Ақырғы уақытта текетіресетін патшалар
Бұл кестедегі кейбір пайғамбарлықтар бір уақытта болған оқиғаларды сипаттайды. Осы пайғамбарлықтардың бәрі біздің “ақырғы уақытта” өмір сүріп жатқанымызды растайды (Дан. 12:4).
Тармақтар: Аян 11:7; 12:13, 17; 13:1—8, 12
Пайғамбарлық: “Жыртқыш аң” ғасырлар бойы жер бетіне билік етеді. Ақырғы уақытта оның жетінші басы жараланады. Кейінірек бұл бастың жарақаты жазылып, “бүкіл жер беті” аңның соңынан ереді. Шайтан бұл аңды әйелдің “ұрпағынан қалғандармен” соғысу үшін қолданады.
Орындалуы: Топан судан кейін Ехобаға қарсы үкіметтер адамзаттың үстінен билік етті. Көптеген ғасырдан соң, Бірінші дүниежүзілік соғыстың кезінде, Британ империясының күші қатты әлсіреп қалды. Ал Құрама Штаттармен біріккенде, ол қайтадан мықты болды. Шайтан бүкіл саяси жүйесін әсіресе ақырғы уақытта Құдай халқын қуғындау үшін қолданып келеді.
Тармақтар: Дан. 11:25—45
Пайғамбарлық: Ақырғы уақытта солтүстік патшасы мен оңтүстік патшасы текетіреседі.
Орындалуы: Германия мен Англо-Америка бір-бірімен қақтығысты. 1945 жылы Кеңес Одағы мен оның одақтастары солтүстік патшасы болды. 1991 жылы Кеңес Одағы күйреді, ал уақыт өте Ресей мен оның одақтастары солтүстік патшасына айналды.
Тармақтар: Ишая 61:1; Малх. 3:1; Лұқа 4:18
Пайғамбарлық: Ехоба Мәсіхтің Патшалығы келмей тұрып “жол дайындайтын” “хабаршысын” жібереді. Бұл топ “момындарға ізгі хабарды жариялай” бастайды.
Орындалуы: 1870 жылдан бастап Чарлз Расселл мен оның серіктері Киелі кітап шындықтарын білу үшін оны зор құлшыныспен зерттеді. Ал 1880 жылдары олар Құдай қызметшілері уағыздау керек екеніне ерекше назар аудара бастады. Сондықтан “1000 жариялаушы қажет” және “Уағыздау үшін майланғандар” деген сияқты мақалаларды басып шығарды.
Тармақтар: Мат. 13:24—30, 36—43
Пайғамбарлық: Бір кісі егіндікке бидай тұқымын себеді. Кейін дұшпаны келіп, бидай арасына арамшөп сеуіп кетеді. Арамшөп қаулап өсіп, бидайды тасалап қалады. Ал орақ кезінде арамшөп бидайдан ажыратылады.
Орындалуы: 1870 жылдан бастап шынайы мәсіхшілер мен жалған мәсіхшілердің айырмашылығы айқын көріне бастады. Ал ақырғы уақытта шынайы мәсіхшілер жиналып, жалған мәсіхшілерден ажыратылды.
Тармақтар: Дан. 2:31—33, 41—43
Пайғамбарлық: Әртүрлі металдан жасалған мүсіннің темір мен саздан тұратын табан жағы.
Орындалуы: Саз Англо-Америка дүниежүзілік державасының қол астына кіретін әрі осы үкіметке қарсы шығатын қарапайым халықты бейнелейді. Осы адамдар бұл державаның темір іспетті мықты болуына кедергі келтіріп, оны әлсіретеді.
Тармақтар: Мат. 13:30; 24:14, 45; 28:19, 20
Пайғамбарлық: “Бидай” “қамбаға” жиналып, “үйдегі басқа құлдардың” үстінен “адал да ақылды құл” тағайындалады. “Патшалық жайлы ізгі хабар” “бүкіл жер бетінде” уағыздала бастайды.
Орындалуы: 1919 жылы Құдай халқына “адал да ақылды құл” тағайындалды. Сол кезден бастап Киелі кітап зерттеушілері уағыздау ісін қарқындата түсті. Бүгінгі таңда Ехоба куәгерлері 200-ден астам елде уағыздап, 1000-нан аса тілде Киелі кітапқа негізделген материалдар шығаруда.
Тармақтар: Дан. 12:11; Аян 13:11, 14, 15
Пайғамбарлық: Қос мүйізі бар жыртқыш аң жеті басты аңның “мүсінін жасауға” ықпал етіп, “осы мүсінге өмір лебін” береді.
Орындалуы: Англо-Америка дүниежүзілік державасы Ұлттар Лигасын құруға бастама берді. Осы ұйымды басқа халықтар да қолдады. Ақырында, солтүстік патшасы да осы Лиганың мүшесі болды, бірақ тек 1926—1933 жылдар аралығында ғана. Адамдар Ұлттар Лигасы тек Құдай Патшалығы ғана жүзеге асыра алатынды, яғни дүниежүзілік бейбітшілікті орнатады деп үміттенді. Жұрт БҰҰ туралы да осындай ойда.
Тармақтар: Дан. 8:23, 24
Пайғамбарлық: Түрі ызғарлы бір патша “ғаламат ойран салады”.
Орындалуы: Англо-Америка дүниежүзілік державасы өте үлкен ойран салды. Мысалы, Екінші дүниежүзілік соғыста Құрама Штаттар жауларына қарсы екі атом бомбасын тастағанда, қаншама адам қырылып, ғаламат ойран болды.
Тармақтар: Дан. 11:31; Аян 17:3, 7—11
Пайғамбарлық: Он мүйізді “ал қызыл жыртқыш аң” тұңғиықтан шығып, сегізінші патша болады. Даниял кітабында бұл патша “қаңыратып бос қалдыратын жеркенішті нәрсе” деп аталған.
Орындалуы: Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Ұлттар Лигасы әрекетсіз күйге түсті. Соғыстан кейін БҰҰ “орнады”. Ұлттар Лигасы сияқты, БҰҰ да Құдай Патшалығы істейтінді істеймін деді. БҰҰ діндерге шабуылдайтын болады.
Тармақтар: Сал. 1-х. 5:3; Аян 17:16
Пайғамбарлық: Халықтар “бейбітшілік пен қауіпсіздік!” деп жар салады. “Он мүйіз” бен “жыртқыш аң” “жезөкшеге” шабуыл жасап, оны жояды. Содан кейін халықтар жойылады.
Орындалуы: Халықтар бейбітшілік пен қауіпсіздік орнаттық деп айтуы мүмкін. Сосын БҰҰ-ға кіретін халықтар жалған діни ұйымдарды жояды. Бұл зор алапаттың бастамасы болмақ. Зор алапат Армагеддонда Шайтанның бүкіл дүниесінің жойылуымен аяқталады.
Тармақтар: Езек. 38:11, 14—17; Мат. 24:31
Пайғамбарлық: Гог Құдай халқының жеріне шабуыл жасайды. Сосын періштелер “таңдап алынғандарды” жинайды.
Орындалуы: Солтүстік патшасы басқа үкіметтермен бірге Құдай халқына шабуылдайтын болады. Осы шабуыл басталғаннан кейін, майланғандар тамтығы көкке жиналады.
Тармақтар: Езек. 38:18—23; Дан. 2:34, 35, 44, 45; Аян 6:2; 16:14, 16; 17:14; 19:20
Пайғамбарлық: “Ақ боз атта отырған” “толық жеңіске жетеді”: ол Гог пен оның әскерін жояды. “Жыртқыш аң” “отты көлге лақтырылады” және алып мүсін қиратылады.
Орындалуы: Құдай Патшалығының Патшасы Иса Құдайдың халқын құтқаруға келеді. Ол өзімен билік ететін 144 мыңмен бірге және періштелерден құралған әскерімен бірге одақтасқан халықтарды жойып, Шайтанның барлық саяси жүйесін құртады.