Екіжүзділіктен қашан арыламыз?
ПАНАЙОТА Жерорта теңізіндегі бір аралда туып-өскен. Жасөспірім кезінде ол саясатқа қатты қызыға бастайды. Бой жеткен соң ол өз қалашығындағы бір саяси партияның хатшысы болып жұмыс істейді. Әр үйге кіріп партияның мүддесіне ақша жинайды. Алайда уақыт өте Панайота бір-бірін “жолдас” деп атайтын партия мүшелерінің арасындағы алауыздықты, тамыр-таныстыққа салушылықты, көреалмаушылық пен билік үшін талас-тартысты көреді. Сөйтіп, саясаттан әбден көңілі қалады.
Ирландиялық Дэниел өте діншіл отбасынан шыққан. Алайда ол екіжүзді дін қызметшілерінің “күнә жасасаң, тозаққа барасың” деп уағыздай тұра, ішімдікке салынғанын, құмар ойындар ойнағанын, ел-жұрттың берген садақасына қол салғанын көрген.
Джефри өмір бойы маркетинг пен сауда саласында, Біріккен Корольдік пен Құрама Штаттардың ірі халықаралық жүк тасымалдау компанияларында жұмыс істеген. Ол тапсырыс берушілер мен мердігерлердің мемлекеттік органдармен келіссөз жүргізу барысында өтірік айтқанын талай рет көрген. Келісімшартқа отыру үшін олар еш нәрседен тайынбаған.
Шыны керек, бұл оқта-текте болатын жағдайлар емес. Бүгінде саясат, дін және сауда-саттықпен қатар, өмірдің кез-келген саласында екіжүзділікке кезігесің. Бір қызығы, грек тілінде “екіжүзділік” сөзі түпкі мағынада сахнада ойнайтын, көбінесе бетперде тағатын актерді білдірген. Уақыт өте келе бұл сөз біреуді алдап-арбау үшін немесе өз қара басының қамы үшін қулыққа баратын адамға қатысты қолданылатын болды.
Біреудің екіжүзділігі адамның көңілін қалдыруы, күйіндіруі және ызасын келтіруі мүмкін. Сонда адамдар: “Екіжүзділіктен қашан арыламыз?”— деп, жанайқайын білдіріп жатады. Қуанышымызға орай, Құдай Сөзінде бұл қоғам дертіне дауа бар екені айтылған.
ҚҰДАЙ МЕН ИСА ПАЙҒАМБАР ЕКІЖҮЗДІЛІККЕ ҚАЛАЙ ҚАРАЙДЫ?
Киелі жазбаларға сай, екіжүзділік алғаш рет адамдардың бойынан емес, көзге көрінбейтін рухани тұлғаның бойынан табылған. Адамзат тарихының басында, Шайтан Ібіліс жыланды бетперде сияқты қолданып, Хауа ананы алдады және оның қамын ойлайтындай сыңай танытты (Мұсаның 1-жазбасы 3:1—5). Сол кезден бері көп адам біреуді алдап-арбау үшін немесе қара басының қамы үшін өздерінің шын болмысын жасыратын болды.
Ежелдегі Исраил халқы жалған діннің шырмауына түсіп, Құдайға екіжүзділікпен құлшылық еткенде, Құдай оларға мұндай ғибадатты жаратпайтынын қайта-қайта ескерткен. Мысалы, Ишая Ишая 29:13). Бірақ олар тәубеге келмегендіктен, Құдай Исраилдің діни орталығы болған Иерусалим қаласы мен ондағы ғибадатхананың жойылуына жол берді. Алдымен оларды б. з. б. 607 жылы бабылдықтар күйретсе, б. з. 70 жылы Рим әскері біржолата қиратты. Ехоба Құдайдың екіжүзділікке мәңгі көз жұмып отырмайтыны айдан анық.
пайғамбар арқылы Ехоба Құдай былай деген: “Мына халық маған тек аузымен жақындайды, тілдерімен ғана дәріптейді, ал жүректері менен алшақ” (Ехоба Құдай мен Иса пайғамбар адал әрі шыншыл адамдарға ерекше ықыласпен қарайды. Мысалы, бірде Иса пайғамбар Натанайыл деген кісінің келе жатқанын көріп: “Мынау — шынымен қулық-сұмдығы жоқ исраилдік”,— деді (Жохан 1:47). Барталамай деген есіммен де белгілі болған Натанайыл Иса пайғамбардың 12 елшісінің бірі болып таңдалды (Лұқа 6:13—16).
Иса пайғамбар ізбасарларына Құдайдың көзқарасын білуге көмектескен. Олар екіжүзділіктен аулақ болуға тиіс еді. Шәкірттеріне ескерту ретінде Иса пайғамбар сол кездегі дінбасыларға қатаң сөгіс айтқан. Сол дінбасылардың екіжүзділікпен істеген істерінің кейбіріне тоқталып өтейік.
Олар “әділ істерін” жұрт көзіне түсу үшін істеген. Иса қалың жұртқа былай деді: “Әділ істеріңді жұрт көзіне түсу үшін істеуден сақ болыңдар... өйткені екіжүзділер осылай істейді”. Сондай-ақ ол халықты қайыр-садақаны “құпия күйінде”, яғни ешкімге жар салмай беруге шақырған. Ал дұғаны жұрттың көзінше емес, оңашада айтулары керек болған. Сонда Әкелері өзіне шын жүректен сиынып жатқандарын көріп, оларға ықыласын түсірмек еді (Матай 6:1—6).
Олар мін тағуға дайын тұратын. Иса былай деді: “Екіжүзді! Алдымен өз көзіңдегі бөренені алып таста, сонда бауырласыңның көзіндегі жаңқаны қалай алу керектігін анық көресің” (Матай 7:5). Өзінің қателіктері басынан асып жатса да, басқалардың кішігірім қателіктерін көздеріне шұқып көрсететін адам өзін өзгелерден артық етіп көрсеткісі келеді. Бірақ шын мәнінде “барлығы да күнә жасады және Құдайдың ұлылығына ие болу мүмкіндігінен айырылды” (Римдіктерге 3:23).
Олардың ой-ниеттері қара еді. Бірде парызшылдардың шәкірттері мен Иродтың жақтастары Исаға салық төлеу туралы сұрақ қою үшін келді. Алдымен олар жағымпазданып: “Ұстаз, біз сіздің шыншыл екеніңізді әрі шынымен Құдай жолына үйрететініңізді білеміз”,— деді. Сосын оны сұрақпен тығырыққа тіремек болып: “Патшаға алым-салық төлеу заңды ма, жоқ па?”— деді. “Мені неге сынайсыңдар, екіжүзділер?”— деп жауап қатты Иса. Оларды екіжүзділер деп атағаны орынды-ақ еді, өйткені олар сұрақтарына жауап алғысы келмеді, қайта, оны “сөзден ұстаудың жолын ойластырды” (Матай 22:15—22).
Шынайы мәсіхшілер “пәк жүрек, таза ар-ұждан мен шынайы сенімнен бастау алатын сүйіспеншілік” танытады (ТІМӨТЕГЕ 1-ХАТ 1:5).
Б. з. 33 жылғы Елуінші күн мейрамы кезінде шындық пен адалдықтың тірегі — мәсіхшілер қауымы құралды. Әрбір мәсіхші екіжүзділікке деген бейімділікті түп-тамырымен жоюға күш салды. Мысалы, Иса пайғамбардың 12 елшісінің бірі мәсіхші бауырластарын “шындыққа мойынсұнып... бауырластарға деген шынайы сүйіспеншілікке ие болуға” шақырған (Петірдің 1-хаты 1:22). Ал Пауыл есімді Құдайдың қызметшісі бір сенімдегі достарын “пәк жүрек, таза ар-ұждан мен шынайы [екіжүзділіктен ада] сенімнен бастау алатын сүйіспеншілік” танытуға шақырған (Тімөтеге 1-хат 1:5).
ҚҰДАЙ СӨЗІНІҢ ӘСЕРІ КҮШТІ
Иса пайғамбар мен оның ізбасарларының сонау бірінші ғасырда Киелі кітап беттеріне түскен тәлімінің әлі күнге шейін әсері күшті. Киелі жазбаларда бұл жайында былай делінген: “Құдайдың сөзі тірі, әсері де күшті. Ол екі жүзді семсердің қай-қайсысынан да өткір, бойымызға терең еніп, тіпті жан мен рухты, буын мен жұлынды айырады, әрі жүректегі ой-ниетті аян етеді” (Еврейлерге 4:12). Құдай Сөзінен білім алып, сол білімге сай өмір сүруге тырысқанның арқасында көп адам екіжүзді өмір сүруді қойып, адал да шыншыл болды. Осы мақаланың басында аталған үш кісінің оқиғасын қарастырайық.
Ехоба куәгерлерінің Патшалық сарайында өтетін кездесуге шақыруды қабыл алғаннан бастап, Панайотаның өмірі күрт өзгерді. Сол кездесуде ол тек сырт көзге құдайшыл болып көрінетін бірде-бір адамды көрмеді. Ол былай дейді: “Мен бұл адамдардың бір-біріне нағыз сүйіспеншілік танытатынын және шын көңіл бөлетінін байқадым. Саясатпен айналысып жүрген кезімде мұндайды көрген емеспін”.
Панайота Киелі кітап сабақтарын өте бастады да, уақыт өте келе өмірін Құдайға бағыштады. Содан бері 30 жыл өтті. Қазір ол былай дейді: “Үйме-үй жүріп, саяси партияның мүддесіне қызмет еткенде емес, Құдай Патшалығы туралы хабарды жариялай бастағанда өмірім мағынаға толды. Өйткені тек Құдай үкіметі ғана дүниеге әділдік орнатады”.
Дэниел Құдаймен тығыз қарым-қатынас дамытып, мәсіхшілер қауымында мәртебелі міндеттерге ие болған. Бірнеше жыл өте ол қателік жіберді де, артынан ар-ұяты мазалай бастады. “Кезінде өзім көрген дін қызметкерлері сияқты екіжүзді болғым келмегендіктен, мәртебелі міндеттерімнен бас тартуым керек деп шештім. Бір сенімдегі достарымды алдап жүре бергім келмеді”,— дейді ол.
Қуанышқа орай, біраз уақыт өткен соң, Дэниел мәртебелі қызметін таза ар-ұжданмен атқара алатынын сезініп, сол қызметтерін қайтадан қабыл алды. Мұндай шыншылдық Құдайға шын ниетпен құлшылық ететін адамдарға тән. Олар өзгенің көзіндегі “жаңқаны алып тастауды” ұсынбас бұрын “өз көздеріндегі бөренені алуды” үйренді.
Кезінде өмірін бизнеске арнаған Джефри былай дейді: “Киелі кітаптан тәлім алған сайын, бұдан былай келісімшартқа тұру үшін өтірік айтудан тайынбайтын, ауыз көпіртіп сөйлейтін айлакер сатушы болмауым керектігін түсіндім. Киелі кітаптағы: —Жалған таразы Ехобаға жеркенішті,— деген сияқты сөздер менің ар-ұжданыма әсер етті” (Нақыл сөздер 11:1). Исаға салық жайлы сұрақ қойып, сөзден ұстамақ болғандарға ұқсамай, Джефри бір сенімдегілермен де, Құдайға сенбейтін адамдармен де қарым-қатынасында таза ниетпен әрекет етуді үйренді.
Жер жүзінің түкпір-түкпіріндегі миллиондаған Ехоба куәгерлері Киелі жазбалардан үйренгендерін іс жүзінде істеуге тырысады. Олар “Құдайдың еркіне сай жаратылған әрі шынайы әділдік пен адалдыққа сай келетін жаңа болмысқа ие болуға” талмай күш салады (Ефестіктерге 4:24). Біз сізді Ехоба куәгерлерінің шын мәнінде кімдер екенін, не нәрсеге сенетіндерін және олар айтып жүрген жаңа дүние туралы білуге шақырамыз. Иә, “әділдік орнайтын” сол заманда екіжүзділіктен біржолата арыламыз (Петірдің 2-хаты 3:13).