Амос 7:1—17

  • Исраилдің соңы таяп қалғаны жайлы аяндар (1—9)

    • Шегірткелер (1—3), от (4—6), өлшейтін тіктеуіш (7—9)

  • Амосқа пайғамбарлық айтуға тыйым салынуы (10—17)

7  Әлемнің Әміршісі Ехоба маған аянда мынаны көрсетті: Кеш* егілген астық көктеп шыға бастағанда, ол шегіртке қаптатты. Бұл патшаның шөбі жиналып болған соң егілген астық еді.  Қаптаған шегіртке елдегі көк атаулыны жеп біткенде, мен: “Уа, Әлемнің Әміршісі Ехоба, халқыңды кешіре көр+! Жақып қалай аман қалады? Ол дәрменсіз ғой!”— дедім+.  Ехоба райынан қайтты+. “Жарайды, бұлай істемеймін”,— деді Ехоба.  Сосын Әлемнің Әміршісі Ехоба маған аянда мынаны көрсетті: Әлемнің Әміршісі Ехоба жазалау үшін от жіберді. От үлкен де терең суларды және жердің біраз бөлігін жалмап қойды.  Сонда мен: “Уа, Әлемнің Әміршісі Ехоба, тоқтата көр+! Жақып қалай аман қалады? Ол дәрменсіз ғой!”— дедім+.  Ехоба райынан қайтты+. “Жарайды, мұны да істемеймін”,— деді Әлемнің Әміршісі Ехоба.  Кейін ол маған аянда мынаны көрсетті: Ехоба тіктеуішпен өлшеп салынған дуалдың үстінде тұрды, қолында өлшейтін тіктеуіш бар екен.  Ехоба менен: “Амос, не көріп тұрсың?”— деп сұрады. Мен оған: “Өлшейтін тіктеуішті”,— деп жауап бердім. Сонда Ехоба: “Исраил халқының ортасына өлшейтін тіктеуіш қоямын. Оларды енді кешірмеймін+.  Ысқақтың ғибадат төбелері+ талқандалады, Исраилдің қасиетті орындары қиратылады+. Мен семсермен Еробоғамның әулетіне қарсы шығамын+”,— деді. 10  Бетелдегі діни қызметкер+ Амазиях Исраилдің патшасы Еробоғамға+ мынадай хабар жіберді: “Амос Исраил халқының дәл ортасында жүріп, сізге қастандық ойластырып жүр+. Ел оның сөздеріне төзе алмайды+. 11  Өйткені Амос: —Еробоғам семсерден өледі, Исраил болса міндетті түрде өз елінен айдалып кетеді+,— деп жүр”. 12  Сосын Амазиях Амосқа былай деді: “Ей, аян көргіш, Яһуда еліне тайып тұр. Сол жерде наныңды тауып, сол жерде пайғамбарлық ете бер+. 13  Ал Бетелде бұдан былай пайғамбарлық айтушы болма+. Өйткені бұл — патшаның киелі жері+ және бүкіл патшалықтың ғибадат үйі”. 14  Сонда Амос Амазияхқа былай деп жауап қатты: “Мен пайғамбар да, пайғамбардың ұлы да емес едім. Мен мал бағып+, інжір* ағашының жемісін тілумен айналысатынмын. 15  Алайда Ехоба мені мал соңында жүрген жерімнен шақырып алды. Сөйтіп, Ехоба маған: —Барып, Исраил халқыма пайғамбарлық айт,— деп тапсырды+. 16  Енді Ехобаның сөзін тыңда. Сен маған: —Исраилге қарсы пайғамбарлық етпе+, Ысқақтың үйіне қарсы уағыз айтпа+,— дейсің. 17  Сол себепті Ехоба саған: —Әйелің қалада жезөкше болады, ұл-қыздарың семсерден өледі. Жау жеріңді өлшеуіш жіппен өлшеп, бөлісіп алады, ал өзің бөтен елде өлесің. Исраил міндетті түрде елінен айдалып кетеді+,— дейді”.

Сілтемелер

Яғни қаңтар мен ақпан айларында. Ә15 қосымшасын қараңыз.
Немесе “сикомор”.