Құдай мен Иса туралы ақиқат
Адамдар түрлі тәңірлерге табынып жатады, бірақ шынайы Құдай жалғыз (Жохан 17:3). Ол — бәрін жаратып, күллі тіршілікке бастау берген Алла Тағала. Құлшылық етуімізге ол ғана лайық (Даниял 7:18; Аян 4:11).
Құдай жайлы нені білген жөн?
Құдайдың есімі. Құдай өз Сөзінде: “Мен Ехобамын. Бұл — менің есімім”,— деп айтқан (Ишая 42:8). Оның дара есімі Киелі жазбаларда шамамен 7000 рет кездеседі. Бірақ Киелі жазбаларды аударған көптеген адамдар Құдайдың “Ехоба” деген есімін алып тастап, “Жаратушы Ие” деген сияқты атаулармен алмастырған. Құдай сізбен дос болғысы келеді, сондықтан оның “есімін атап шақырғаныңызды” қалайды (Зәбүр 105:1).
Ехобаның атақтары. Киелі жазбаларда Ехоба “Құдай”, “Құдіреті шексіз”, “Жаратушы”, “Ие”, “Әлемнің Әміршісі”, “Әке” деген сөздермен де аталған. Құдайға арналған көптеген дұғаларда адамдар оның дәрежесін көрсететін атақтарына Ехобаның есімін қосып айтқан (Даниял 9:4).
Құдайдың сипаттары. Құдай — көзге көрінбейтін рух (Жохан 4:24). Киелі жазбаларда: “Құдайды ешкім ешқашан көрген емес”,— деп нақты жазылған (Жохан 1:18). Сондай-ақ онда Құдайдың сезімсіз емес екені айтылады. Адамдардың әрекеттеріне қарап, Құдай я қайғырады, я сүйсінеді (Нақыл сөздер 11:20; Зәбүр 78:40, 41).
Елшілердің істері 10:34, 35). Сонымен қатар ол “мейірімді де жанашыр, ашулануға асықпайтын, айнымас сүйіспеншілігі мол және әрдайым сөзіне адал” (Мұсаның 2-жазбасы 34:6, 7). Оның әсіресе төрт қасиеті ерекше тартымды.
Құдайдың көркем қасиеттері. Құдай Тағала барлық ұлттың адамдарына бірдей қарайды, ол ешкімді ешкімнен артық санамайды (Құдіреті. “Құдіреті шексіз Құдай” болғандықтан, ол нені уәде етсе, соны орындауға күші жетеді (Мұсаның 1-жазбасы 17:1).
Даналығы. Құдайдың даналығынан асып түсетін даналық ешкімде жоқ. Киелі кітапта ол “даналықтың бірден-бір иесі” деп жазылғаны да сондықтан (Римдіктерге 16:27).
Әділдігі. Құдай не істесе де, бәрін дұрыс істейді. Оның істері кемелді және ол “еш әділетсіздік жасамайды” (Мұсаның 5-жазбасы 32:4).
Сүйіспеншілігі. Киелі жазбаларда: “Құдай — сүйіспеншілік”,— деп жазылған (Жоханның 1-хаты 4:8). Құдай сүйіспеншілік танытады деу жеткіліксіз, өйткені оның бар болмысы — тұнып тұрған сүйіспеншілік. Осы теңдессіз сүйіспеншілігі оның әр ісіне қозғау салады әрі біз үшін тигізер игілігі көп.
Құдай мен адамдардың достығы. Киелі жазбаларда Құдай сүйіспеншілігі мол “көктегі Әкеміз” деп аталған (Матай 6:9). Оған сенім артсақ, досы бола аламыз (Зәбүр 25:14). Құдайдың өзі сізді дұға айту арқылы оған жақындап, бар уайымыңызды оған артуға шақырады, “себебі ол қамыңызды ойлайды” (Петірдің 1-хаты 5:7; Жақып 4:8).
Құдай мен Иса Мәсіх тең бе?
Иса Құдай емес. Исаны Құдай жаратқандықтан, оны Құдайға теңеу мүлдем ақылға қонымсыз. Бірақ басқа жаратылыстардан бір ерекшелігі — ол Құдайдың өз қолынан шыққан жалғыз тұлға. Сондықтан Киелі кітапта ол Құдайдың Ұлы деп аталған (Жохан 1:14). Ал Исаны жаратқаннан кейін, ол Ехобаның “шебер жұмысшысы” болып, қалғанның бәрін екеуі бірге жаратты (Нақыл сөздер 8:30, 31; Қолостықтарға 1:15, 16).
Жохан 7:29). Шәкіртінің бірімен сөйлескенде, Иса Ехобаны “өзімнің және сендердің Әкелерің”, “өзімнің және сендердің Құдайларың” деп атаған (Жохан 20:17). Иса өлген соң, Ехоба Құдай оны көкте өмір сүру үшін қайта тірілтті де, оған орасан зор билік беріп, оң жағына отырғызды (Матай 28:18; Елшілердің істері 2:32, 33).
Иса Мәсіх өзін ешқашан Құдаймын деп айтпаған. Ол өзінің кім екенін түсіндіріп: “Мен... [Құдайдың] атынан келдім, мені жіберген — сол”,— деген (Иса арқылы Құдайға жақын бола аласыз
Иса жерге Әкесі жайлы үйрету үшін келген. Ехобаның өзі Иса жайлы: “Бұл — менің сүйікті Ұлым. Оны тыңдаңдар”,— деп айтқан (Марқа 9:7). Құдайды Исадан артық ешкім білмейді. Иса бұл жайында былай деген: “Әкенің кім екенін Ұлынан және Ұлы ашқысы келген адамнан басқа ешкім білмейді” (Лұқа 10:22).
Иса Құдайдың қасиеттерін кемел түрде танытты. Иса Әкесінің көркем қасиеттерін айна қатесіз қайталағаны сонша: “Мені көрген адамның Әкені де көргені”,— деп айтқан (Жохан 14:9). Исаның сөзінен де, ісінен де Құдай сүйіспеншілігінің есіп тұрғанын көрген адамдар Құдайға жақындай түскен. Ол өзі жайлы: “Жол, шындық және өмір — менмін. Мен арқылы болмаса, ешкім де Әкеге келе алмайды”,— деді (Жохан 14:6). Ал тағы бір сөзінде: “Шынайы ғибадат етушілер Әкеге киелі рухқа және шындыққа сай ғибадат етеді... Құдай өзіне осылай ғибадат еткісі келетіндерді іздеуде”,— деген (Жохан 4:23). Көрдіңіз бе, Ехоба Құдай ол туралы ақиқатты іздеп, шындыққа сусаған сіз сияқты адамдарды іздейді!