Діннің ақшаға деген көзқарасы
Естел * есімді әйел балаларымен бірге шіркеуге жүйелі түрде барып тұратын. “Мен дін қызметкеріне Киелі кітап жайлы білгім келетінін айттым”,— дейді ол. Бірақ дін қызметкері Естелге Киелі кітап туралы үйретуге еш ықылас білдірмеді. Ақыр соңында Естел шіркеуге баруын қойды. Ол сөзін жалғап былай дейді: “Шіркеу қызметшілері маған шіркеуге келе алмасаң да, ақша салып жібер деп хат жазды. Сонда мен “оларға менің ғибадатқа баратын-бармайтыным емес, ақша бергенім ғана маңызды екен ғой” деп ойладым”.
Анжелина есімді діндар әйел былай дейді: “Мен баратын шіркеуде әр ғибадат кезінде садақа жинайтын себет үш реттен қолма-қол жіберілетін және бізден үш ретте де ақша салады деп күтілетін. Олар үнемі ақша сұраумен болатын. Сонда мен “Құдай бұл адамдармен бірге емес” деп ойладым”.
Сіз тұратын аймақтағы діндер адамдарды ақша беруге мәжбүрлеу үшін түрлі әдістерді қолдана ма? Бұл Киелі кітапта жазылғандарға сай келе ме?
КИЕЛІ КІТАП НЕГЕ ҮЙРЕТЕДІ?
Иса пайғамбар: “Тегін алдыңдар,— тегін беріңдер”,— деген (Матай 10:8). Киелі кітапта жазылған шындықтардың құны баға жетпес әрі сол шындықтарды білуге ықыласы бар кез келген адам оларға қол жеткізе алу керек.
Ертедегі Құдайдың қызметшілері ғибадат етумен байланысты шығындарды қалай өтеген?
“Әркім жүрек шешіміне қарай, еш қиналмай, зорлықсыз беретін, себебі Құдай қуанышпен беретіндерді жақсы көреді” (Қорынттықтарға 2-хат 9:7). Елші Пауыл: “Көп шығынға ұшыратып, ешқайсысыңа ауыртпалық салмау үшін күні-түні жұмыс істей жүріп, сендерге Құдайдың ізгі хабарын уағыздадық”,— деп айтқан (Салоникалықтарға 1-хат 2:9). Иә, Пауыл Құдайдың тапсырған ісін атқара алуы үшін шатыр жасап күн көретін (Елшілердің істері 18:2, 3).
ЕХОБА КУӘГЕРЛЕРІ ЖАЗБАЛАРҒА САЙ ӘРЕКЕТ ЕТЕ МЕ?
Ехоба куәгерлері негізінен Патшалық сарайы деп аталатын қарапайым ғимараттарда бас қосады. Олар шығындарын қалай өтейді? Куәгерлер жиындарында қолма-қол ыдыс жіберіп ақша жинамайды не хатқалта жіберіп адамдардан садақа салуларын талап етпейді. Қайта, рухани бағдарлама үшін ризашылық білдірген кез келген адам Патшалық сарайындағы арнайы жәшікке өз қалауына қарай садақа сала алады.
Дін қалай қаржыландырылуы керек?
Осындай журналдарды басып шығаруға әрі тасымалдауға қаражаттың керек екені анық. Алайда журналдарда сауда-саттықпен байланысты жарнамалар жасалмайды не адамдар ақша беруге шақырылмайды. Қайта, онда Киелі кітаптағы шындыққа баса назар аударылады.
Қалай ойлайсыз, Ехоба куәгерлерінің шығындарын осындай жолмен өтейтіні Исаның жоғарыда келтірілген сөздері мен ертедегі Құдайдың қызметшілерінің үлгісіне сай келе ме?
^ 2-абзац Кіріспе мақалалардағы кейбір есімдер өзгертілген.