Рухани адам болу деген нені білдіреді?
“Құдай бәріңе Мәсіх Исаның ой қалпын сыйласын!” (РИМДІКТЕРГЕ 15:5).
ӘНДЕР: 84, 5
1, 2. а) Көп бауырластар рухани адам болу жайлы не ойлайды? ә) Осы мақалада қандай үш маңызды сұрақтың жауабын білеміз?
КАНАДАДАҒЫ бір әйел бауырласымыз рухани адам болғаны өзін әлдеқайда бақытты сезінуге және қиындықтарымен күресуге көмектескенін айтады. Ал отау құрғанына 23 жыл болған Бразилиядағы бір ер бауырлас рухани адам болғанының арқасында жұбайы екеуінің некелері баянды екенін атап өтті. Филиппинде тұратын ер бауырласымыз болса рухани көзқарас танытқаны жантыныштығына ие болуға және түрлі ортадан шыққан бауырластармен арақатынасын жақсартуға көмектескенін айтады.
2 Байқағанымыздай, рухани тұрғыдан ойланғанымыздың пайдасы көл-көсір. Рухани өсу үшін және соның пайдасын көру үшін не істей аламыз? Ең алдымен, рухани адам жайлы, яғни Құдай рухының жетелеуімен жүретін және Ехобаның ой қалпын танытатын адам жайлы, Киелі кітапта не жазылғанын жақсылап түсініп алуымыз керек. Осы мақалада біз келесі үш маңызды сұрақтың жауабын білеміз: 1) Рухани адам болу деген нені білдіреді? 2) Кімдердің мысалы рухани өсуімізге көмектеседі? 3) “Мәсіхтің
ой-санасына” ие болуға күш салғанымыз рухани адам болуымызға қалай септігін тигізеді?РУХАНИ АДАМ ҚАНДАЙ БОЛАДЫ?
3. Киелі кітапта тәндік адам мен рухани адамның айырмашылығы қалай суреттеледі?
3 Елші Пауыл “Құдай рухының жетелеуімен жүретін адам” мен “тәндік көзқарастағы адамның” айырмашылығын көруге көмектеседі (Қорынттықтарға 1-хат 2:14—16 оқыңыз). Тәндік көзқарастағы адам “Құдай рухы ашқан нәрселерді қабылдамайды, себебі ақымақтық деп есептейді, танып-біле де алмайды”. Ал рухани адам, керісінше, “барлығына баға бере алады” және “Мәсіхтің ой-санасын” танытады, яғни Мәсіх сияқты ойлауға тырысады. Пауыл бізді рухани адам болуға шақырады. Тәндік адамның рухани адамнан тағы қандай айырмашылықтары бар?
4, 5. Тәндік адамды қалай анықтауға болады?
4 Тәндік адамның ой қалпы қандай? Ол өзімшіл қалауларды қанағаттандыруға бағытталған осы дүниелік көзқарасты ұстанады. Пауыл мұндай көзқарасты “тілазар адамдарға әсер етіп жатқан рух” деп сипаттаған (Ефестіктерге 2:2). Мұндай көзқарас адамдардың басым бөлігін жұрт не істесе, соны істеуге итермелейді. Олар Құдай талаптарын еш елемей, өздері дұрыс деп есептейтінді ғана істейді. Тәндік адам көбіне тәндік нәрселер жайлы ойлайды, сондай-ақ өз дәрежесін, ақшаны не өз құқықтарын бәрінен де маңызды санайды.
5 Тәндік адам Киелі кітапта айтылып кеткен “тәннің істерімен” айналысады (Ғалаттықтарға 5:19—21). Пауыл Қорынттағы мәсіхшілерге жазған бірінші хатында тәндік адамдардың жасайтын басқа да істерін атап өткен. Ондай адамдар араға іріткі салады, алауыздық тудырады, басқаларды бүлікке итермелейді, бір-бірін сотқа апарады, басшылықты қолға алғандарды құрметтемейді әрі ішіп-жеуге тым көп мән береді. Сондай-ақ тәндік адам жамандық істеуге азғырылғанда, соған елігіп кетеді (Нақыл сөздер 7:21, 22). Яһуда тәндік адамның тіпті Құдай рухынан айырылып қалуы мүмкін екенін айтқан (Яһуда 18, 19).
6. Рухани адамды қалай анықтауға болады?
6 Тәндік адамнан айырмашылығы, рухани адам Ехобамен қарым-қатынасына қатты мән береді. Ол киелі рухтың өзін жетелеуіне жол береді әрі Ехобаға еліктеуге тырысады (Ефестіктерге 5:1). Ехобаның ой қалпын білуге және барлық мәселеге ол сияқты қарауға күш салады. Ол үшін Құдай — тірі Тұлға. Тәндік адамға қарағанда, рухани адам өмірінің әр саласында Ехобаның талаптарын елеп-ескереді (Зәбүр 119:33; 143:10). Ол “тәннің істерімен” айналыспайды, қайта, “киелі рухтың жемісін” дамытуға күш салады (Ғалаттықтарға 5:22, 23). Рухани адам деген нені білдіретінін анығырақ түсінуге мынандай мысал көмектеседі: Қандай да бір бизнесті шебер жүргізетін адамды бизнестің адамы дейміз. Сол сияқты рухани істерге бар ықыласын аударатын адамды рухани адам деуге болады.
7. Киелі кітапта рухани адам жайлы не делінген?
7 Иса рухани адамның бақытты екенін айтып былай деген: “Рухани мұқтаждығын мойындайтындар бақытты, өйткені Көк Патшалығы соларға Матай 5:3, сілтеме). Римдіктерге 8:6-да Ехобанікіндей ой қалып танытудың өмірлік маңызы бар екені жазылған. Онда: “Тән жөнінде ойлау өлімге ұшыратады, ал рух жөнінде ойлау өмір мен татулыққа жеткізеді”,— делінген. Демек, рухани адам болсақ, Құдаймен тату боламыз, жантыныштығына кенелеміз және мәңгілік өмір сүру үмітіне ие боламыз.
тиесілі” (8. Рухани адам болу және рухани күйімізді сақтап қалу неге қиын болуы мүмкін?
8 Десе де біз қауіп-қатерге толы дүниеде өмір сүріп жатырмыз. Айналамыздағы адамдар Құдайдың ой қалпын танытпайтындықтан, ойымызды қорғау үшін барымызды салуымыз қажет. Санамызды Ехобаның ойларымен толтырмайтын болсақ, осы дүние оны тәндік көзқарас пен тәндік ойларға толтырады. Бұның алдын алу үшін не істей аламыз? Қалай рухани өсе аламыз?
ҮЛГІ ТҰТАРЛЫҚ ТҰЛҒАЛАРДАН ҮЙРЕНЕЙІК
9. а) Рухани адам болуды қалай үйрене аламыз? ә) Кімдердің жақсы үлгілерін қарастырамыз?
9 Баласы ата-анасынан тәлім-тәрбие алып, олардың үлгісіне еліктейтіні сияқты, біз де Ехобамен қарым-қатынасы тығыз адамдардан үйреніп, оларға еліктеуіміз қажет. Осылайша рухани адам болу үшін не істеу керектігін біле аламыз. Бұдан бөлек, тәндік адамдарға қарап біз нені істемеу керектігіне қатысты сабақ аламыз (Қорынттықтарға 1-хат 3:1—4). Киелі кітапта адамдардың жаман да, жақсы да мысалдары бар. Жақсы үлгі қалдырған Жақып, Мәриям және Исадан неге үйрене алатынымызды көрелік.
10. Жақып рухани адам болғанын қалай көрсетті?
10 Көбіміз секілді, Жақып та өмірдің көп тауқыметін көрді. Туған бауыры Мұсаның 1-жазбасы 28:10—15). Ол айналасындағы адамдардың тәндік көзқарасы өзіне әсер етіп, Ехобаның уәделерін ұмыттырып жіберуіне жол бермеді. Мәселен, бауырынан қауіп төніп тұрғандай көрінгенде, ол Ехобаға құтқаруын сұрап жалбарынды. Ол: “Өзің маған: — Саған батамды беріп, ұрпағыңды теңіз жағасындағы құм қиыршықтарындай сансыз көп етемін,— деп едің ғой”,— деп дұға етті (Мұсаның 1-жазбасы 32:6—12). Иә, Жақып Ехобаның уәделеріне нық сенді және мұны өмір салтымен дәлелдеді.
Есау оны өлтіргісі келді. Ал қайын атасы оны қайта-қайта алдауға тырысып бақты. Сонда да Жақыптың Ехобаның Ыбырайымға берген уәдесіне деген сенімі берік қалпынан айнымады. Өз отбасының осы керемет уәденің орындалуына үлес қосатынын білгендіктен, оларға қамқор болды (11. Мәриямның рухани адам болғанын қайдан білеміз?
11 Енді Мәриямды алайық. Рухани адам болғандықтан, Ехоба оны Исаның анасы болады деп шешті. Оның Зәкәрия мен Елізабет есімді туыстарына барғандағы айтқан сөздерін оқып көріңізші (Лұқа 1:46—55 оқыңыз). Мәриямның Құдай Сөзін жақсы көргені және Еврей жазбаларын жетік білгені байқалады (Мұсаның 1-жазбасы 30:13; Самуилдің 1-жазбасы 2:1—10; Малахи 3:12). Сондай-ақ Жүсіп пен Мәриям үйленсе де, Иса туылғанға дейін жыныстық қатынаста болмаған. Құдайдың тапсырмасы олар үшін өз қалауларынан маңыздырақ болды (Матай 1:25). Бұған қоса, Мәриям Иса ер жеткенге дейін орын алған әрбір жайтты мұқият бақылады және оның үйреткен тәлімдерін тыңдап жүрді. Ол “бұл сөздердің бәрін көңіліне сақтады” (Лұқа 2:51). Оның Мәсіхке қатысты Құдай уәделеріне зор қызығушылық танытқаны айқын көрінеді. Мәриямға еліктеп, әрдайым Құдайдың еркіне сай әрекет етуге тырысамыз ба?
12. а) Иса Әкесіне қалай еліктеген? ә) Біз Исаға қалай еліктей аламыз? (Мақаланың басындағы суретті қараңыз.)
12 Жер бетінде өмір сүрген бүкіл адамдардың ішінде Иса ең үлгілі рухани адам болған. Жердегі өмірі мен қызметі кезінде ол Әкесіне еліктегісі келетінін паш етті. Ол Ехоба сияқты ойланды, сезінді және әрекет етті. Сонымен қатар Құдай еркін орындады және оның талаптарын құрметтеді (Жохан 8:29; 14:9; 15:10). Мысалы, Ехобаның жанашырлығын сипаттаған Ишаяның сөздерін және Исаның сезімдерін сипаттаған Марқаның сөздерін салыстырып көрсек болады (Ишая 63:9; Марқа 6:34 оқыңыз). Біз Исаға еліктеп, көмекке мұқтаж адамдарға жанашырлық танытуға әрқашан дайын тұрамыз ба? Ол сияқты, ізгі хабарды уағыздау мен тәлім беру ісіне бар назарымызды аударамыз ба? (Лұқа 4:43). Рухани адамдар жанашыр болып, өзгелерге қол ұшын беруге тырысады.
13, 14. а) Бүгіндегі рухани адамдардан не нәрсеге үйрене аламыз? ә) Мысал келтіріңіз.
13 Бүгінде Исаға еліктеуге тырысатын рухани бауырластар көптеп табылады. Олар қызметтерін құлшыныспен атқаратынын, қонақжай әрі жанашыр екенін байқайтын боларсыз. Әрине, олар кемелді емес. Десе де олар ізгі қасиеттерді дамыту үшін және Ехоба қалайтындай әрекет ету үшін көп тер төгеді. Бразилияда тұратын Рейчел бауырлас былай дейді: “Мен осы дүниенің сәнін қууға құмар едім. Сондықтан қарапайым киіне бермейтінмін. Бірақ шындықты білгенім мені қажетті өзгерістер жасап, рухани адам болуға талпындырды. Бұл оңай болған жоқ, бірақ өзімді бұрынғыдан бақыттырақ сезіндім әрі өмірімнің мәні кірді”.
14 Ал Рейлин есімді филиппиндік әйел бауырластың басқа бір қиындығы болды. Шындықта болса да, оның бар ойы жоғары білім алу мен жақсы жұмысқа тұру болды. Уақыт өте келе рухани мақсаттары ол үшін бұрынғыдай маңызды болмай қалды. Ол былай дейді: “Бірте-бірте мен өмірімде бір нәрсенің жетіспейтінін түсіне бастадым. Ол жұмысымнан әлдеқайда маңызды нәрсе еді”. Рейлин ой қалпын өзгертіп, Ехобаға деген қызметін ең маңызды орынға қоюды шешті. Қазір ол Матай 6:33, 34-тегі Ехобаның уәдесіне сенім артады. “Ехоба мені қамқорлайтынына кәміл сенемін!”— дейді ол. Сіз де қауымыңызда осындай көзқарас танытып жүрген бауырластарды танитын шығарсыз. Мәсіхке адалдықпен еліктеп жүргендерін көргенде, оларды үлгі тұтқымыз келеді емес пе?! (Қорынттықтарға 1-хат 11:1; Салоникалықтарға 2-хат 3:7).
“МӘСІХТІҢ ОЙ-САНАСЫНА” ИЕ БОЛЫҢЫЗ
15, 16. а) Иса сияқты болу үшін не істеуіміз керек? ә) “Мәсіхтің ой-санасы” бізге әсер ету үшін не істей аламыз?
15 Исаға қалай еліктесек болады? Қорынттықтарға 1-хат 2:16-да бізде “Мәсіхтің ой-санасы” болу керектігі айтылған. Ал Римдіктерге 15:5-те біз “Мәсіх Исаның ой қалпын” дамытуға шақырыламыз. Мәсіхке ұқсау үшін оның қалай ойлағанын, не сезінгенін және қалай әрекет еткенін білуіміз керек. Ол бәрінен бұрын Құдаймен қарым-қатынасын ойлаған. Демек, Исаға еліктесек, біз Ехобаға жақындай түсеміз. Сондықтан да Иса сияқты ойлануды үйренгеніміз өте маңызды.
16 Иса сияқты ойлануды қалай үйренсек болады? Шәкірттері Исаның жасаған кереметтерін көрді, қалың жұртқа берген тәлімін тыңдады, әртүрлі адамдарға қатысты қалай әрекет еткеніне және қалай Ехобаның ой қалпын ескеріп өмір сүргеніне куә болды. Олар: “Біз оның... жасаған барлық істеріне куәміз”,— деген (Елшілердің істері 10:39). Бүгінде біз Исаны көре алмаймыз, әрине. Бірақ қолымызда бар Інжілдегі оқиғалар арқылы біз оны өте жақсы тани аламыз. Матай, Марқа, Лұқа және Жохан кітаптарын оқып, ой жүгірткенде, Исаның қалай ой түзгені жайлы көбірек біле аламыз. Бұл бізге “оның ізімен тура жүруге” көмектеседі. Осылайша біз де Исанікіндей “ой қалып таныта” аламыз (Петірдің 1-хаты 2:21; 4:1).
17. Иса сияқты ойланғанымыздың қандай пайдасы бар?
17 Иса сияқты ойланғанымыздың қандай пайдасы бар? Пайдалы тағам жегенде бойымызда күш пайда болатынындай, санамызды Исаның ойларымен толтырғанда рухани күшті боламыз. Сөйтіп, ол әрбір жағдайда қалай әрекет етер еді, соны бірте-бірте біле түсеміз. Сосын Құдайға ұнамды және таза ар-ұждан сыйлайтын дана шешімдер қабылдай алатын боламыз. Бұл “Иса Мәсіхтің қасиеттеріне еліктеуге” келелі себептер емес пе? (Римдіктерге 13:14).
18. Рухани адам болуға қатысты не білдіңіз?
18 Осы мақала рухани адам болудың нені білдіретінін түсінуге көмектесті. Киелі рухтың жетелеуімен жүрген жандардың үлгісінен біраз нәрсеге үйрендік. Сондай-ақ “Мәсіхтің ой-санасына” ие болғанымыз бізге Ехоба сияқты ойлануға және онымен тығыз қарым-қатынаста болуға көмектесетінін білдік. Бірақ үйреніп-білетініміз бұл ғана емес. Рухани күйіміз мықты ма, жоқ па — соны қалай біле аламыз? Рухани күйімізді нығайта түсу үшін не істей аламыз? Рухани адам болғанымыз өмірімізге қалай әсер етеді? Келесі мақалада осы сұрақтардың жауабын білеміз.