Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Киелі кітаптың көне қолжазбасындағы Құдай есімі (боялған)

Киелі кітапта не делінген?

Киелі кітапта не делінген?

Алла Тағаланың есімі бар ма?

КЕЙБІР АДАМДАРДЫҢ ОЙЫНША, оның есімі “Құдай”, “Жаратқан ие”, “Тәңір” немесе мүлдем оның есімі жоқ. Енді біреулері оның тоқсан тоғыз есімі бар дейді. Ал сіздің ойыңыз қандай?

КИЕЛІ КІТАПТА БЫЛАЙ ДЕЛІНГЕН:

“Адамдар сенің есімің Ехоба екенін, бүкіл жер бетін билейтін жалғыз Құдай Тағала екеніңді білсін” (Зәбүр 83:18).

КИЕЛІ КІТАПТА ТАҒЫ НЕ ЖАЗЫЛҒАН?

  • Құдайдың лауазымдары көп, бірақ есімі біреу-ақ (Мұсаның 2-жазбасы 3:15).

  • Алла Тағала — пенде түсініп-білмейтін тұлға емес. Ол біздің өзін танып-білгенімізді қалайды (Елшілердің істері 17:27).

  • Құдайдың есімін білгеніміз оған жақын болуға жол ашады (Жақып 4:8).

Құдайдың есімін ауызға алғанымыз күнә ма?

СІЗДІҢШЕ...

  • иә

  • жоқ

  • әр жағдайда әрқалай

КИЕЛІ КІТАПТА БЫЛАЙ ДЕЛІНГЕН:

“Ехоба Құдайыңның есімін орынсыз аузыңа алма” (Мұсаның 2-жазбасы 20:7). Алла Тағаланың есімін орынсыз қолданып, аяқасты етуге болмайды (Еремия 29:9).

КИЕЛІ КІТАПТА ТАҒЫ НЕ ЖАЗЫЛҒАН?

  • Иса пайғамбар Құдайдың есімін білген әрі оны атымен атаған (Жохан 17:25, 26).

  • Құдай біздің де оны атымен атағанымызды қалайды (Зәбүр 105:1).

  • Құдайдың жаулары оның есімінің ұмыт қалғанын көксейді (Еремия 23:27).