31-ЗЕРТТЕУ МАҚАЛАСЫ
Ехобаны шыдаммен күтуге дайынсыз ба?
“Құтқарушы Құдайымды шыдаммен күтемін” (МИХА 7:7).
128-ӘН Соңына дейін табанды тұрайық
АҢДАТПА *
1, 2. Бұл мақалада не қарастырамыз?
СІЗ өзіңізге өте қажет бір посылка күтіп отырсыз делік. Ол уақытында келмей жатса, көңіліңіз түсе ме? Нақыл сөздер 13:12-де: “Ұзақ күттірген үміт ауыртады жүректі”,— делінген. Бірақ затыңыздың кешігіп жатқанына келелі себептер болса ше? Мұндайда сіз шыдаммен күтуге дайын боласыз.
2 Бұл мақалада “шыдаммен күтуге” көмек болар Киелі кітап принциптерін қарастырамыз (Миха 7:7). Сонымен қатар қандай екі жағдайда Ехобаны шыдаммен күтуіміз керектігін көреміз. Ал соңында Ехобаны күткендер қандай батаға кенелетінін білеміз.
ШЫДАМДЫ БОЛУҒА ҮЙРЕТЕТІН ПРИНЦИПТЕР
3. Нақыл сөздер 13:11-де қандай принцип бар?
3 Нақыл сөздер 13:11-де шыдамды болудың маңыздылығы жазылған. Онда былай делінген: “Оңай жолмен табылған байлық таусылар, қолмен біртіндеп жиналған байлық молаяр”. Мұнда қандай принцип бар? Кез келген істі асықпай, байыптап істейтін болсақ, мұның тек жақсы нәтижесін көреміз.
4. Нақыл сөздер 4:18-дегі принциптен не білеміз?
4 Нақыл сөздер 4:18-де: “Әділдің жолы таң шапағы іспетті, тал түс болғанша жарқырай түседі”,— делінген. Бұл тармақ, негізінен, Ехоба өз ниетін қызметшілеріне біртіндеп ашатынына нұсқайды. Бірақ бұл принципті адамның рухани өсуіне де қатыстыруға болады. Адам бірден рухани өсіп кетпейді, бұған біраз уақыт кетеді. Егер Құдай Сөзіндегі және оның ұйымы беріп жатқан кеңестерді мұқият зерттеп, өмірімізде қолдансақ, уақыт өте мәсіхшілерге тән болмысқа ие боламыз және Құдай туралы біліміміз де молаяды. Қазір Исаның осыған қатысты айтқан мысалын қарастырайық.
5. Адамның бірте-бірте рухани өсетінін Иса қалай түсіндірді?
5 Иса Құдай Патшалығы жайлы ізгі хабарды адамның жүрегіне түсіп, бірте-бірте өсіп-жетілетін тұқымға теңеген. Ол: “Тұқым көктеп шығып, өсе бастайды. Әлгі кісі [диқан] оның қалай өсіп жатқанын білмейді. Жер өздігінен бірте-бірте өнім әкеледі: алдымен, көк өскін; сосын, масақ шығады; ақырында, масақ дәнмен толысады”,— деген (Мар. 4:27, 28). Тұқым бірте-бірте өсіп жетілетіндей, Патшалық жайлы ізгі хабарды қабылдаған адам да бірте-бірте рухани өседі. Мысалы, бізбен Киелі кітапты зерттеп жүрген адам Ехобаға жақындай түскенде, оның жақсы жаққа өзгере бастағанын көреміз (Ефес. 4:22—24). Бірақ біз сол тұқымды өсіріп жатқан Ехоба екенін ұмытпаймыз (Қор. 1-х. 3:7).
6, 7. Ехоба жерді қалай жаратқанынан нені ұғамыз?
6 Ехоба қандай жұмысты қолға алмасын, оны аяқтау үшін қанша уақыт керек болса, сонша уақыт жұмсайды. Ол мұны өзінің есімін даңқтау үшін және өзгелердің игілігі үшін жасайды. Мысалы, Ехоба жер шарымызды қалай жаратқанын алайық.
7 Ехоба жерді жаратқанда, оның “өлшемдерін жасаған”, тұғырын орнатқан және бұрыштық тасын қалаған (Әйүп 38:5, 6). Арасында уақыт бөліп, өз ісіне баға беріп отырған (Мұс. 1-ж. 1:10, 12). Періштелердің бірте-бірте пайда болып жатқан жаратылыстарға қарап не сезінгендерін ойлап көріңізші! Киелі кітапта олардың “бәрі шаттана мадақ айтқаны” жазылған (Әйүп 38:7). Бұдан не түйеміз? Ехоба әрбір жаратылысын мұқият ойластыра жасаған әрі жарату ісіне мыңдаған жылдар жұмсаған. Нәтижесінде, “жасағандарының бәріне қарап, өте жақсы екенін көрген” (Мұс. 1-ж. 1:31).
8. Біз әрі қарай не туралы білеміз?
8 Жоғарыда қарастырылған принциптерден шыдамды болудың қаншалықты маңызды екенін көреміз. Қазір қандай екі жағдайда Ехобаны шыдаммен күтуіміз керектігін білейік.
ЕХОБАНЫ КҮТУ ҚАЖЕТ ЖАҒДАЙЛАР
9. Ехобаны күтуіміз керек бір жағдай қандай?
9 Дұғаларымыздың жауабын шыдаммен күтейік. Сынақтарға төтеп беру үшін немесе әлсіздігімізді жеңу үшін күш сұрағанда, Ехоба дұғамызға жауап беруді кешіктіріп жатқандай көрінуі мүмкін. Неге кейде Ехоба дұғаларымызға бірден жауап бермейді?
10. Дұға еткен соң, неге шыдаммен күту керек?
10 Ехоба дұға-тілектерімізге мұқият құлақ түреді (Зәб. 65:2). Ол шын жүректен шыққан сол дұғаларымызды сеніміміздің айғағы деп біледі (Евр. 11:6). Бірақ Ехоба үшін дұғамызға сай әрекет етуге және оның еркін орындауға қаншалықты күш саламыз — сол да маңызды (Жох. 1-х. 3:22). Демек, жаман әдетімізді тастауды, әлсіздігімізді жеңуді сұрап дұға еткенде шыдамды болайық және дұғамызға сай әрекет етейік. Кейбір дұғаларымызға бірден жауап алмайтынымызды Иса да айтқан. Сондықтан ол бізді былай деп шақырған: “Сұрай беріңдер, сонда сендерге беріледі; іздей беріңдер, сонда табасыңдар; есікті қаға беріңдер, сонда сендерге ашылады. Себебі сұрай берген әркім алады, іздей берген табады, қаға бергенге есік ашылады” (Мат. 7:7, 8). Осы кеңеске құлақ асып, “әрдайым дұға етсек”, көктегі Әкеміз дұғамызды тыңдайды әрі міндетті түрде жауап береді (Қол. 4:2).
11. Ехоба дұғамызға жауап беруді кешіктіріп жатқандай көрінгенде, Петірдің 1-хаты 5:6, 7 қалай көмектеседі?
11 Ехоба дұғамызға жауап беруді кешіктіріп жатқандай көрінгенмен, “уақыты келгенде” ол міндетті түрде жауап береді (Петірдің 1-хаты 5:6, 7 оқыңыз). Сондықтан Ехоба дұғама жауап бермей жатыр деп оны айыптамауымыз керек. Мысалы, көптеген бауырластар “Құдай Патшалығы келіп, осы дүниені жойсыншы” деп жылдар бойы дұға етіп келеді. Осылай дұға ету керектігін Иса да айтқан (Мат. 6:10). Бірақ осы дүниенің соңы біз ойлаған уақытта келмеді деп, сенімімізден тайып кеткеніміз ақымақтық болар еді (Абқ. 2:3; Мат. 24:44). Ендеше, Ехобаны шыдаммен күтіп, оған сеніммен дұға ете берейік. Осы дүниенің соңы өз уақытында келеді, өйткені Ехоба “күн мен сағатты” белгілеп қойған. Бұл уақыт барлығы үшін ең дұрыс уақыт болады (Мат. 24:36; Пет. 2-х. 3:15).
12. Әсіресе қандай жағдайда шыдамдылығымыз сыналуы мүмкін?
12 Әділдік орнағанша шыдаммен күтейік. Бұл дүниеде адамдар басқаларды нәсіліне, ұлтына, жынысына, руына қарай бөліп-жарады. Басқалары физикалық немесе психикалық кемістігі бар адамдарға жәбір көрсетеді. Көптеген Ехоба куәгерлері Киелі кітапқа сенгендеріне бола келеке-мазаққа ұшырап, қуғын-сүргін көріп жүр. Осы сияқты әділетсіздіктерге кезігіп жүрсек, Исаның мына сөздерін ұмытпайық: “Соңына дейін табандылық танытқан адам құтқарылады” (Мат. 24:13). Бірақ қауымыңызда біреу ауыр күнә жасағанда, не істейсіз? Бұл жайында ақсақалдар хабардар болғаннан кейін, сіз оларға сенім артып, істі Жазбаларға сай шешкенше шыдаммен күтесіз бе? Жалпы, ақсақалдар біреудің ауыр күнә жасағанын білгеннен кейін әрі қарай не істейді?
13. Қауымда біреу ауыр күнә жасағанда, Ехоба ақсақалдардың қалай әрекет еткенін қалайды?
13 Ақсақалдар қауымда біреудің ауыр күнә жасағанын білгенде, жағдайға Ехобаның көзімен қарау үшін, дұғада “көктен келген даналық” сұрайды (Жақ. 3:17). Олардың мақсаты — күнә жасаған адамға “теріс жолынан қайтуға” көмектесу (Жақ. 5:19, 20). Сондай-ақ олар қауымды қорғауға және жапа шеккендерді жұбатуға тырысады (Қор. 2-х. 1:3, 4). Күнә жасаған адамның ісін қарастыруға біраз уақыт кетуі мүмкін. Өйткені ақсақалдар, алдымен, барлық айғақтарды жинайды. Сосын, дұға айтады және күнә жасаған адамға Жазбалардан кеңес беріп, оны “тиісінше жөнге салады” (Ерм. 30:11). Ақсақалдар бұндай мәселені кейінге қалдырып созбайды. Бірақ асығыс та шешім қабылдамайды. Жағдай Ехобаның қалауымен шешілгенде, қауымдағылардың бәрі бұның игілігін көреді. Десе де жапа шеккен жазықсыз жандар біраз қиналуы мүмкін. Сіздің де осылай жаныңыз қиналып жүр ме? Олай болса, сізге не шипа бола алады?
14. Қауымдағы біреуден қатты жапа шексеңіз, Киелі кітаптағы қандай мысал сізге көмек бола алады?
14 Қауымдағы бауырлас болсын не басқа адам болсын, біреу сізге қарсы ауыр күнә жасаған ба? Мұндайда мәселені Ехобаның қолына тапсырып, оны шыдаммен күтуге не көмектеседі? Киелі кітапта бізге көмек болар керемет мысалдар бар. Солардың бірі — Жүсіп. Өз бауырлары сатқындық жасаса да, ол қатуланып, кектеніп кетпеді. Жүсіп Ехобаға қызмет ете беруге бар күшін салды. Табандылығы мен шыдамдылығы үшін Ехоба оны молынан жарылқады (Мұс. 1-ж. 39:21). Уақыт өте Жүсіп жанына жара салған адамдарды кешіре алды және Ехобаның батасына кенелді (Мұс. 1-ж. 45:5). Сіз де Ехобаға жақындай берсеңіз және оның әділдік орнатуын күтсеңіз, Жүсіп сияқты жұбаныш табасыз (Зәб. 7:17; 73:28).
15. Бір бауырласымызға әділетсіздікке төзуге не көмектесті?
Філіп. 2:3, 4). Бір әйел бауырластың оқиғасын алайық. Әріптесі ол туралы өсек тарата бастайды, бірақ әйел бауырласымыз асығыс әрекет етпей, Исаның үлгісі жайлы ойланады. Адамдар тіл тигізгенде, Иса оларды ғайбаттамаған (Пет. 1-х. 2:21, 23). Осы жайлы ой жүгірткеннен кейін әйел бауырласымыз бұл мәселеге мән бермеуді шешеді. Кейінірек ол әріптесінің ауыр дерті бар екенін әрі сол кезде үлкен стреске түсіп жүргенін біледі. Содан, ол “әріптесім мені әдейі ренжіткісі келмеген шығар” деген ойға келеді. Бауырласымыз шыдамдылықпен төзгеніне қуанды әрі жантыныштығына кенелді.
15 Жүсіп сияқты сорақы әділетсіздік көрмесек те, өзгелердің айтқан ауыр сөздері мен істері жанымызға батуы мүмкін. Кез келген адаммен, мейлі ол Ехобаға қызмет етсін-етпесін, түсініспеушілік туындағанда, Киелі кітап принциптерін қолдансақ, көп пайдасын көреміз (16. Әділетсіздікке кезігіп жүрсеңіз, неден жұбаныш таба аласыз? (Петірдің 1-хаты 3:12)
16 Әділетсіздіктің не басқа да қиындықтардың кесірінен қиналып жүрсеңіз, “жүрегі жаралы жанға Ехоба жақын тұратынын” ұмытпаңыз (Зәб. 34:18). Шыдамдылық танытқаныңыз үшін және ауыртпалығыңызды оған артқаныңыз үшін Ехоба сізді жақсы көреді (Зәб. 55:22). Ехоба — жержүзінің Төрешісі және ешнәрсе оның көзінен таса емес (Петірдің 1-хаты 3:12 оқыңыз). Сондықтан өзіңіз шеше алмайтын қиындықтарға кезіксеңіз, Ехобаның әрекет ететін уақытын шыдаммен күтіңіз.
ЕХОБАНЫ ШЫДАММЕН КҮТЕТІНДЕР МОЛЫНАН ЖАРЫЛҚАНАДЫ
17. Ишая 30:18-де жазылғандай, Ехоба бізге нені уәде етеді?
17 Ишая 30:18-де былай делінген: “Ехоба сендерге ықыласын түсіру үшін шыдаммен күтіп отыр. Ол сендерге мейірім таныту үшін түрегеледі. Өйткені Ехоба — әділдік орнататын Құдай. Оны тағатсыздана күтетіндердің бәрі бақытты”. Ехобаны шыдаммен күтетіндер қазір де және болашақта Құдай Патшалығы билік еткенде де молынан жарылқанатын болады.
18. Бізді алда қандай баталар күтіп тұр?
Аян 21:4). Жер бетінде молшылық болғандықтан, біз ешнәрсені уайымдамаймыз (Зәб. 72:16; Ишая 54:13). Бізді неткен керемет болашақ күтіп тұр десеңізші!
18 Біз жаңа дүниеге өткенде, қазір көріп жүрген қиындықтарымыздың бәрі келмеске кетеді. Төзімімізді сынайтын қиыншылықтар, әділетсіздік пен қайғы-мұң атымен болмайды (19. Ехоба бізді қайда дайындап жатыр?
19 Ехоба жаман әдеттерімізден арылуға және оған ұнамды қасиеттер дамытуға көмектесіп жатыр. Осылай ол бізді жаңа дүниеге дайындауда. Сондықтан еш берілмейік! Бізді жарқын болашақ күтіп тұр! Ехоба ниетін толық жүзеге асырғанша, оны шыдаммен күте берейік!
118-ӘН “Сенімімізді нығайта көр”
^ 5-абзац Жылдар бойы адал қызмет етіп келе жатқан қарт бауырластардың “мен осы дүниеде қартаямын деп ойламаппын” дегендерін естігенсіз бе? Барлығымыз да әсіресе қазіргі қиын уақытта Ехобаның күні тезірек келсе екен дейміз. Бірақ шыдамды болуымыз керек. Киелі кітапта шыдамды болуға көмектесетін қандай принциптер бар? Қандай екі жағдайда Ехобаны шыдаммен күтуіміз керек? Шыдамды адамдарды қандай баталар күтіп тұр? Қазір осы сұрақтардың жауабын білейік.
^ 56-абзац СУРЕТ СИПАТТАМАСЫ: Әйел бауырлас бала кезінен үзбей дұға етіп келеді. Қалай дұға етуді ол ата-анасынан үйренген. Ол жасөспірім шағында ізашар болып, қызметіне үнемі Ехобаның батасын сұрайтын. Жылдар өте күйеуі ауыр дертке шалдығады. Бауырласымыз сол кезде де Ехобаға жалбарынып, қайғысын көтеруге күш сұрайды. Жесір қалған кезінде де ол жүйелі түрде дұға етеді. Ехоба осы уақытқа дейін дұғаларына жауап беріп келгендіктен, ол қазір де дұғасына жауап алатынына толық сенімді.