Өмір ауыр жүк артқанда
Мысалы, АҚШ-та болған дауылдың кесірінен Салли a есімді әйел бар дүниесінен айырылды. Ол бойындағы сезімдерін былай сипаттады: “Бұдан артық шыдай алмаспын деп ойладым. Бұл апат төзімімнің тас қамалын құлатты”.
Жақын адамдарымыз көз жұмғанда, өмірдің мәні кетіп, қайғыға төзу мүмкін еместей көрінеді. Австралияның тумасы Дженис есімді әйел мұны өз басынан кешірді. “Екі ұлымнан айырылғанда, шыныдай шытынаған өмірімді қайтадан бөлшектеп жинауға тура келді. Бірақ сол кездері Құдайға “мына қайғыға аналық жүрегім шыдай алмас, көзімді жұмып, мәңгілікке ұйықтап кетейінші” деп жалбарынумен болдым”,— деді ол.
Даниял есімді ер кісі болса тағы бір өмір қиындығының ащы дәмін татты. “Әйелім көзіме шөп салғанда, жүрегіме пышақ қадалғандай болды. Жаныма салынған жара өне бойымды ауыртып, айлар өтсе де еш байыз таппады”,— деп ол есіне алады.
Өмір өкпелеткенде, күдер үзбеуге себептер көп. Бұл журнал өмірдің тауқыметтеріне төзіп, сынбауға күш береді. Осы санда мынадай тақырыптар қозғалады:
Алдымен, табиғат тосын мінез танытқанда, қалай мойымауға болатынын көрейік.
a Журналдағы кейбір есімдер өзгертілген.