындай ұлы жамағатты көрдім. Олар тақ пен Тоқтының алдында ақ шапан киіп+, қолдарына пальма бұтақтарын ұстап тұр екен+.
10 Олар қатты дауыстап: “Құтқарылғанымыз үшін біз тақта отырған Құдайымыз+ бен Тоқтыға борыштымыз+”,— деп жатты.
11 Періштелердің бәрі тақты, ақсақалдар+ мен төрт тіршілік иесін айналдыра тұрды. Олар тақтың алдында тізе бүгіп, Құдайға тағзым етіп:
12 “Аумин! Мадақ, даңқ, даналық, ризашылық, құрмет, құдірет пен күш мәңгілік бойы Құдайымызға тиесілі болсын+! Аумин”,— деді.
13 Сонда ақсақалдардың бірі менен: “Ақ шапан киген+ мына адамдар кімдер, олар қайдан келді?”— деп сұрады.
14 Мен бірден: “Мырзам, мұны өзіңіз білесіз”,— деп жауап бердім. Ол маған былай деді: “Бұлар зор алапаттан*+ өткендер. Олар шапандарын Тоқтының қанына жуып ағартты+.
15 Сондықтан Құдай тағының алдында тұрып, оның ғибадатханасында күні-түні қасиетті қызмет атқаруда. Тақта отырған+ олардың үстінен өз шатырын тігеді+.
16 Бұдан былай олар ашықпайды да, шөлдемейді де, оларды күн де, ешқандай аптап ыстық та күйдірмейді+.
17 Себебі тақтың қасындағы Тоқты+ олардың бағушысы болып+, өмір суының бұлақтарына жетелейді+. Құдай олардың әрбір көз жасын сүртіп тастайды+”.
Сілтемелер
^ Түсіндірмені қараңыз.