34-ЗЕРТТЕУ МАҚАЛАСЫ
Ехобаның қауымында сіздің өз орныңыз бар!
“Дене біреу, бірақ көп мүшесі бар. Мүшесі көп болғанымен, олардың бәрі — бір дене. Мәсіхтің денесімен де дәл солай” (ҚОР. 1-Х. 12:12).
101-ӘН Бірлесе қызмет етейік
АҢДАТПА *
1. Бізде қандай мәртебе бар?
ЕХОБАНЫҢ қауымының бір бөлігі болу — біз үшін зор мәртебе! Біз тату да бақытты адамдардан тұратын рухани жұмақта жүрміз. Ал сіздің қауымдағы орныңыз қандай?
2. Елші Пауыл өзінің бірнеше хатында қандай мысал қолданған?
2 Қауымдағы орнымыз жайлы елші Пауылдың келтірген мысалынан көреміз. Бұл мысал оның киелі рухтың жетелеуімен жазған бірнеше хатында кездеседі. Пауыл өз мысалында қауымды адамның денесімен салыстырған, ал қауымдағы адамдарды дене мүшелеріне теңеген (Рим. 12:4—8; Қор. 1-х. 12:12—27; Ефес. 4:16).
3. Бұл мақалада қандай үш жайтты қарастырамыз?
3 Бұл мақалада Пауылдың мысалынан біз үйрене алатын үш маңызды жайтты қарастырамыз. Біріншіден, Ехобаның қауымында әрқайсысымыздың өз орнымыз * бар екенін білеміз. Екіншіден, қауымдағы орнымызды анық көре алмағанда не істей алатынымызды қарастырамыз. Үшіншіден, Құдайдың қауымындағы өз рөлімізді неліктен атқара беруіміз қажет екенін талқылаймыз.
ЕХОБАНЫҢ ҚАУЫМЫНДА ӘРКІМНІҢ ӨЗ РӨЛІ БАР
4. Римдіктерге 12:4, 5-тен не білеміз?
4 Пауылдың мысалынан біз білетін бірінші жайт — Ехобаның отбасында әрбіріміздің орнымыз бар. Рим. 12:4, 5). Мұнымен Пауыл не айтқысы келді? Қауымда әрқайсысымыз әртүрлі рөл атқарсақ та, бәріміз бірдей бағалымыз.
Пауыл өзінің мысалын мына сөздермен бастаған: “Денеміз көп мүшеден тұрады, бірақ әрқайсысы әртүрлі қызмет атқарады. Сол сияқты, біз де көп болғанымызбен, Мәсіхпен бірліктегі бір денені құраймыз және өзара байланыстағы мүшелерміз” (5. Ехоба қауымға қандай “сый” берді?
5 Ехобаның ұйымында әрқайсысымыздың өз орнымыз бар. Алдымен, басшылықты қолға алғандарды алайық (Сал. 1-х. 5:12; Евр. 13:17). Ехоба Мәсіх арқылы өз қауымына “сый ретінде адамдар берді” (Ефес. 4:8). “Сый ретіндегі адамдар” деп басқарушы кеңестің мүшелерін, басқарушы кеңестің көмекшілерін, филиал комитетінің мүшелерін, аудандық бақылаушыларды, Киелі кітап мектептеріндегі оқытушыларды, қауым ақсақалдарын және қызмет көмекшілерін айтамыз. Бұл ер бауырластардың бәрі Ехобаның бағалы қойларын қамқорлап, нығайту үшін киелі рухпен тағайындалған (Пет. 1-х. 5:2, 3).
6. Салоникалықтарға 1-хат 2:6—8 тармақтарға сай, тағайындалған ер бауырластар не істеуге барын салады?
6 Киелі рухпен тағайындалған бұл ер бауырластар әртүрлі жауапкершіліктер атқарады. Қол мен аяқ сияқты дене мүшелері бүкіл дененің игілігі үшін қызмет атқаратыны сияқты, тағайындалған ер бауырластар да бүкіл қауымның игілігі үшін ауыр еңбектенеді. Олар өздеріне атақ-даңқ іздемейді, қайта, бауырластарын қамқорлап, нығайтуға барын салады (Салоникалықтарға 1-хат 2:6—8 оқыңыз). Осындай жанқияр да рухани толысқан ер бауырластар үшін Ехобаға алғысымыз шексіз!
7. Көптеген толық уақытты қызметшілер қандай баталарға кенеліп жүр?
7 Қауымдағы кейбір бауырластар миссионер, арнайы ізашар, тұрақты ізашар ретінде тағайындалуы мүмкін. Дүниежүзі бойынша көптеген бауырластар уағыздау мен шәкірт дайындау ісіне толық уақыттарын арнап жүр. Осылай олар көп адамға Иса Мәсіхтің шәкірті болуға көмектесіп келеді. Толық уақытты бұл қызметшілердің ақшасы көп болмаса да, Ехоба олардың өмірін батаға толтырған (Мар. 10:29, 30). Бұл аяулы бауырластарымызды біз қатты бағалаймыз, әрі қауымның бір бөлігі болғандары үшін ризамыз!
8. Неге қауымдағы әрбір жариялаушы Ехоба үшін бағалы?
8 Қауымда тек тағайындалған ер бауырластар мен толық уақытты қызметшілердің ғана орны бар ма? Мүлдем олай емес! Ізгі хабарды жариялайтын әрбір қызметші Құдай үшін де, қауым үшін де бағалы (Рим. 10:15; Қор. 1-х. 3:6—9). Өйткені қауымның ең басты мақсаттарының бірі — Иеміз Иса Мәсіхтің шәкірттерін дайындау (Мат. 28:19, 20; Тім. 1-х. 2:4). Шомылдыру рәсімінен өткен не өтпеген болсын, уағыз ісіне қатысатын әрбір жариялаушы шәкірт дайындау ісін өмірлерінде басты орынға қоюға тырысады (Мат. 24:14).
9. Біз неге мәсіхші әйелдерді бағалаймыз?
9 Ехоба өз қауымынан мәсіхші әйелдерге де ерекше орын берген. Ол өзіне Лұқа 8:2, 3; Ел. іс. 16:14, 15; Рим. 16:3, 6; Філіп. 4:3; Евр. 11:11, 31, 35). Қауымымыздағы осындай тамаша қасиеттер танытатын әйелдер үшін Ехобаға дән ризамыз!
адал қызмет етіп жүрген аяулы жарларды, аналарды, жесірлер мен салтбасты қыз бауырластарды бағалайды. Жазбаларда Құдайға ұнамды болған әйелдердің оқиғалары көп. Олардың даналығы, сенімдері, құлшынысы, батылдығы, жомарттығы мен игі істері мақтауға тұрарлық (10. Неге қарт бауырластар біз үшін аса бағалы?
10 Қауымдағы қарт бауырластарымыз да біз үшін зор бата! Олардың арасында Ехобаға өмір бойы адалдықпен қызмет етіп келе жатқандары да, шындыққа жақында келгендері де бар. Қарт бауырластарымыздың көбі кәрілікпен байланысты көптеген дертпен күреседі. Осының кесірінен олар қауымда не уағыз ісінде көп нәрсе істей алмауы мүмкін. Десе де бұл бауырластарымыз қолдан келгенше уағызға қатысып, өздеріндегі бар күш-қуатты өзгелерді жігерлендіруге және үйретуге жұмсап жүр. Олардың тәжірибелерінің қауым үшін пайдасы зор! Олар Ехоба үшін де, біз үшін де әсем! (Нақ. с. 16:31).
11, 12. Сіз қауымыңыздағы жастардан қандай жігер алып жүрсіз?
11 Енді жас ұл-қыздарымызға келейік. Шайтан Ібіліс басқарған және оның зымиян пәлсапалары жайлаған дүниеде өсіп жатқандықтан, жастарымыз көптеген қиындықтарға кезігуде (Жох. 1-х. 5:19). Соған қарамастан олардың қауым кездесулерінде түсініктеме беріп, уағызға шығып, сенімдерін батылдықпен қорғап жүргені — біз үшін керемет жігер! Жастар, сендердің де Ехобаның қауымында ойып алар өз орындарың бар! (Зәб. 8:2).
12 Алайда кейбір бауырластарымызға қауымда өз орындары бар екеніне сену қиын болып жатады. Бұған сенімді болуға бізге не көмектеседі? Келіңіз, көрейік.
ҚАУЫМДАҒЫ ӨЗ ОРНЫҢЫЗДЫ КӨРЕ БІЛІҢІЗ
13, 14. Неге кейбір бауырластар қауымдағы өз орындарын бағалы деп ойламайды?
13 Енді Пауылдың мысалынан біз білетін екінші жайтты талқылайық. Ол бүгінде жиі кездесетін бір қиындыққа назар аударған. Көп бауырластарға қауымда өз орындары бар екеніне сену қиын. Пауыл былай деп жазған: “Аяқ: “Мен қол емеспін, сондықтан денеге жатпаймын”,— десе де, бәрібір денеге жатады емес пе? Құлақ: “Мен көз емеспін, сондықтан денеге жатпаймын”,— десе де, бәрібір денеге жатады емес пе?” (Қор. 1-х. 12:15, 16). Мұнымен Пауыл не үйреткісі келді?
14 Егер сіз өзіңізді басқалармен салыстырсаңыз, қауымдағы өзіңіздің бағалы орныңызды көрмей қалуыңыз мүмкін. Қауымдағы кейбір бауырластар тәлімгер, ұйымдастырушы не бағушы ретінде өте қабілетті болуы мүмкін. Бәлкім, сіз “мен олар сияқты соншалықты қабілетті емеспін” деп ойлайтын шығарсыз. Бұлай ойлағаныңыз сіздің кішіпейіл де қарапайым екеніңізді көрсетеді (Філіп. 2:3). Бірақ абай болыңыз. Егер сіз үнемі өзіңізді қабілетті бауырластармен салыстыра берсеңіз, өз-өзіңізден көңіліңіз қалып қалуы мүмкін. Тіпті “қауымда менің ешқандай орным жоқ” деп ойлап кетуіңіз де ғажап емес. Бұндай ойлармен күресуге не көмектеседі?
15. Қорынттықтарға 1-хат 12:4—11 тармақтарға сай, алған сыйларымызға қатысты нені түсінуіміз керек?
15 Бірінші ғасырда болған жағдайды алайық. Ехоба кейбір мәсіхшілерге киелі рух арқылы керемет сыйлар берген. Бірақ барлық мәсіхшілер бірдей сый алмаған (Қорынттықтарға 1-хат 12:4—11 оқыңыз). Ехоба оларға алуан түрлі сыйлар мен қабілеттер берсе де, олардың бәрін бірдей бағалаған. Бүгінде біз киелі рух арқылы керемет сыйлар алмаймыз. Десе де бұл тармақтардағы принцип бізге де қатысты. Біздің дарын-қабілеттеріміз әртүрлі болуы мүмкін, бірақ Ехоба үшін барлығымыз бағалымыз.
16. Біз елші Пауылдың қандай кеңесіне құлақ асуымыз керек?
16 Өзімізді өзге мәсіхшілермен салыстырудың орнына, елші Пауылдың рухтың жетелеуімен жазған мына кеңесіне құлақ асуымыз керек: “Әркім өз іс-әрекетін тексерсін, сонда өзін басқалармен салыстырмай, өз істеріне қуанады” (Ғал. 6:4).
17. Пауылдың кеңесіне құлақ ассақ, бұның қандай пайдасын көреміз?
17 Пауылдың кеңесіне сай өз іс-әрекетімізді тексеретін болсақ, бойымызда өзгелерде жоқ қабілет-дарын бар екенін байқауымыз мүмкін. Мысалы, қандай да бір ақсақал баяндаманы түбін түсіріп айтпайтын шығар, бірақ ол шәкірт дайындау ісінің қас шебері болуы мүмкін. Я болмаса ол өзге ақсақалдар сияқты өте тиянақты емес шығар, десе де ол жариялаушылар кеңес сұрап, еркін жақындай алатын қамқор бағушы болуы мүмкін. Немесе ол қонақжайлылығымен танымал болар (Евр. 13:2, 16). Біз өзіміздің мықты тұстарымызды анық көретін болсақ, қауымға тигізіп жатқан пайдамыздан қанағат сезінетін боламыз. Сондай-ақ біздікінен өзгеше қабілеттері бар бауырластарға қызғанышпен қарамаймыз.
18. Біз өз қабілеттерімізді қалай шыңдай аламыз?
18 Қауымдағы орнымыз қандай болмасын, бәріміз қызметіміздің сапасын арттырып, қабілеттерімізді шыңдай беруге ықыласты болуымыз керек. Осы орайда бізге көмектесу үшін Ехоба ұйымы арқылы керемет тәлім беріп жатыр. Мысалы, апта ішіндегі кездесуде біз қызметімізді тиімді атқаруға қатысты нұсқаулар аламыз. Сіз сол нұсқауларды барынша ұстануға тырысып жүрсіз бе?
19. Патшалықты жариялаушыларға арналған мектепте оқу жайлы мақсатыңызға қалай қол жеткізе аласыз?
19 Патшалықты жариялаушыларға арналған мектеп — тағы бір тамаша тәлім беру бағдарламасы. Бұл мектепте толық уақыт қызмет ететін және 23 пен 65 жас аралығындағы ер және әйел бауырластар оқи алады. Сіз “бұл мақсатқа мен ешқашан қол жеткізе алмаймын” деп ойлайтын шығарсыз. Бірақ бұл мектепке не үшін бара алмайтыныңыз жайлы емес, не үшін барғыңыз келетіні жайлы ойланыңыз. Содан кейін мектепке бару үшін қойылатын талаптарға сай келуге әрекеттеніп, нақты жоспар құрыңыз. Ехобаның көмегінің және өзіңіз күш салғанның арқасында мүмкін еместей көрінген нәрсе шындыққа айналуы мүмкін.
ҚАБІЛЕТТЕРІҢІЗДІ ҚАУЫМДЫ НЫҒАЙТУ ҮШІН ҚОЛДАНЫҢЫЗ
20. Римдіктерге 12:6—8 тармақтардан не білеміз?
20 Пауылдың мысалынан біз білетін үшінші жайт Римдіктерге 12:6—8 (оқыңыз) тармақтарда жазылған. Бұл тармақтарда да Пауыл қауымдағылардың әртүрлі сыйы болатынын айтқан. Бірақ бұл жолы ол осы сыйларды қауымды нығайту үшін қолдануымыз керектігіне назар аударған.
21, 22. Роберт пен Фелис бауырластан қандай сабақ аламыз?
21 Қазір Роберт * есімді бауырластың жағдайын қарастырайық. Ол шетелде қызмет етіп жүргенде, өз еліндегі Бетелге тағайындалған. Бауырластар тағайындалуының өзгергеніне оның еш кінәсі жоқ екеніне сендірсе де, оған қиын болды. Ол былай деді: “Бұрынғы қызметімді дұрыс атқара алмадым-ау деген ойдан біраз уақыт арыла алмай жүрдім. Бетелдік қызметімді тоқтатқым келген кездер де болды”. Ол бұндай сезімнен қалай арылды? Бір ақсақал оған қазіргі қызметімізді жақсы атқаруымыз үшін, Ехоба бізді бұрынғы қызметімізде үйрететінін айтты. Роберт бұрынғы қызметі жайлы ойлай берудің орнына, бар назарын қазіргі қызметіне аудару керектігін түсінді.
22 Фелис Епископо бауырлас та осыған ұқсас қиындыққа кезіккен. Ол әйелімен бірге 1956 жылы Ғалақат мектебін бітіріп, кейін Боливияда аудандық бақылаушы болып қызмет етеді. 1964 жылы олар балалы болып қалады. Фелис былай дейді: “Сүйіп атқарған қызметімізді қалдыру біз үшін өте қиын болды. Шынымды айтсам, бір жыл бойы көңілім түсіп жүрді. Бірақ Ехобаның көмегімен көзқарасымды өзгертіп, бар назарымды ата-ана ретіндегі жаңа жауапкершілігіме аудардым”. Сіз де Роберт не Фелис сияқты күй кешіп жүрсіз бе? Бұрынғы қызметіңізді қазір атқара алмайтыныңызға көңіліңіз түсе ме? Егер солай болса, көзқарасыңызды өзгертіп, Ехоба мен бауырластарыңыз үшін қазір не істей алатыныңызға назар аударыңыз. Қабілет-дарындарыңызды әрдайым өзгелерге көмектесу үшін қолдансаңыз, қауымды нығайтудан көп қуаныш аласыз.
23. Біз не нәрсеге уақыт бөлуіміз керек және келесі мақалада не қарастырамыз?
23 Әрқайсысымыз Ехоба үшін бағалымыз. Ол бізді өз отбасының бір бөлігі болса екен дейді. Егер біз уақыт бөліп, “бауырластарды қалай нығайта аламын” деп ой жүгіртсек және барынша соған сай әрекет етсек, бізде “қауымда менің орным жоқ” деген ойдың пайда болуы екіталай. Біз қауымдағы бауырластарға қалай қараймыз? Оларды бағалайтынымызды қалай көрсетеміз? Келесі мақалада осы маңызды сұрақтарды қарастыратын боламыз.
24-ӘН Ехобаның тауына келіңдер!
^ 5-абзац Әрқайсысымыз Ехобаға бағалы екенімізді сезінгіміз келеді. Бірақ кейде “менен келіп кетер пайда бар ма” деп ойлауымыз мүмкін. Бұл мақаладан біз қауымда әрбіріміздің бағалы орнымыз бар екенін білеміз.
^ 3-абзац СӨЗ МӘНІ: Ехобаның қауымындағы орнымыз деген тіркес қауымды нығайту үшін біздің қандай рөл атқаратынымызға нұсқайды. Қауымды қаншалықты нығайта алатынымыз ұлтымызға, нәсілімізге, әлеуметтік жағдайымызға, мәдениетіміз бен алған білімімізге байланысты емес.
^ 21-абзац Кейбір есімдер өзгертілген.
^ 63-абзац СУРЕТТЕР СИПАТТАМАСЫ: Үш суретте қауым кездесуіне дейінгі, қауым барысындағы және қауымнан кейінгі жағдайлар суреттелген. 1-сурет: Ақсақал жиналысқа келген кісіні жылы қарсы алып жатыр. Жас ер бауырлас дыбыс құрылғыларын дайындап жүр. Қыз бауырлас қарт әйел бауырласпен сөйлесіп отыр. 2-сурет: “Күзет мұнарасын” зерттеу кезінде жасы да, қарты да атсалысып отыр. 3-сурет: Бір ерлі-зайыпты Патшалық сарайын тазалап жатыр. Анасы қызына садақа жәшігіне ақша салуға көмектесіп жатыр. Жас ер бауырлас әдебиеттерді реттеп жүр. Ал өзге ер бауырлас қарт әйел бауырласқа жігерлі сөздер айтып тұр.