ОЛАРДЫҢ СЕНІМДЕРІН ҮЛГІ ЕТЕЙІК | ЖҮСІП
“Бір түс көрдім, тыңдаңыздаршы”
ЖҮСІП шығыс жақтан көз алмай келеді. Шамасы болса, босанып шығып, мына керуеннен алысқа қашып кетер еді. Сонау қыраттардың арғы жағында отбасының қонысы — Хеброн өлкесі жатыр. Осы жерден тым алыс емес. Дәл қазір әкесі Жақып сүйікті ұлының мүшкіл күйінен мүлдем бейхабар. Бәлкім, ол кешкісін жайбарақат жайғасып та жатқан болар. Ал Жүсіп одан алыстап барады. Кім білсін, жас жігіт қарт әкесін енді қайтып көрмейтін шығар. Ол ескі жолмен түйелерін оңтүстікке айдап келе жатқан саудагерлердің бақылауында. Олар қазір Жүсіптің қожайындары. Бұл жас жігіт олар үшін — хош иісті шайыр мен май сияқты құнды дүние. Оны шалғайдағы Мысырға апарып сатып, пайда көрмек. Сондықтан одан айырылып қалар ойлары жоқ.
Жүсіптің жасы ары кетсе он жетіде. Ол Ұлы теңіз жаққа батып бара жатқан күннен көз алмай, ойға шомып келеді. Өмірінің бір сәтте астан-кестені шыққанына, туған бауырларының өзін өлтірмек болып, кейін құлдыққа сатқанына әлі де сене алар емес. Көзінен еріксіз жас сорғалайды. Алда оны не күтіп тұрғаны да беймәлім.
Жүсіп мұндай қиын жағдайға қалай тап болды? Өз бауырларынан қиянат көрген бұл жас жігіттің сенімінен қандай үлгі аламыз?
ОТБАСЫНДАҒЫ КҮРДЕЛІ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС
Жүсіп үлкен отбасында туылды. Үлкен болса да, оны бақытты, ынтымақты деу қиын еді. Жақыптың отбасы — көп әйел алудың жағымсыз салдарын көрсететін Киелі кітаптағы бірден-бір мысал. Кезінде Құдай өз қызметшілерінің көп әйел алуына жол бергенімен, кейін Иса пайғамбар арқылы бастапқыдағы бір әйел алу нормасын қалпына келтірді (Матай 19:4—6). Жақыптың төрт әйелден — апалы-сіңлілі Лия мен Рахиладан, екі күңі Зилпа мен Балхадан — туылған кемінде 14 баласы болған. Негізінен, Жақып Рахиланы сүйді, ал алданып үйленген Лияға ыстық сезім оянбады. Сондықтан күндес екі әйел өмір бойы бақталасып өтті. Олардың бойындағы қызғаныш балаларына да берілді (Жаратылыс 29:16—35; 30:1, 8, 19, 20; 37:35).
Рахила ұзақ уақыт бала көтермей, ақырында Жүсіпті туған еді. Қартайғанда көрген бұл Жаратылыс 32:22—31) Кейіннен Жүсіп осы халықты құрайтын рулар Исраил ұлдарынан тарайтынын да білді.
ұлын Жақып ерекше жақсы көрді. Сондықтан ол кекшіл ағасы Есаумен кездеспек болғанда, Рахила мен кішкентай Жүсіпті ең қауіпсіз орынға, яғни топ-топқа бөлінген отбасының ең соңына қойды. Осы қысылтаяң кез Жүсіптің есінде жақсы қалса керек. Ол таңертең тұрғанда, қарт болғанмен, әлі де тың әкесінің ақсап қалғанын көріп, таңғалған шығар. Әкесі түні бойы Ехоба Құдайдың батасын алу үшін мықты періштемен күресіп шыққан екен! Құдай Жақыптың есімін Исраил деп өзгертіпті. Болашақта бұл есіммен бүкіл бір халық аталмақ екен! (Жүсіп өміріндегі ең қымбат жан — анасы Рахиладан тым ерте айырылды. Ол екінші ұлы Буняминді босанып жатып қайтыс болған еді. Бұл қаза әкесі Жақыпқа да ауыр тиді. Жақып боздап жылаған ұлының көз жасын сүртіп жатып, кезінде атасы Ыбырайымды жұбатқан үміт жайлы айтып берген болар. Келешекте Ехоба Құдай анасын өмірге қайтаратынын білгені Жүсіпке қатты әсер етсе керек. Шексіз мейірімі үшін “тірілердің Құдайына” деген сүйіспеншілігі арта түскен де шығар (Лұқа 20:38; Еврейлерге 11:17—19). Жақып әйелі Рахиладан айырылған соң, одан туылған екі ұлына іші-бауыры елжіреп тұратын болды (Жаратылыс 35:18—20; 37:3; 44:27—29).
Әке-шешесі ерекше жақсы көріп өсірген балалар жиі ерке не бұзық болып жатады. Жүсіп болса ата-анасының жақсы қасиеттерін бойына сіңірді. Ол Құдайға деген берік сенім дамытып, жақсы мен жаманның аражігін ажырата білуді үйреніп өсті. Шамамен он жеті жаста болса керек, Жүсіп ағаларына қой бағуға көмектесіп жүрді. Сонда ол жиі олардың жаман істерін көретін. Бірақ ол бауырларына жағыну үшін көрген-білгенін әкелерінен жасырып қалғысы келді ме екен? Оны қандай ой мазаласа да, ол дұрыс шешім қабылдап, болған жағдайды әкесіне айтып жүрді (Жаратылыс 37:2). Осындай батыл әрекеттің арқасында Жақыптың сүйікті ұлына деген сенімі арта түсті. Бұл жағдай — жас мәсіхшілер үшін керемет мысал! Егер сіз біреудің — ол бауырыңыз не досыңыз болсын — жасаған ауыр күнәсін жасырып қалғыңыз келсе, Жүсіптің үлгісіне еліктеңіз. Болған жайды күнә жасаған адамға көмектесуге құқылы адамдар білу үшін қам жасаңыз (Леуіліктер 5:1).
Жүсіптің туып-өскен отбасындағы жағдай біз үшін сабақ болып табылады. Әрине, қазір мәсіхшілер көп әйел алмайды. Дегенмен кейбір отбасыларында өгей әке не ана, өгей балалар, басқа некеден туылған балалар бар. Жақыптың отбасынан көретініміздей, алалаушылық не бір баланы екіншісінен артық көру отбасының ынтымағын бұзады. Мұндай Римдіктерге 2:11).
отбасыларында ата-ананың даналықпен әрекет еткені өте маңызды. Олар балаларының бәрін — өз баласын да, өгей баласын да — сүйетініне және әрқайсысы ерекше екеніне сендіру үшін қолдан келгеннің бәрін істеулері керек. Сондай-ақ үй ішіндегі ынтымақ пен бақытқа әр бала өз үлесін қоса алатынын түсіндірулері қажет (ҚЫЗҒАНЫШ ТЕРЕҢ ТАМЫР ЖАЙДЫ
Бірде Жақып Жүсіпке ерекше киім тіккізіп береді. Осылай батылдық пен әділдігі үшін ұлының абыройын көтергісі келген болар (Жаратылыс 37:3). Бұл етек-жеңі ұзын сәнді шапан болса керек. Мұндай киімді ақсүйектер мен бекзадалар киген болуы мүмкін.
Шын ниетпен сыйланған шапанды Жүсіп әкесінің ықыласы мен сүйіспеншілігінің белгісі деп қабылдаған болуы керек. Алайда бұл киім оған біраз қиындық тудырды. Жас жігіттің далада қой баққанын білеміз. Бұл қара жұмыс еді. Енді Жүсіптің сол салтанатты киіммен қалай мал бағып жүргенін елестетейік. Биік өскен шөптің арасымен жүргенде, тау-таспен өрмелегенде не бұтаға шырмалған қозыны ажыратқанда ұзын етек-жең оған ыңғайсыздық тудырды. Бұдан да жаманы, ерекше сүйіспеншіліктің белгісі болған киім Жүсіптің бауырларымен қарым-қатынасына кері әсер етті.
Киелі кітапта бұл жайлы былай делінген: “Әкелерінің оны өздерінен артық көретінін сезген ағалары Жүсіпті жаратпай, енді онымен жылы сөйлесе алмады” * (Жаратылыс 37:4). Жүсіптің бауырларының сезімін түсінуге болатын шығар, алайда олардың удай қызғанышқа бой алдырғандары жөн емес еді (Нақыл сөздер 14:30; 27:4). Адамдар сізді емес, басқаны мақтап, қошамет көрсеткенде, қызғанасыз ба? Мұндайда Жүсіптің ағаларын еске алайық. Іштарлық оларды қатты опық жегізген іске итермеледі. Олардың әрекеті мәсіхшілерге ескерту болып табылады әрі “қуанғандардың қуанышына ортақ болудың” әлдеқайда жақсы екенін дәлелдейді (Римдіктерге 12:15).
Жүсіп ағаларының өзіне қырын қабақ танытып жүргенін сезсе керек. Ол ағаларын көргенде, сәнді киімін шешіп, тығып қоятын ба еді? Бәлкім, солай еткісі келген шығар. Алайда Жақып бұл киімді ықыласы мен сүйіспеншілігінің белгісі етіп берген еді ғой. Сондықтан Жүсіп әкесінің сенімін ақтап, шапанды тастамай киіп жүрді. Бұл біз үшін де керемет үлгі. Көктегі Әкеміз ешкімді алаламаса да, кейде жеке қызметшілеріне ерекше ықылас білдіреді. Сондай-ақ барлық қызметшісінен бұзылған әрі азғын дүниеден бөлектенгенін талап етеді. Сондықтан шынайы мәсіхшілердің жүріс-тұрысы Жүсіптің ерекше киімі сияқты айналадағы Петірдің 1-хаты 4:4). Сондай кезде мәсіхші Құдайдың қызметшісі екенін жасыруы керек пе? Әрине, жоқ. Жүсіп шапанын жасырмағандай, біз де кім екенімізді жасырмаймыз (Лұқа 11:33).
адамдардікінен өзгеше. Бұл кейбіреулердің қызғанышын, тіпті ашуын тудыруы мүмкін (ЖҮСІПТІҢ ТҮСТЕРІ
Осы оқиғалардан кейін көп ұзамай Жүсіп ерекше екі түс көрді. Бірінші түсінде Жүсіп бауырларымен бірге егін жинап, бау байлап жүр екен. Бір уақытта бауырларының бауы мұның бауын қоршап алып, оған иіліп тағзым етеді. Ал екінші түсінде Жүсіп өзіне иіліп тағзым еткен күн мен айды және 11 жұлдызды көреді (Жаратылыс 37:6, 7, 9). Осындай қызық та әсерлі түс көрген соң, Жүсіп не істеді екен?!
Бұл түстер Ехоба Құдайдан келген еді. Олардың пайғамбарлық мәні болған. Сондықтан Құдай түс арқылы берілген хабарды Жүсіптің басқаларға айтқанын қалады. Демек, Жүсіп пайғамбарлар сияқты әрекет ету керек еді. Олар да Құдайдың хабарын және оның қыңыр халқына шығарған үкімін жариялаған болатын.
Жүсіп ілтипатпен: “Менің көрген түсімді тыңдаңыздаршы”,— деп, бауырларына көрген түсін айтып берді. Бірақ олар оның мәнін бірден ұғып, Жүсіпке: “Сен немене, бізге патшалық құрғың келе ме? Бізге билік жүргізбексің бе?” — деп, оны мүлдем жақтырмай қалды. Екінші түсін әкесі мен бауырларына айтып бергенде де солай болды. Әкесі оған: “Сенің көргенің қандай түс? Біз, ата-анаң, туған бауырларың алдыңа келіп, тағзым етпекпіз бе?”— деп зекіп тастады. Алайда Жақып баласының айтқанын көңіліне түйіп алды. Бұл баламен Ехобаның сөйлесуі мүмкін еді ғой (Жаратылыс 37:6, 8, 10, 11).
Жүсіп жұртқа жақпайтын Құдайдың хабарын айтқаны үшін қудаланған пайғамбарлардың алғашқысы да, соңғысы да емес еді. Мұндай хабарды жеткізушілердің ішіндегі ең ұлысы — Иса пайғамбар. Ол ізбасарларына: “Мені қудаласа, сендерді де қудалайды”,— деген болатын (Жохан 15:20). Жас Жүсіптің сенімі мен батылдығы кез келген жастағы мәсіхшіге үлгі болып табылады.
ЖЕККӨРУШІЛІК ШЕГІНЕ ЖЕТТІ
Осы жайттан кейін көп ұзамай Жақып Жүсіпті жолға аттандырды. Үлкен ұлдары солтүстіктегі Сихемнің маңында қой бағып жүрген болатын. Жақында ғана олар қала тұрғындарымен жауласып қалған еді. Сондықтан Жақып ұлдарын уайымдағаны сөзсіз. Жүсіпті солардың хал-жағдайын біліп келуге жіберді. Бұл тапсырманы естігенде, Жүсіп қандай сезімде болды екен?! Ол бауырларына жеккөрінішті екенін білетін. Енді, міне, оларға әкесінің хабаршысы болып бармақ. Мұны бауырлары қалай қабылдар екен?! Қанша қиын болса да, Жүсіп әкесіне мойынсұнып, жолға шықты (Жаратылыс 34:25—30; 37:12—14).
Бұл алыс сапар еді, шамамен төрт-бес күндік жол болса керек. Сихем — Хеброннан солтүстікке қарай 80 шақырым жердегі өлке. Содан Жүсіп Сихемге жеткенде, бауырларының Дотан жаққа, солтүстікке қарай тағы 22 шақырым жерге, кеткенін білді. Ақыр соңында ол Дотанға жақындағанда, бауырлары оны алыстан байқап қалды. Сол замат іштеріндегі ашуы сыртқа теуіп, бір-біріне: “Қараңдар, түс көргіш келе жатыр! Жүріңдер, оны өлтіріп, құдыққа лақтыра салайық. Жыртқыш аңға жем болды дерміз. Сонда оның түстерінің не болып шыққанын көрерміз”,— десті. Алайда Рубен бауырларын Жүсіпті құдыққа тірідей тастатуға көндірді. Сондағы ойы — бір амалын тауып, баланы құтқарып қалу еді (Жаратылыс 37:19—22).
Жүсіп қаннен қаперсіз, жылы қарсы алар деген үмітпен ағаларының қасына келді. Олар болса бұған тап беріп, үстіндегі ерекше киімін жұлып алды да, өзін сүйреп апарып, суы тартылған құдыққа итеріп жіберді. Жүсіп құдық түбіне құлап түсті. Есін жиып, әрең дегенде аяғына тұрды, бірақ өз бетінше құдықтан шыға алмайтынын түсінді. Жоғары жақтан ағаларының дауысы естіліп тұрды. Жалынып, оларды көмекке шақырып еді, ешқайсысы келмеді. Жүректері бүлк етпеген күйі олар * (Жаратылыс 37:23—28; 42:21).
алдарындағы асын жеп отыра берді. Рубен бір жаққа кетіп қалғанда, басқалары қайтадан баланы өлтірмек болды. Бірақ Яһуда араға түсіп, баланы саудагерлерге сатып жіберуге көндірді. Дотан Мысырға баратын сауда жолынан алыс емес еді. Көп ұзамай ысмағұлдықтар мен мадияндықтардың керуені көрінді. Рубен қайтып оралғанда, зұлым ниет іске асып қойған еді: ағалары Жүсіпті 20 шекелге сатып жіберген болатынӘңгіменің басында тоқтаған жерімізге оралайық. Мысыр жолымен оңтүстікке қарай әкетіліп бара жатқан Жүсіп бәрінен айырылғандай сезінсе керек. Ол жақындарынан ажырап қалды! Жылдар бойы олар туралы ештеңе білмеді: Рубен қайтып келгенде, Жүсіптің жоқ екенін көріп қатты күйінгенін; сүйікті ұлы өлді дегенге сеніп қалған әкесі Жақыптың қайғыдан құса болғанын; сол кезде көзі тірі болған атасы Ысқақтың халі қандай күйде болғанын; қатты сағынған інісі Бунямин жайлы да ештеңе білмеді. Шынымен де Жүсіп бәрінен айырылып па еді? (Жаратылыс 37:29—35).
Жүсіпте ешкім тартып ала алмаған бір нәрсесі болған еді. Бұл — оның сенімі. Ол өзінің Құдайы Ехоба жайлы көп білген. Бұл білімді ешқандай қиындық оның жадынан өшіре алмас еді. Отбасынан алыста жүргені де, Мысырға құл болып кетіп бара жатқан ұзақ жолдың қиындығы да, Потифар есімді бай мысырлыққа құлдыққа сатылып қор болғаны да әсер етпес еді (Жаратылыс 37:36). Керісінше, мұндай қиындықтар оның сенімі мен Құдайдан ажырамау шешімін нығайта түсті. Осы айдардың келесі мақалаларында Жүсіптің берік сенімі Ехоба Құдайына, сондай-ақ өз отбасының игілігіне қалай қызмет еткенін білеміз. Олай болса, Жүсіптің сеніміне еліктеу даналыққа жатпай ма?!
^ 15-абзац Кейбір зерттеушілер Жақыптың Жүсіпке ерекше сый бергенін басқа ұлдары бұрыс түсінген деп пайымдайды. Олар тұңғыштық жолды Жүсіпке бермекші деп ойлаған. Өйткені Жүсіп Жақыптың сүйікті әйелінің тұңғыш ұлы еді, әрі о баста әкелері Рахилаға ғана үйленгісі келгенін білетін. Бұған қоса, тұңғыш ұл Рубен әкесінің кәнизагымен жақындасып, оның төсегін былғаған. Сол үшін ол тұңғыштық жолынан айырылған болатын (Жаратылыс 35:22; 49:3, 4).
^ 25-абзац Осы бір ұсақ жайттың өзі Киелі кітаптағы мәліметтің туралығын дәлелдейді. Сол заманнан сақталған мәлімет көздерінен Мысырда құлдың негізгі құны 20 шекел болғаны белгілі.