НЕГІЗГІ ТАҚЫРЫП | НЕГЕ ҚҰДАЙҒА ДҰҒА ЕТУІМІЗ КЕРЕК?
Адамдар неге дұға етеді?
Сіз жиі дұға етесіз бе? Көп адамдар, тіпті Құдайға сенбейтіндер де, солай етеді. Бірақ неге адамдар дұға айтады? Францияда жүргізілген бір сауалнамаға сай, Франция азаматтарының жартысы өздерін “жақсырақ сезіну” үшін арагідік дұға етеді немесе медитация жасайды. Еуропалықтардың көбісі сияқты олар Құдайға ғибадат ету үшін емес, жай ғана “дұғаның жанға тыныштық сыйлайтын әсерін” сезінгісі келгендіктен дұға етеді. Алайда Құдайға сенетін кейбір адамдар бастарына іс түскенде ғана дұға етіп, өтініштері бірден орындалады деп үміттенеді (Ишая 26:16).
Ал сіз жайлы не деуге болады? Дұғаны жай ғана ойыңызды жинақтауға көмектесетін нәрсе ретінде қарастырасыз ба? Егер сіз Құдайға сенетін адам болсаңыз, айтқан дұғаларыңыздың сізге көмегі тиіп жатқанын байқайсыз ба? Әлде дұғаларыңыз жауапсыз қалып жатыр деп ойлайсыз ба? Киелі кітап сізге дұғаның өзіңізді жақсырақ сезіну үшін емес, Құдайға жақындау үшін аса маңызды екенін түсінуге көмектеседі.