Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Өз нанымдарыңызды тексеріп көріңіз

Өз нанымдарыңызды тексеріп көріңіз

СІЗ қандай да бір дінді ұстанасыз ба? Бүгінде діндер мен діни ағымдар өте көп. Олардың үйрететін ілімдері де сан алуан. Сондықтан сіздің нанымдарыңыз басқа дінді ұстанатын адамдікінен өзгеше болуы мүмкін. Не нәрсеге сенетініміз қаншалықты маңызды? Егер сіз Киелі кітаптың үйретуі бойынша ғибадат еткіңіз келсе, бұл өте маңызды.

Иса пайғамбардың алғашқы ізбасарлары “мәсіхшілер” деп аталды (Елшілердің істері 11:26). Сол кезде мәсіхшілердің бір ғана діні болғандықтан, оларды айқындау үшін басқа атаулардың керегі болмады. Мәсіхшілікті ұстанатындар оның негізін қалаушы Иса пайғамбардың тәлімдері мен өсиеттерін еш бұрмаламай ұстанған. Ал сіздің нанымдарыңыз жайлы не деуге болады? Олар Иса пайғамбардың алғашқы шәкірттеріне үйреткен тәлімдеріне сай келе ме? Бұған көз жеткізудің бірден-бір жолы — Киелі кітаптың көмегімен нанымдарыңызды тексеріп көру.

Мына жайлы ойланып көрейікші: Иса пайғамбар Киелі кітапты Құдайдың Сөзі ретінде бедел тұтқан. Ол адам ойынан шыққан дәстүрлерді Киелі кітап тәлімдерінен артық көргендерді еш қолдамаған (Марқа 7:9—13). Сол себептен Исаның шынайы ізбасарлары өз нанымдарын Киелі кітапқа негіздейді деп сеніммен айта аламыз. Өзін мәсіхші санайтын әрбір адам “Менің нанымдарым Киелі кітапқа сай келе ме?” деп өзін тексергені жақсы. Ендеше осы сұрақтың жауабын іздеп көрейік.

Иса пайғамбар Құдайға деген ғибадатымыз Киелі кітаптағы шындыққа сай болу керектігін айтқан (Жохан 4:24; 17:17). Ал оның елшісі Пауыл “шындық жайлы тура білім алғандар” құтқарылады деген (Тімөтеге 1-хат 2:4). Иә, нанымдарымыздың Киелі кітаптағы шындық сөздеріне негізделгені өте маңызды. Өйткені біздің өміріміз соған байланысты!

НАНЫМДАРЫҢЫЗДЫ КИЕЛІ КІТАППЕН САЛЫСТЫРУДЫҢ ЖОЛДАРЫ

Сізді қоршауда келтірілген алты сұрақты оқып, Киелі кітаптан берілген жауаптарға назар аударуға шақырамыз. Сондай-ақ төменде берілген қосымша тармақтарды Киелі кітаптан ашып қарап, жауаптарды ой елегінен өткізгеніңіз жақсы. Сосын “Нанымдарым Киелі кітапта айтылғандарға қаншалықты сай келеді?” деп ойланып көріңіз.

Қоршаудағы сұрақтар сізге өз нанымдарыңызды ең жақсы жолмен тексеріп көруге көмектеседі. Басқа да нанымдарыңызды Киелі кітапта айтылғандармен салыстырып көргіңіз келер ме еді? Ехоба куәгерлері сізге Киелі кітаптағы шындықты білуге қуана көмектеседі. Ол үшін солардың бірінен ақысыз Киелі кітап зерттеу сабағын өткізуді өтінсеңіз болады. Я болмаса www.jw.org сайтына кіріп көріңіз.