Өзге тілді қауымда қызмет еткенде, рухани күйіңізді сақтаңыз
“Айтқан сөзіңді жүрегімде сақтаймын” (ЗӘБҮР 119:11).
ӘНДЕР: 142, 92
1—3. а) Біз үшін басты орында әрдайым не тұру керек? ә) Жаңа тілді меңгеріп жүрген бауырластар қандай қиындықтарға кезігеді және осыған байланысты қандай сұрақтар туындайды? (Мақаланың басындағы суретті қараңыз.)
БҮГІНДЕ мыңдаған Ехоба куәгері ізгі хабардың “әрбір ұлт, ру, тіл және халыққа жарияланатыны” жайлы пайғамбарлықтың орындалуына құлшына үлес қосуда (Аян 14:6). Бұл ретте арамызда өзге тілді үйреніп жүргендер де бар. Кейбірі шетелде миссионер ретінде қызмет етіп жүрсе, өзгесі қызмет аясын кеңейтіп басқа елге көшіп барған. Ал тағы біреулері өз еліндегі шет тілді қауымға барып жүр.
2 Құдайдың күллі қызметшілері бірінші кезекте өздерінің және отбасыларының рухани күйінің жақсы болуына мән беруі керек (Матай 5:3). Дегенмен күйбең тірліктен қолымыз босамай, кейде тиянақты түрде жеке зерттеуге уақыт табу қиын шығар. Ал өзге тілді қауымда қызмет ететіндердің бұдан да басқа қиындықтары бар.
Қорынттықтарға 1-хат 2:10). Алайда қауымда айтылатын ойларды толықтай түсінбесе, олар бұған қалай қол жеткізе алады? Сондай-ақ шет тілдегі қауымда қызмет ететін ата-аналар Құдай Сөзіндегі шындықты балаларының жүрегіне жеткізу үшін не істесе болады?
3 Жаңа тілді меңгерумен қоса, шет тілді қауымда қызмет ететін бауырластар Құдайдың терең даналығына бойлап отырулары керек (ЕХОБАМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫМЫЗҒА ТӨНУІ МҮМКІН ҚАУІП
4. Ехобамен қарым-қатынасымызға не қауіп төндіруі мүмкін? Мысал келтіріңіз.
4 Өзге тілде Киелі кітап тәлімдерін ұғына алмасақ, Ехобамен қарым-қатынасымызға үлкен қауіп төнуі мүмкін. Б. з. б. V ғасырда Нехемия Иерусалимге оралғанда, кейбір балалардың еврей тілінде сөйлей алмайтынын байқаған (Нехемия 13:23, 24 оқыңыз). Құдай Сөзінің мәнін жете түсінбегендіктен, бұл балалар Ехобаға деген сенім дамытып, онымен тығыз қарым-қатынаста бола алмаған (Нехемия 8:2, 8).
5, 6. Шет тілді танапта қызмет ететін ата-аналар нені байқаған және мұның себебі неде?
5 Шет тілді танапта қызмет етіп жүрген кейбір ата-аналар балаларының шындыққа деген қызығушылығы суып бара жатқанын аңғарған. Кездесулерде не айтылып жатқанын толық түсінбегендіктен, рухани бағдарлама оларды іс-әрекетке талпындырып жатқан жоқ еді. Отбасымен Оңтүстік Америкадан Австралияға көшіп барған Педро: “Рухани әңгімелер адамның жүрегі мен сезіміне әсер етуі керек”,— дейді (Лұқа 24:32) [1]. (14-беттегі сілтемені қараңыз.)
6 Өзге тілдегі мәліметті оқығанда, ол ана тіліміздегідей жүрекке жете қоймайды. Бұған қоса, басқа тілде адамдармен жақсы араласа алмағандықтан, миымыз шаршап, рухани қалжырауымыз мүмкін. Сондықтан шет тілді танапта қызмет етуге деген ыстық ықыласымызды сақтай отырып, Ехобамен қарым-қатынасымызды көзіміздің қарашығындай қорғауымыз керек (Матай 4:4).
ОЛАР ЕХОБАМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫН ҚОРҒАҒАН
7. Бабылдықтар қалай Даниялға өз мәдениеті мен дінін қабылдатқысы келді?
7 Даниял мен достары Бабылға жер аударылғанда, бабылдықтар оларға өз мәдениеті мен дінін қабылдатқысы келді. Бұл үшін олар “халдейлердің тілін” үйретіп, оларға бабылдықтардың есімдерін қойды (Даниял 1:3—7). Даниялға берілген есім Бабылдың Бел деген бас тәңіріне нұсқайтын. Осылайша Навуходоносор патша Бабылдың құдайы Даниялдың Құдайы Ехобадан әлдеқайда күшті екеніне оны иландырғысы келген болса керек (Даниял 4:8).
Еврей тіліндегі “киелі жазбаларды” зерттегендіктен, Даниял Ехобамен қарым-қатынасын берік сақтап қалды
8. Ехобамен берік қарым-қатынасын жоғалтпау үшін Даниял не істеді?
8 Бабылда жүргенде Даниялдың алдына патша сарайының дәмді тағамдары ұсынылды. Бірақ ол “жүрегінде өзін арамдамаймын деп шешті” (Даниял 1:8). Өз ана тілінде жазылған “киелі жазбаларды” үзбей зерттегендіктен, Даниял шет жерде жүрсе де Ехобамен қарым-қатынасын берік сақтап қалды (Даниял 9:2, сілтеме). Тіпті Бабылға келгеніне 70 жылдай уақыт болса да, ол өзінің еврейше Даниял деген атымен танымал болып қала берді (Даниял 5:13).
9. Зәбүрдің 119-жырынан көрінетіндей, зәбүр жыршысына Құдай Сөзі қалай әсер етті?
9 Зәбүрдің 119-жырын жазған кісінің мысалын алайық. Патша сарайындағылар оған қарсы сөйлеген болатын. Бұған төтеп беру үшін ол Құдай Сөзінен күш алды. Бұл оған басқалар сияқты болып кетпеуге көмектесті (Зәбүр 119:23, 61). Ол Құдайдың сөздерінің жүрегіне терең әсер етуіне жол берді (Зәбүр 119:11, 46 оқыңыз).
ЕХОБАМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫҢЫЗДЫ БЕРІК САҚТАҢЫЗ
10, 11. а) Құдай Сөзін зерттегенде мақсатымыз қандай болу керек? ә) Бұл мақсатқа қол жеткізудің жолы қандай? Мысал келтіріңіз.
10 Қауымдағы не жұмыстағы жауапкершіліктеріміз бастан асып жатса да, барлығымыз жеке зерттеу мен отбасылық ғибадатқа уақыт бөлуге тиіспіз (Ефестіктерге 5:15, 16). Алайда біз бірнеше бетті оқып шыға салуды не қауымда түсініктеме беру үшін ғана дайындалуды көздемеуіміз керек. Біз Құдай Сөзінің жүрегімізге әсер етіп, сенімімізді нығайтуын мақсат етуіміз қажет.
11 Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін таразы басын тең ұстай білген жөн. Зерттеу барысында тек басқалардың ғана емес, жеке басымыздың да қажеттілігін ойда тұтқанымыз абзал (Філіпіліктерге 1:9, 10). Қызметке, қауым кездесулеріне не баяндама айтуға дайындалған кезде, оқыған мәліметті міндетті түрде өзімізге қатыстыра бермейтінімізді мойындағанымыз жөн. Мысалы, бас аспаз әзірлеген тағамын басқаларға ұсынбас бұрын дәмін татып көреді, бірақ сол жегені оған азық болмайды. Денсаулығын жақсы сақтау үшін ол өзіне әрдайым құнарлы тағам дайындап отыруы керек. Дәл солай, рухани күйіміз жақсы болу үшін біз жеке өзіміздің қажеттілігімізді қанағаттандыратын рухани асты қабылдап отыруымыз қажет.
12, 13. Неліктен шет тілді қауымда қызмет ететіндердің көбісі Киелі кітапты өз тілінде зерттеуді пайдалы деп санайды?
12 Шет тілді қауымда қызмет ететіндердің көбісі Киелі кітапты “ана тілдерінде” жүйелі түрде зерттеуді пайдалы деп тапқан (Елшілердің істері 2:8). Тіпті шетелге тағайындалған миссионерлердің өзі де рухани күшті болып қалу үшін қауымда естігендерімен шектелудің жеткіліксіз екенін мойындайды.
13 Парсы тілін меңгеріп жатқанына сегіз жылдай болған Ален бауырлас
былай дейді: “Кездесулерге парсы тілінде дайындалсам, бар ойым тілге ауып кетеді. Мұндайда ой еңбегімен шұғылданып кететіндіктен, оқып отырған рухани ойлар жүрегіме жете бермейді. Сол себепті мен Киелі кітап пен басылымдарды өз тілімде зерттеуге жүйелі түрде уақыт бөлемін”.ШЫНДЫҚТЫ БАЛАҢЫЗДЫҢ ЖҮРЕГІНЕ ЖЕТКІЗІҢІЗ
14. Ата-ана не нәрсеге көз жеткізу керек және неге?
14 Ата-аналар шындықтың балаларының ой-санасы мен жүрегіне жетіп жатқанына көз жеткізу қажет. Өзге тілді аумақта үш жылдан аса қызмет еткен соң, Серж бен әйелі Мюриель 17 жасар ұлдарының теократиялық істерге ықыласы жоғала бастағанын байқаған. Анасы былай дейді: “Өзге тілде уағыздау оның қитығына тиетін болды. Ал бұрын өзінің ана тілі француз тілінде уағыздауды жақсы көретін”. Әкесі Серж: “Бұл жағдай ұлымызға рухани алға басуға кедергі етіп жатқанын түсінген соң, біз бұрынғы қауымымызға оралуды шештік”,— деп түсіндірді.
15. а) Қауымды ауыстыру-ауыстырмауды шешуге ата-анаға не көмектеседі? ә) Мұсаның 5-жазбасы 6:5—7 тармақтарда ата-анаға қандай нұсқау берілген?
15 Балалардың жүрегіне жақын тілдегі қауымға қайту керек пе, жоқ па — оны шешуге не көмектеседі? Біріншіден, ата-ана балаларына Ехобаны сүюді үйретумен қатар, өзге Мұсаның 5-жазбасы 6:5—7 оқыңыз).
тілді де үйретуге уақыты мен күш-қуаты шынымен жете ме, соны қарастырғаны дұрыс. Екіншіден, олар балаларының рухани істерге деген не өзге тілді танапта қызмет етуге деген қызығушылығы жоқтығын байқайтын шығар. Осы себептермен ата-ана балалары жақсы түсінетін тілдегі қауымға оралуды ұйғарар. Ал кейіннен, балалары шындықта нық тұрған кезде, олар шет тілді танапқа ауысуды ойластырар (16, 17. Кейбір ата-ана балаларына Ехоба жайлы тәлім берудің қандай амалын тапқан?
16 Кейбір ата-ана өзге тілді қауымға не топқа барып жүріп, балаларына Ехоба туралы ана тілінде тәлім берудің амалын тапқан. Мысалы, 13, 12 және 9 жасар үш қызы бар Чарльзді алайық. Олар лингала тіліндегі топқа барып тұрады. Ол былай дейді: “Біз балалармен зерттеуді және отбасылық ғибадатты өз тілімізде өткіземіз деп ұйғардық. Бұған қоса, лингала тілін үйренуді қызықты ету үшін сол тілде жаттығып, ойындар ойнаймыз”.
17 Ал Кевиннің 5 және 8 жасар екі қызы бар. Оларға шет тілде өтетін қауым кездесулерін түсіну әлі қиын болғандықтан, әкесі шындықты үйрету үшін көп тер төгеді. “Әйелім екеуміз қыздардың әрқайсысымен ана тілдері — француз тілінде жеке зерттеу өткіземіз. Айына бір рет француз тіліндегі қауымға барып тұруды
да мақсат еттік. Сондай-ақ демалыс алып, туған тіліміздегі конгрестерге барып тұрамыз”,— дейді ол.18. а) Римдіктерге 15:1, 2-дегі принцип балаңыз үшін ненің ең дұрыс екенін шешуге қалай көмектеседі? ә) Кейбір ата-аналар тағы қандай кеңес берген? (Сілтемені қараңыз).
18 Әр отбасы өз балаларының рухани күйі үшін ненің ең пайдалы болатынын өздері шешуі қажет (Ғалаттықтарға 6:5) [2]. (14-беттегі сілтемені қараңыз.) Жоғарыда келтірілген Мюриель мен күйеуі шет тілді қауымда қатты қызмет еткісі келсе де, ұлдарының Ехобаға деген сүйіспеншілігін нығайту үшін өз қауымына оралуды ұйғарған (Римдіктерге 15:1, 2 оқыңыз). Қазір Серж сол кезде дұрыс шешім қабылдағандарын айтады. Ол былай деді: “Француз тіліндегі қауымға ауысқан соң ұлымыз рухани өркендеп, шомылдыру рәсімінен өтті. Қазір тұрақты ізашар болып қызмет етеді. Ол тіпті шет тілді топқа қайта ауысуды ойлап жүр!”
ҚҰДАЙ СӨЗІ ЖҮРЕГІҢІЗГЕ ЖЕТЕ БЕРСІН
19, 20. Құдай Сөзін жақсы көретінімізді қалай көрсете аламыз?
19 Адамзатты жақсы көргендіктен, Ехоба “әртүрлі адамдардың құтқарылғанын және шындық жайлы тура білім алғанын” қалап, өз Сөзі Киелі кітапты мыңдаған тілде қолжетімді етті (Тімөтеге 1-хат 2:4). Өйткені жүрегіне жақын ана тілдерінде оқығанда, адамдар рухани қажеттілігін жақсырақ қанағаттандыра алатынын ол біледі.
20 Жағдайымыз қандай болмасын, Ехобамен қарым-қатынасымыз тығыз болу үшін рухани қатты тағамды қабылдауға күш салуымыз керек. Жүрегімізге жақын тілде Жазбаларды жүйелі түрде зерттеп отырсақ, өзіміздің де, отбасымыздың да рухани күйін сақтаймыз және Құдайдың айтқан сөзін жоғары бағалайтынымызды көрсетеміз (Зәбүр 119:11).