32-ЗЕРТТЕУ МАҚАЛАСЫ
Жаратушыға деген сеніміңізді нығайтыңыз
“Сенім дегеніміз — көрінбейтін нәрселердің шын мәнінде бар екенінің айқын дәлелін көру” (ЕВР. 11:1).
11-ӘН Жаратылыстар Ехобаны даңқтайды
АҢДАТПА *
1. Сіз Жаратушы жайлы не біліп өстіңіз?
СІЗ Ехоба куәгерлерінің отбасында өскен болсаңыз, Ехоба Құдай туралы кішкентай кезіңізден білетін шығарсыз. Оның Жаратушы екенін, керемет қасиеттері бар екенін және адамзатқа тамаша болашақ уәде етіп отырғанын да білетін боларсыз (Мұс. 1-ж. 1:1; Ел. іс. 17:24—27).
2. Жаратушыға сенетіндер жайында кейбіреулер қандай ойда?
2 Десе де көп адам Құдайдың бар екеніне және оның Жаратушы екеніне сенбейді. Олар тіршілік кездейсоқ пайда болып, қарапайым ағзалар бірте-бірте күрделі тіршілік иелеріне айналды деп сенеді. Бұлай деп сенетіндердің кейбірі жоғары білімді адамдар. Олар ғылым Киелі кітапты жоққа шығарады дейді және сауатсыз, ой-өрісі тар, аңғал адамдар ғана Жаратушыға сенеді деп ойлайды.
3. Неге әрқайсысымыз сенімімізді қатайтуымыз керек?
3 Адам білімді кісілердің пікірлерін тыңдап, Ехоба Құдайдың Жаратушы екеніне күмәндана бастауы мүмкін бе? Бұл оның Ехоба — Жаратушы екеніне не үшін сенетініне байланысты. Мысалы, біз бұған біреу айтқандықтан сенеміз бе, әлде айғақтарға көз жеткізгендіктен сенеміз бе? (Қор. 1-х. 3:12—15). Қанша жылдан бері Ехоба куәгері болмайық, әрқайсысымыз сенімімізді қатайтып отыруымыз керек. Сонда Құдайдың Сөзіне қайшы келетін “пәлсапаға әрі бос, алдамшы ойларға” алданбаймыз (Қол. 2:8; Евр. 11:6). Бұл мақалада 1) неге көп адам Жаратушының бар екеніне сенбейтінін, 2) Жаратушымыз Ехобаға деген сенімімізді қалай дамыта алатынымызды және 3) сол сенімімізді берік сақтау үшін не істеу керектігін білеміз.
НЕЛІКТЕН КӨП АДАМ ЖАРАТУШЫҒА СЕНБЕЙДІ?
4. Еврейлерге 11:1-ге сай, шынайы сенім қандай болу керек?
4 Кейбіреулер бір нәрсеге сенетін адам соған дәлелсіз сене береді деп жатады. Бірақ Киелі кітапқа сай, бұл шынайы сенімге жатпайды (Еврейлерге 11:1 оқыңыз). Тармақтан байқағанымыздай, сенім айқын дәлелдерге негізделеді. Мысалы, Ехоба, Иса және көктегі Патшалық көзге көрінбегенмен, олардың шынымен бар екеніне айқын дәлелдер бар (Евр. 11:3). Бір биохимик бауырлас айтқандай, біздің сеніміміз — ғылыми факторларды елемейтін соқыр сенім емес.
5. Тіршілік өздігінен пайда болды дегенге сенетіндер неге көп?
5 Жаратушының бар екеніне жеткілікті дәлелдер болса да, неге көп адам өмірді Құдай жаратты дегенге сенбейді? Өйткені олар сол дәлелдерді ешқашан тексеріп көрмеген. Роберт деген бауырлас былай дейді: “Біз мектепте жаратылыс туралы ешқашан оқымағандықтан, мен Жаратушы бар деп ойламадым. Бірақ 22 жасымда Ехоба куәгерлерімен таныстым. Олар маған Киелі кітаптан салмақты әрі ақылға қонымды айғақтар көрсетіп, тіршілікті Құдай жаратқанын дәлелдеп берді” *. (“ Ата-аналар үшін” деген қоршауды қараңыз.)
6. Неліктен көп адам Жаратушыға сенбейді?
6 Кейбіреулер “мен тек көзге көрінетін нәрселерге ғана сенемін” деп, Жаратушыға сенбейді. Негізінде, олар көзге көрінбейтін нәрселерге сенеді. Мысалы, Жердің тартылыс күшіне. Өйткені бұл — бар құбылыс. Сол сияқты Киелі кітапта айтылған сенім Евр. 11:1). Бұл дәлелдерді зерттеу уақыт пен күшті талап ететіндіктен, көп адам бұлай етуге ерінеді. Содан өздері көз жеткізбей жатып, Құдай жоқ деп тұжырымдайды.
де “көрінбейтін нәрселердің шын мәнінде бар екенінің” дәлелдеріне негізделеді (7. Ғаламды Құдай жаратқанына білімді адамдардың бәрі сенбей ме? Түсіндіріңіз.
7 Роберттің жағдайындағыдай, университетте тіршіліктің жаратылғаны жайлы ешқандай білім берілмегендіктен, кейбіреулер Жаратушы жоқ деп ойлаған. Бірақ олар айғақтарды зерттей келе, ғаламды Құдай жаратқанына көз жеткізді *. Ехобаны жақыннан танып, оған деген сүйіспеншіліктері оянды. Қандай білім алып өспейік, біз де осы ғалымдар іспетті, Ехобаға деген сенімімізді дамытуымыз керек. Бұны біз үшін басқа ешкім істей алмайды.
ЖАРАТУШЫҒА СЕНІМ ДАМЫТЫҢЫЗ
8, 9. а) Қазір қандай сұрақтарды қарастырамыз? ә) Айналамыздағы әлемді танудың қандай пайдасы бар?
8 Жаратушыға деген сеніміңізді қалай дамытсаңыз болады? Мұның төрт жолы бар.
9 Айналаңыздағы әлемді таныңыз. Сіз табиғат әлеміндегі жануарларды, өсімдіктерді және аспандағы жұлдыздарды мұқият бақылап, Жаратушыға деген сеніміңізді дамыта аласыз (Зәб. 19:1; Ишая 40:26). Оларды зерттеген сайын, Ехобаның Жаратушы екеніне көзіңіз жете түседі. Біздің әдебиеттерде жаратылыстардың ерекшеліктеріне назар аударатын мақалалар көп. Күрделі тақырып деп оларды оқымай кетпеңіз. Түсіне алғаныңызша оқыңыз. Соңғы жылдары аймақтық конгрестерде көрсетілген жаратылыс әлемі туралы тамаша видеоларды да ұмытпаңыз. Олар jw.org сайтында пайда болғанда, қайтадан көріп шығыңыз.
10. Жаратылыс әлемінен Жаратушының бар екенін дәлелдейтін мысал келтіріңіз (Римдіктерге 1:20).
10 Жаратылыстарды зерттегенде, білген айғақтарыңызға қарап, Жаратушының қандай Құдай екені жайында ойланыңыз (Римдіктерге 1:20 оқыңыз). Мысалы, Күн планетасы туралы ізденіп жатырсыз делік. Сонда сіз Күннің жылу және жарық берумен қатар, өте зиянды ультракүлгін сәулелерін де шығаратынын білесіз. Алайда бір ғажабы, Жеріміздің сол зиянды радиациядан қорғайтын керемет қалқаны бар. Бұл — азон қабаты. Ультракүлгін сәулелері күшейген сайын, азон газының да мөлшері арта түседі. Осылай біз ешқандай зиян шекпейміз. Бұндай керемет құбылыстың артында өте ақылды әрі қамқор Жаратушы тұр емес пе?!
11. Жаратылыстарға қатысты сенім нығайтарлық мәліметтерді қайдан табуға болады? (“ Жаратушыға сеніміңізді нығайтатын құралдар” деген қоршауды қараңыз.)
11 Жаратылыс туралы сеніміңізді нығайтатын мәліметтерді “Ехоба куәгерлерінің ізденіс құралынан” немесе jw.org сайтынан таба аласыз. “Жаратылыс ғажайыптары” деген мақалалар мен видеолар топтамасынан бастап зерттесеңіз болады. Ол жерден жануарларға және басқа да жаратылыстарға қатысты қысқа да нұсқа әрі қызықты айғақтар табасыз. Сондай-ақ ғалымдардың сол тіршілік иелерін зерттеп, олардың қандай көшірмесін жасап жатқанын білесіз.
12. Киелі кітапты зерттегенде қандай жайттарға назар аударғаныңыз жөн?
12 Киелі кітапты зерттеңіз. Алдында айтылып кеткен биохимик кісі алғашында Жаратушының бар екеніне сенбеген. Бірақ Киелі кітапты зерттей келе, ойы өзгерген. Ол былай дейді: “Менің сенімім жалғыз ғылымға ғана қаланбаған. Киелі жазбаларды мұқият зерттегенім де менің сенімімді нығайтты”. Бәлкім, сіз Жазбалардағы ілімдермен жақсы таныс шығарсыз. Бірақ Жаратушыға деген сеніміңізді дамыту үшін, оның Сөзін терең зерттей беруіңіз керек (Ешуа 1:8; Зәб. 119:97). Мысалы, Киелі жазбалардағы оқиғалардың тарихи дәлдігіне назар аударыңыз. Сондай-ақ орындалған пайғамбарлықтарға, ішіндегі кітаптардың өзара үйлесімділігіне ден қойыңыз. Сонда бізді жаратқан қамқор әрі дана Құдайға деген сеніміңіз беки түседі және Киелі кітап оның Сөзі екеніне көзіңіз жетеді * (Тім. 2-х. 3:14; Пет. 2-х. 1:21).
13. Құдай Сөзі даналыққа толы екеніне мысал келтіріңіз.
Тім. 1-х. 6:9, 10; Нақ. с. 28:20; Мат. 6:24). Бұл ескерту әлі де тиімді ме? Қазіргі заманғы адамдардың ұстанымдары жайлы жазылған бір кітапта былай делінген: “Өмірде материализмді басты орынға қоятындар әдетте бақытсыз әрі күйзеліске бейім келеді. Тіпті көбірек ақша табуға ұмтылатындардың өздері жан дертіне шалдығып, денсаулықтары да сыр беріп жатады”. Киелі кітап бізді ақшақұмарлықтан сақтандыратыны қандай жақсы! Сізге көп пайдасын тигізген Киелі кітаптың тағы қандай принциптерін білесіз? Киелі кітаптағы ақыл-кеңестердің пайдасы жайында ойланған сайын, қамқор Жаратушымыздың даналығына көбірек арқа сүйейтін боламыз (Жақ. 1:5). Соның арқасында өміріміз бақытқа толады (Ишая 48:17, 18).
13 Құдай Сөзін оқып зерттегенде, ондағы кеңестердің пайдасына назар аударыңыз. Мысалы, сан ғасыр бұрын Киелі кітап ақшаның артынан қуу “көптеген қайғы-қасіретке” душар ететінін ескерткен (14. Киелі кітапты зерттесеңіз, Ехоба туралы не білесіз?
14 Киелі кітапты Ехобаны танып-білу мақсатымен зерттеңіз (Жох. 17:3). Сонда Ехобаның жаратылыстарынан көрінген қасиеттері сіз үшін Киелі кітап беттерінен де ашыла түседі. Бұл қасиеттердің Иесі өмірде бар тірі Тұлға екеніне көз жеткізесіз (Мұс. 2-ж. 34:6, 7; Зәб. 145:8, 9). Осылай Ехобаны жақыннан танығанда, оған деген сеніміңіз дамиды, сүйіспеншілігіңіз артады және онымен достығыңыз бекем болады.
15. Басқаларға өз сеніміңіз жайында айтудың қандай пайдасы бар?
15 Құдай туралы білгеніңізді басқаларға айтыңыз. Сонда сеніміңіз одан сайын нығая түседі. Бірақ сізді тыңдап тұрған адам Құдайдың бар екеніне күмәнданса және ол сізге қиын сұрақ қойса, не істесеңіз болады? Біздің әдебиеттерден ізденіп, бұл сұраққа Киелі кітап қалай жауап беретінін көріңіз. Кейін соны әлгі адамға түсіндіріп беріңіз (Пет. 1-х. 3:15). Осы тақырыпты жақсы білетін өзге Куәгерден көмек сұрасаңыз да болады. Әлгі адам сіздің Киелі кітаптан берген жауабыңызды қабылдасын-қабылдамасын, ізденіс жасағаныңыз бекер болмайды, бұдан өз сеніміңіз нығаяды. Осының арқасында ақылды, білімді көрінетін адамдардың Жаратушы жоқ деген жалған пікірлеріне еріп кетпейсіз.
СЕНІМІҢІЗДІ БЕРІК САҚТАҢЫЗ!
16. Сенімімізді дамытпасақ әрі оны берік сақтамасақ, не болады?
16 Ехобаға қызмет етіп жүргенімізге қанша уақыт болмасын, сенімімізді дамыта беруіміз және оны берік сақтауымыз керек. Өйткені абай болмасақ, сеніміміз әлсіреп кетуі мүмкін. Есімізде болса, сенім көрінбейтін нәрселердің бар екенін дәлелдейтін айғақтарға негізделеді. “Көзден кетсе, көңілден де кетеді” демекші, көзге көрінбейтін нәрселерді тез-ақ ұмытып кетуіміз мүмкін. Елші Пауыл сенімнің жоқтығын “тез шырмап алатын күнә” деген (Евр. 12:1) Олай болса, сеніміміз мықты болып қалу үшін не істесек болады? (Сал. 2-х. 1:3).
17. Сенімімізді берік сақтап қалуға не көмектеседі?
17 Ехобадан киелі рух сұрап, үзбей жалбарыныңыз. Неге? Өйткені сенім киелі рухтың жемісіне жатады (Ғал. 5:22, 23). Киелі рух болмаса, Жаратушыға деген сенімімізді дамыта алмаймыз, оны берік сақтап та қала алмаймыз. Сондықтан Ехобадан киелі рух сұрауды доғармайық, сонда ол береді (Лұқа 11:13). Біз: “Сенімімізді нығайта көр”,— деп нақты дұға етсек те болады (Лұқа 17:5).
18. Зәбүр 1:2, 3-ке сай, бізде қандай мәртебе бар?
Зәбүр 1:2, 3 оқыңыз). Осы Зәбүр жыры жазылып жатқанда Құдай Заңының толық көшірмесі кейбір исраилдіктерде ғана болған. Бірақ бұл көшірмелер патша мен діни қызметкерлерге қолжетімді болатын және Құдай Заңы әр жеті жыл сайын бүкіл халықтың, “ерлер мен әйелдердің, бала-шағаның” және Исраилде тұрып жатқан жатжерліктердің алдында оқылатын (Мұс. 5-ж. 31:10—12). Исаның заманында да Жазбалар жазылған шиыршықтар бірен-саран адамда немесе мәжілісханаларда ғана болатын. Ал біздің кезімізде Құдай Сөзі кеңінен қолжетімді. Осы мәртебені бағалайтынымызды қалай көрсетсек болады?
18 Құдай Сөзін жүйелі түрде жеке зерттеңіз (19. Сеніміміз берік болып қалу үшін не істеуіміз керек?
19 Құдай Сөзін бағалайтынымызды көрсетудің бір жолы — оны жүйелі түрде оқу. Қолым тигенде, я бір сәті түскенде жеке зерттеймін деуге болмайды. Біздің белгіленген уақытымыз болуы керек. Сол жоспарымызды мықтап ұстансақ, сеніміміз берік бола түседі.
20. Біз не істеуге бекінуіміз керек?
20 Осы дүниедегі “данышпандар мен білімпаздардан” айырмашылығымыз — біздің сеніміміз Құдайдың Сөзіне негізделген (Мат. 11:25, 26). Киелі кітапты зерттегеннің арқасында біз жердегі жағдайдың не үшін ушығып бара жатқанын және Құдай қандай шара қолданатынын білеміз. Ендеше, өз сенімімізді нығайта берейік және мейлінше көп адамға Жаратушыны тануға көмектесейік (Тім. 1-х. 2:3, 4). Жердегі тірі жанның бәрі Аян 4:11-де жазылғандай, “Құдайымыз Ехоба, сен даңққа ие болуға лайықсың! Өйткені бәрін жаратқан — өзіңсің” деп айтатын уақытты тағатсыздана күте берейік.
2-ӘН Сенің есімің — Ехоба
^ 5-абзац Киелі жазбаларда Ехобаның Жаратушы екені анық айтылған. Бірақ көп адам жаратылыс өздігінен пайда болды деп сенеді. Осындай көзқарас сенімімізді шайқалтпау үшін, Құдайға деген және Киелі кітапқа деген сенімімізді қатайта беруіміз керек. Бұл орайда бізге көмектесетін қандай кеңестер бар екенін осы мақаладан білеміз.
^ 5-абзац Көп мектептерде тіршілік қалай пайда болғаны жайлы үйреткенде, оны Құдай жаратқан болуы да мүмкін екендігі мүлдем айтылмайды. Өйткені кейбір мұғалімдер “бұлай ету балаларды Құдайға сенуге мәжбүрлеумен бірдей” деп ойлайды.
^ 7-абзац Тіршілікті Құдай жаратқанына сенетін кейбір білімді адамдар мен ғалымдардың сөздерін “Күзет мұнарасы басылымдарының көрсеткішінен” (ор.) таба аласыз. Бұл үшін, “Наука” деген бөлімдегі “Ученые, выражающие веру в сотворение” деген тақырыпты көріңіз. Олардың кейбірінің сұхбаттарын көргіңіз келсе, jw.org сайтында КІТАПХАНА/БЕЙНЕМАТЕРИАЛДАР/СҰХБАТТАР МЕН ӨМІРДЕ БОЛҒАН ОҚИҒАЛАР/ТІРШІЛІКТІҢ ПАЙДА БОЛУЫНА ҚАТЫСТЫ КӨЗҚАРАСТАР деген жерге кіріңіз.
^ 12-абзац Мысалы, 2008 жыл, 1 қаңтардағы “Күзет мұнарасы” журналының “Ехобаның алдын ала айтқан сөзі жүзеге асады” деген мақаласын және 2018 жылғы № 1 “Күзет мұнарасының” “Заманынан қалған ба, озған ба?” деген мақаласын оқып көріңіз.