Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Киелі кітап. Сұрақтар мен жауаптар

Киелі кітап. Сұрақтар мен жауаптар

Киелі кітаптағы пайғамбарлықтар не үшін жазылған?

Қазіргі заманда болып жатқан жайттар неге киелі кітапта алдын ала айтылып кеткен? (Лұқа 21:10, 11)

Киелі кітапта егжей-тегжейіне дейін айтылған пайғамбарлықтар көптеп жазылған. Ешбір адам баласы болашақты егжей-тегжейлі болжай алмайды. Демек, Киелі кітаптағы пайғамбарлықтардың орындалуы оның Құдай Сөзі екенін дәлелдейді (Ешуа 23:14; Петірдің 2-хаты 1:20, 21 оқыңыз).

Өмірде орындалып қойған Киелі кітап пайғамбарлықтары Құдайға деген сенімімізді нығайтады (Еврейлерге 11:1). Сондай-ақ Құдайдың болашақтағы керемет өмірге қатысты берген уәделерінің де орындалатынына сендіреді. Сондықтан ондағы пайғамбарлықтарды оқығанда, шынайы үмітке ие боламыз (Зәбүр 37:29; Римдіктерге 15:4 оқыңыз).

Киелі кітап пайғамбарлықтарының біз үшін қандай пайдасы бар?

Кейбір пайғамбарлықтар Құдай қызметшілерін әрекеттенуге талпындырады. Мысалы, бірінші ғасырдағы мәсіхшілер кейбір пайғамбарлықтардың жүзеге асып жатқанын көргенде, Иерусалимнен кетіп қалған. Кейінірек бұл қаланың тұрғындары Иса пайғамбардан бас тартқандары үшін жойылды, ал мәсіхшілер қаладан шығып кеткендіктен аман қалды (Лұқа 21:20—22 оқыңыз).

Бүгінгі таңда орындалып қойған пайғамбарлықтарға қарап, жуырда Құдай Патшалығы жер бетіндегі патшалықтар мен үкіметтерді жоятынын түсінуге болады (Даниял 2:44; Лұқа 21:31). Сол себепті әр адам сол Патшалықтың Құдай тағайындаған Патшасы Иса Мәсіхтің мақұлдауына ие болу үшін қазірден бастап әрекеттену керек (Лұқа 21:34—36 оқыңыз).